Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет220/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Орманды аймақ. (3-тоқсан, 5-тарау). 83-сабақ

Дағды

Оқылым, айтылым

Оқыту мақсаттары

4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Лексикалық минимум

Бу, құтқару, өрт, сарғаю, қашу, ауысу, қылқан, сөндіру

Алдыңғы білім

Теңіз астында

Пәнаралқ байланыс

Жаратылыстану, дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Сөйлесейік» айдарында мұғалім оқушыларға жаңа сабаққа кіріспе ретінде орманның суреттерін көрсетеді, олар орман туралы өз ойларын, не білетіндерін айтады. «Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға бірнеше сөздер беріледі, оқушылар сөздердің қарсы мәндерін тауып айтады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Теңізасты суреттері

Негізгі

«Жаңа сөз үйренейік» айдарындағы тапсырмада мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгертеді. Оқушыларға сөздерді бірнеше рет
қайталатады, сөз тіркестері мен сөйлемдер құруға тапсырма береді.

5 мин

Жеке жұмыс

Оқулық




«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтінмен танысады, мәтінді мұқият оқып шығады. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар мәтіннің мазмұнын түсініп оқығаннан кейін, әр абзацқа сәйкес тақырыптарды анықтайды.
а) Орман – адам мен жануарлар үшін қолайлы орта. ә) Орман өсімдіктері емге пайда.
б) Орманға төнетін қауіп.
в) Орман топырағының құрамы.
Тапсырманы жандандырып, оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында мәтін мазмұны бойынша орманның суретін салғызып, қысқаша мазмұнын айтқызуға да болады. Тапсырма топта орындалады. Тапсырманы орындап болған соң әр топтан екі оқушы шығып, суреттері бойынша мәтінді мазмұндайды. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар таныс емес сөздер
кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну мақсатын жүзеге асырады.

10 мин

Топтық жұмыс

Оқулық, сурет салуға қажетті А4 парағы, түрлі түсті қарын- даштар мен маркерлер






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет