Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет259/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Сен, білесің бе?» айдарында оқушыларға дүниетанымдарын кеңейту мақсатында тың деректер ұсынылады. «Бозторғайлар тек Антарктидада ғана кездеспейді. Олар жәндіктермен және өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бозторғай тыныштықты сүйетін құс» деген мәліметтер
оқушы білімін молайта түседі.

5 мин

Мұғалім - сынып

Оқулық

«Тыңдайық және оқиық» айдарында оқушыларға жұппен жұмыс ұсынылады. Екі көрші жұп болып А және Ә оқушыларына бөлініп, мәтіндерін біріне-бірі оқиды. А оқушы өз мәтінін оқыған сәтте Ә оқушы өзіне бөлінген мәтінін толықтырады. Ал В оқушы оқыған сәтте, А оқушы өз мәтінін толықтырады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар өзінің мәтінінен өзге мәтінді ақ парақпен жауып отырады. Тек өзіне ғана тиесілі мәтінмен ғана жұмыс істейді. Осы тапсырма бойынша ұсынылған А оқушысының мәтінінде бар мәлімет В оқушысының мәтінінде болмайды, керісінше В оқушысының мәтініндегі ақпарат А оқушысында әдейі берілмейді.
Мұғалім оқушыларды смайликтер ұсыну арқылы бағалайды.

3 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық Аудио- диск

«Оқиық және жауап берейік» айдарында оқушылар сұрақтарға жауап береді.

  1. Бозторғайды біз кейде қалай атаймыз?

  2. Қазақстанда бозторғайдың неше түрі бар?

  3. Бозторғай ұясын қайда салады?

  4. Бозторғай қандай жерлерде мекен етеді?

  5. Бозторғай немен қоректенеді?

7 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.
Сынып

Оқулық

«Есте сақтайық!» айдарында топтау сан есімнің жазылуы мен айтылуына және қолданысына ерекше мән беру көзделеді.
Мысалы: Бозторғайлар екеуден немесе алтаудан жұмыртқа салады. Бозторғайлар екі-екіден немесе алты-алтыдан жұмыртқа салады.

7 мин

жұптық Жұпт.ж. Сынып

Оқулық

«Көрсетейік және айтайық» айдарында суретке қарап, құстар мен
жәндіктер нешеуден топтасқан екенін түсіндіріп айтады. Үлгі ретінде :
«Қоқиқаздар екі-екіден тұр.
Аққулар үнемі екеуден жүреді» сөйлемдері көрсетіледі. Оқушылар бір-бірін «бағдаршам» әдісімен бағалайды.

3 мин

Жеке жұмыс
(4 оқушы)

Бағдар- шам суреттері

Қор. бөлім

Сабақ соңы «Екі жұлдыз – бір тілек» бойынша бағаланып, қорытындыланады. Мұнда алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз,
содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз.

4 мин

Сынып- мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері



  1. Тындаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

  2. Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не

үшін?) құрастыру және оған жауап беру

Дескриптор

анықтайды.

  • Кейіпкер мен оқиғаға баға беру үшін нақтылау сұрақтарын қоя біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет