Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет53/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Сүйікті қаламыз. (1-тоқсан, 1-тарау)
13-сабақ

Дағды

Айтылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.5.1.1 Септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану
4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог
құру

Лексикалық минимум

Мейрамхана, қонақүй, аялдама, сауда үйі, көлік тұрағы, спорт сарайы,
алаң

Алдыңғы білім

Менің бөлмем

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушылардың назарын жаңа сөздерге аударады. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар жаңа сөздерді «Сәйкестендіру» әдісі арқылы меңгереді. Жаңа сөздерді суреттермен сәйкестендіреді. Суреттер нөмірленіп беріледі. Оқушылар жаңа сөздердің қасына нөмірлерін көрсетеді. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуын есте сақтау
үшін сөздерді бірнеше рет қайталайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөздер жазылған
флипчарт, суреттер, түрлі түсті маркерлер

Негізгі бөлім

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар берілген сөздер мен сөз тіркестерін құрастырады. Оқушылар «дұрыс /бұрыс»
әдісін пайдаланады. Бұл әдіс арқылы оқушылар дұрыс пен бұрысты ажырата біледі, логикалық ойлауы қалыптасады, оқушыларға
дұрыс және бұрыс құрастырылған бірнеше сөз тіркестері беріледі.
Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Жақсы!»,
«Тамаша!» сияқты мадақтау сөздерімен мадақтайды.

5 мин

Жеке жұмыс

Дұрыс/ бұрыс
кестесі сызылған парақшалар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет