«Ойланайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған. Оқушылар сөйлемдерді оқиды да мағынасына қарай екі топқа бөледі. Оқушылар мұғалімнің көмегімен алыс/жақынды ажыратады. Мұғалім өзінің дауыс интонациясымен оқушыларға алыс пен жақынды ажырата білуге көмектеседі. Дұрыс жауабы мынадай
болады.
|
5 мин
|
Жеке жұмыс
|
Оқулық
|
|
Жақында
|
Алыста
|
Міне, менің тұлпарым. Міне, менің үйім.
Мынау – менің туым.
Мынау – менің суретім.
|
Анау – менің ағашым. Анау – менің бақшам. Әне, менің көршім.
Әне, менің мектебім.
|
«Есте сақтайық!» айдарындағы тапсырма оқушының есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған. Тапсырманы бүкіл сынып бірге орындайды. Интербелсенді тақтадан оқушыларға тәуелдік жалғауының ережесі көрсетіледі. Мұғалім ережені қолданыстық тұрғыдан мысал келтіру арқылы түсіндіреді. Біріншіден, мұғалім оқушыларға менің, сенің, сіздің, оның деген есімдіктерді меңгертеді. Екіншіден, жалғауларға назар аударылады. Менің сөзінің тек қана -ым,-ім,-м жалғауымен тіркесетінін мысал келтіру арқылы түсіндіреді. Менің ауылым, менің үйім, менің інім т.б. Дәл сол сияқты келесі жақтағы сенің, сіздің оның жалғауларын да мысал келтіру, оқушыларға ауызша қайталату арқылы меңгертеді. Мұғалім жалғау дұрыс жалғанбаған жағдайда сөздің байланысының дұрыс
болмайтынын ескертеді. Мысалы: менің үй, ауыл, дос т.б.
|
5 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Тәуелдік
жалғауының ережесі
|
«Назар аударайық» тапсырмасы оқушылардың басты назарды неге аудару керек екеніне бағытталған. Мұғалім оқушыларға тәуелдік жалғауы жалғанғанда белгілі әріптердің өзгеріске ұшырайтындығын түсіндіреді.
П-б мектеп-мектебім
к-г дөңгелек-дөңгелегім қ-ғ қонақ-қонағым
|
3 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Өзгеріске ұшырайтын әріптердің ережесі
|
«Жаттығайық» жаттығуы меңгерген ережені практикада қолдануға бағытталған. Оқушы осы тапсырманы орындау арқылы ережені түсінеді. Оқушыларға бірнеше сөздер беріледі, оқушылар берілген сөздерді тәуелдейді. Тапсырма жазбаша топпен орындалады.
Және үлгіні қолдана отырып, сөздермен сөйлем және сұрақ құрастырады. Тапсырма ауызша орындалады.
Үлгі: Менің досым бар. Сенің досың бар ма?
|
5 мин
|
Жеке ж.
Сынып
|
Оқулық
|
|
«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасын орындауда оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Бұл тапсырмада оқушылар қажетті сөздерді қолдана отырып, ауыл туралы айтады. Тапсырма ауызша орындалады. Оқушылардың логикалық ойлауын, сөйлеуін жетілдіруге бағытталған. Осы тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушылардың тірек сөздерді дұрыс қолдануына назар аударады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды, мадақтау сөздерін айту арқылы бағалайды. 4.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде
қолдану оқу мақсаты игертіледі.
|
5 мин
|
|
Оқулық
|
|
Мұғалім оқушыларды жазылуы мен айтылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландырады.
Бұлдырты - Бұлдұрты Құлын - құлұн
4.4.5.1 мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында
айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу оқу мақсаты орындалады.
|
8 мин
|
|
Жазылуы мен айтылуында
айырмашылығы
бар сөздердің ережесі
|
Қорытынды бөлім
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |