Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет230/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Сабақ бойында қандай тапсырманы орындауға қиналғанын, қандай тапсырманы орындау оңай болғанын талқылайды. Оқушылар тарапынан түскен ұсыныстарды келесі сабақтарда ескеру мақсаты көзделеді. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға мұғалім алғыс білдіреді.

3 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

  2. Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны

бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау

Дескрипторлары

  • Тыңдаған мәтіні боынша сұрақ құрастыра алады, қойылған сұраққа жауап бере алады.

  • Кестені нақты мәліметтермен толықтыра алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет