Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет226/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Қоршаған ортаны қорғау


Сабақтың тақырыбы

Табиғат – ортақ үйіміз. (3-тоқсан, 6-тарау). 85-сабақ

Дағды

Айтылым, оқылым.

Оқыту мақсаттары

4.1.2.1 Таныс емес сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну
4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

Лексикалық минимум

Киік, марал, мал дәрігері, сығалап қарау, қорғау

Алдыңғы білім

Қайталау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім сабақты бастағанда оқушыларды жаңа тақырыпқа жетелейтін сұрақтар қояды. Балаларға: «Сендер табиғатқа жиі шығасыңдар ма?»,
«Табиғатқа не мақсатпен шықтыңдар?», «Қандай дала жануарларын немесе құстарын көрдіңдер?» – деген сауалдар қойылып, негізгі тақырыпқа ойысады. Осы орайда орманды аймақта және далалық аймақта ұшырасатын жан- жануарлар туралы сөйлесуге немесе жұмбақ жасыруға болады. Сонымен қатар оқушының үшінші сыныпта алған білімін қайта жаңғырту мақсатымен бұрын танысқан жан-жануарлардың суретін тақтаға магнит арқылы жапсырып, сұрыптату жұмысын тапсыру оқушының сабаққа деген белсенділігін арттырады.

5 мин

Мұғалім-сынып




Негізгі бөлім

Оқушылардың назары келесі кезекте оқулық бетіне аудартылады. Оқулық бетінде «Жаңа сөз үйренейік» айдары бойынша ұсынылған суреттерді пайдаланып, мұғалім жаңа сөздерді таныстырады. Әр сөздің қатесіз айтылуына жете көңіл бөліп, алдымен топта, кейін кіші топта, соңында жеке- жеке оқушыларға айтқызып жаттықтырады.

5 мин

Жеке




Жаңа сөздерді санада берік қалыптасуы үшін мұғалім оқушыларға оқулықта
«Жаттығайық» айдарымен ұсынған тапсырманы орындатады. Егер оқушылардың әлі де болса жаңа сөздерді меңгеруі нашар болып жатса, мұғалім қосалқы тапсырмаларды ұсына алады. Мәселен, мұғалім алдыңғы сабақтардан таныс болған жан-жануарлардың арасына жасырып, тапқызу немесе ол суреттерге сөздерді сәйкестендіру, болмаса әріптері шатасқан атауларды қалпына келтіру сынды тапсырмаларды қолдана алады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар таныс емес сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну мақсатын жүзеге асырады. Оқушылар үшін үй жануарлары мен дала жануарларының төлдерін ажырату қиындық туғызады. Осы орайда бұрыннан таныс «Жануарлардың төлдерін тап!» ойынын ұйымдастырып, жаңа білім ретінде киіктің баласы құралай екенін оқушыға таныстыру орынды болады.

5 мин

Мұғалім-сынып




Оқулықта ұсынылған келесі тапсырма «Көрсетейік және айтайық» айдарымен беріледі. Оқушылар суретке қарап оқитын мәтіні не туралы болуы мүмкін екенін болжайды. Демек, бұл тапсырма оқылымалды тапсырма болып табылады. Оқушы мейлінше оқитын мәтінді оңай қабылдай алатындай жұмыс түрі ұйымдастырылады. Суретпен жұмыстың көптеген түрлерін мұғалім осы тұста кеңінен қолдана алады. Мысалы, «Суреттен көрініп тұрған заттарды атап бер» тапсырмасын беруге болады. Сондай-ақ, «ия» немесе «жоқ» жауабын беретіндей сурет туралы сөйлем оқу. Бұл тапсырма кезінде де сыныптың деңгейіне орай тапсырма түрі таңдалады.

8 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар




«Оқиық және жауап берейік» тапсырмасын орындауда оқушылардың айтылым дағдысы қоса қалыптасады. Мұғалім оқулық бетіндегі мәтіннің бетін ақ парақпен жабуға нұсқау береді. Балалар оқылатын мәтіннің абзацтарын біртіндеп ашып отырып оқиды. Әр абзац соңында сұраулы сөйлемдер берілген, оқушылар осы сұрақтың жауабын болжап айту арқылы ой бөліседі, келесі абзацты оқу арқылы өз болжамдарының дұрыс немесе бұрыс болғанына көз жеткізеді. Осылайша түгел мәтін болжау стратегиясы арқылы оқылады. Оқылым аяқталғаннан кейін, мұғалім оқушылардың назарын «атакәсіп» сөзіне аударады. Оның мағынасын түсіндіріп, осындай кәсіп оқушылардың отбасында да болуы мүмкін екендігін тілге тиек етіп сұрайды. Осы орайда мамандықтар тақырыбында алған білімін оқушылар қолданып сөйлейтін болады. 4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну оқу мақсаты игертіледі.

7 мин










«Назар аударайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар «атакәсіп дегеннің не екенін түсінеді.». мұғалім оқушыларға мысалдар келтіру арқылы осы сөздің мағынасын түсіндіреді.















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет