Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет34/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Өз туым (жоба). (1-тоқсан, 1-тарау)
6-сабақ

Дағды

Тыңдалым мен айтылым

Оқыту мақсаттары

4.1.3.1 Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемдерді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте
толтыру/ кластер құрастыру

Лексикалық минимум

Пішін, дөңгелек, ортасында, оң жағында, сол жағында

Алдыңғы білім

Ойын ойнаймыз

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қарым- қатынас

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Оқулықтағы кіріспе тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы оқушылар бүкіл сыныппен орындайды. «Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушыларға әртүрлі пішіндер көрсетілген. Мұғалім жаңа сөздерді бірнеше рет қайталатып, атауын жаттатады. Оқушы жаттаған сөздерінің мағынасын терең ұғынулары үшін мұғалімнің түрлі ойындарды ұйымдастыруына болады. Мәселен, түрлі көлемдегі пішіндерді сипап сезу арқылы атап беру немесе санату, пішіндерді қолданып сурет салғызу сынды тапсырмаларды орындатып, оқушылардың
білімін тереңдетуді мұғалім жүзеге асыра алады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Әртүрлі пішіндер






«Жаттығайық» тапсырмасы бойынша оқушылар сол жақтағы және оң жақтағы пішіндерді салыстырады. Мұғалім оқушыларға оң жақ және сол жақ туралы мысалдар арқылы көрсете отырып түсінік беруі керек. Бұл жерде ТКО жаттығуын орындатуға да болады (Тыңдау-көру-орындау) яғни мұғалім көрсетеді, оқушылар тыңдап, қайталап орындайды.
Осыдан кейін барып оқушылар оң мен солды ажыратып алғаннан кейін оқулықтағы жаттығуды орындауға болады. Қайсысы көп?

7 мин







Негізгі бөлім

«Салыстырайық» тапсырмасы бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сары түсті дөңгелектер қайда тұр? Көк түсті дөңгелектер қайда тұр? – деген сауалдар төңірегінде ойланып, меңгеруге тиіс жаңа сөз мағынасын санада бекітеді.
Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар ортасында, оң жағында, сол жағында деген сөздердің мағынасын анық түсінетіндей дәрежеге қол жеткізеді. Бұл тапсырманың да көлемі аздау болып жатса, оқушылар үшін жеткіліксіз болып жатса, мұғалім өз тарапынан басқа да тапсырмаларды қоса алады. Мысалы, түрлі сурет ішінде сурет салып, пішіндердің қайда тұрғанын айтқызу немесе оқушылардың өздерін пішін рөлінде ойнатып, сызылған сызықтардың немесе суреттердің ішіне немесе сыртына орналасуларын бұйырып («дөңгелектер, бақшаның ішіне еніңдер», «үшбұрыштар, бақшаның сол жағына орналасыңдар» т.б.), сияқты ойнату өте тиімді болып табылады.
«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап береді. Елтаңбаның қандай екенін, онда не бейнеленгенін айтады. Тудың пішінінің қандай екенін, не бейнеленгенін айтады.
Оқушылардың айтылым дағдысы дамиды.

5 мин

Жеке жұмыс

Рәміздердің суреттері



«Тыңдайық және жауап берейік» айдарындағы а) тапсырма оқушының логикалық қабілетінің дамуына ықпал етеді. Бұл тапсырма алдыңғы игерілген білім мен жаңа түсінікті жетілдіру, мәтіннің мазмұнына қаншалықты сәйкес келтіре алатындығын дамытуға негізделген. Оқушылар өз беттерінше осы тапсырманы орындап болған соң, әр жұпқа бір дұрыс жауап парағы үлестіріліп, оқушылар өзара бір-бірінің жауаптарын дұрыс жауаппен салыстырады.
Дұрыс жауап парағы
Қазақстан Республикасының Мемлекттік Елтаңбасында көк және сары түс бар. Елтаңбаның пішіні – дөңгелек. Бұл мәңгілік өмірді бейнелейді. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақ сөзі «ортақ үй» деген мағынаны білдіреді. Шаңырақтың оң жағында және сол жағында қанатты тұлпар бейнеленген. Тұлпар – адалдықтың, достықтың символы.
ә) Оқушылар берілген сұрақтарды басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік Туды сипаттайды. Тапсырма жазбаша орындалады.

  1. Қазақстанның Туында қандай түстер бар?

  2. Тудың пішіні қандай?

  3. Тудың ортасында не бейнеленген?

  4. Қыран қай жерде тұр?

  5. Ою-өрнек тудың қай жерінде орналасқан?

Осы тапсырма аясында 4.1.3.1 тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемдерді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/ кластер құрастыру оқу мақсаты жүзеге асады.

8 мин

Мұғалім-сынып



Аудиодиск Оқулық.
Дұрыс жауап парағы




«Сөйлесейік» айдарындағы оқушылар диалогті толықтырып, жұбымен сөйлеседі. Оқушылар Медет пен Динаның арасындағы диалогті ары қарай жандандырады.
Мұғалім оқушылардың диалогті әрі қарай өрбітулеріне қарай
оқушыларды бағалайды. Оқушылар «Басбармақ» әдісі бойынша бағаланады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар
жазылған қима парақшалар



Қорытынды бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет