Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет42/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар жақшаның ішіндегі сөздерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап береді.

  1. Балалар қайда ойнап жүр?

  2. Мәшине қайда кетіп барады?

  3. Өзен қайда ағып жатыр?

ә) Сөйлемді оқы, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

  1. Ауылдың ішінде мәшине қатты жүрмейді.

  2. Әділ ауылдың сыртында доп ойнап жүр.

  3. Ауылдың айналасында өзендер мен көлдер бар. Тапсырма ауызша топта орындалады.

8 мин

Мұғалім-сынып

Сұрақтар мен сөйлемдер



«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасы оқушының өз ойын еркін жеткізуге, сөздік қорын молайтуға, айтылым дағдысын дамытуға арналған. Оқушылар сурет бойынша не көріп тұрғанын айтып береді. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Дәл осы тапсырманы тереңдете түсу үшін оқушылардың өздеріне де сурет салдыртып, көмекші сөздерді қолданып, бір-біріне сипаттап
беруді тапсыруға да болады.

3-5 мин

Мұғалім-сынып




«Оқиық және жауап берейік» жаттығуы оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған. Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап береді, жауабын мәтіннен табады. Берілген уақыт аясында оқушылар оқылым материалын шолып, дауыстап оқып шығады. Мұғалім оқушыларға оқулықтағы танымдық ақпаратты жеке оқуларын сұрайды. Оқушылар мәтінді (шолып, дауыстап) оқып болған соң, мұғалім бүкіл сыныпқа тез, мәнерлеп оқуды көрсетеді. Мәтіннен оқығандарын қайта қарауға және алынған білімді қолдануға ықпал ететін тапсырма береді. «Төртбұрыштағы суреттер» әдісімен әр топ мәтінді мазмұндайды және оны иллюстрациялайды. Тапсырманы орындап, өз постерлерін ортаға ұсынады. Сыныпта бұл тапсырманы орындау барысында талғамы бар, сурет салуға бейім тұлғалар анықталады. Бұл стратегия нағыз шығармашылық жұмысқа бағытталған, себебі оның мақсаты тек әңгімелеу емес, әңгіме барысын иллюстрациялау, яғни сурет салуы керек. Мәтіннің соңында берілген сұрақтарды топ ішінде талқылып, әр топтан бір жауап айтса болады.
Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайы.

8 мин

Жеке ж.
Сынып

Төрт
бұрыштағы суреттер
Иллюстра- циялауға арналған парақтар




«Сөйлесейік» тапсырмасын орындауда оқушылар жұпта жұмыс істейді. Оқушылар сұрақтарды оқып, бірге талқылайды, пікір алысады. 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға арналған сұрақтар (неліктен?, не үшін?) құрастыру және оған жауап беру оқу мақсатын жүзеге
асыру мақсаты орындалады.

3 мин

Жұптық жұмыс

Жұптық жұмыс






Қорытынды бөлім

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға тірек сөздер беріледі. Оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып, бүгінгі
тақырып туралы әркім жеке әңгімелейді. Мұғалім бұл мақсатты
жүзеге асыру үшін «Бір минут ішінде» әдісін қолданады. Әр топқа кеспе қағаздарға тірек сөздер жазылып үлестіріледі. 4.2.2.1 берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру оқу мақсаты жүзеге асады.
Тірек сөздер: ауылдың сыртында, қаланың ішінде, өзеннің қасында, суға шомылу, көпірдің астында, балық аулау, ауылдың айналасында. Рефлексия
Мұғалім сабақ соңында оқушының өзін қалай бағалауын байқау мақсатында кеменің суретін таратып, білімдерін бағалайды. (Кеменің суреті)

  • Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, кемеңді жасыл түске боя.

  • Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, кемеңді сары түске боя.

Егер сен сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,
мұғалімнің көмегі қажет болса, кемеңді қызыл түске боя.

3-4 мин

Жеке жұмыс

Тірек сөздер
жазылған қағаз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет