Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет323/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Тыңдалым мәтіні:
Тыңда және жауап бер.
Диалогті тыңда. Сөздермен толықтыр.

  • Сұңғат, дүкенге тапсырыс бердің бе, балам.

  • Иә, анашым, тапсырыс беріп жатырмын, ақпарат өңделіп жатыр, жауап күтіп отырмын.

  • Ғажап, сонда сендер дүкенге бармайсыңдар ма?

  • Жоқ, қазіргі заманда адам дүкенге бармайды ғой. Бізге тапсырыс бойынша тамақты әкеліп береді. Көлік тұрағының қасында әр пәтерге арналған жәшік бар. Сол жерге тауар түскенде бізге дыбыстық хабарлама келеді.

  • Иә, адамдар да, заман да – бәрі өзгерген. Бірақ маған ұнайды. Өзгеру бұл даму емес пе? Керемет.

3 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

Келесі «Ойланайық» айдарында берілген мәндес сөздерді орынды анықтау тапсырылады. Оқушылар сөздердің мағынасына мән беріп, мәндес сөздерді табады. Егер оқушылар үшін әлі де болса жаттығу жұмыстарын орындату қажеттігі белгілі болып жатса, мұғалім өз тарапынан құрастырған
тапсырмаларын оқушыларға бере алады.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. ж.

Оқулық

«Жаттығайық» тапсырмасы оқушыларға берілген үлгіні пайдаланып, сөйлем құрап жазуды жүктейді. Ол үшін төмендегідей үлгіні ұсынады: Бұрын ғарышкерлер ғарышқа кептірілген тағамдар алып жүрді. Ал қазір
ғарышкерлердің тағамдарын арнайы сықпаға салады.

7 мин

жұптық Жұпт.ж.

Оқулық

Бұнда оқушы жұпта талқылап жазылым алдындағы әзірлікті жүзеге асырады. Бұл жерде «Ойды жалғастыр» ойынын ұйымдастырып, балаларды шапшаң ойлап, сөз саптауға баулу жұмыстарын оздыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет