Сабақтың тақырыбы
|
Менің отбасым. (1-тоқсан, 1-тарау)
14-сабақ
|
Дағды
|
Оқылым және грамматика
|
Оқыту мақсаттары
|
4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және жауап беру
4.5.1.4 Септік/жіктік формаларындағы жіктеу есімдіктерін және септеулік
шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану
|
Тілдік міндеттер
|
Қыдыруға шығу, дәмді, салқын
|
Алдыңғы білім
|
Сүйікті қаламыз
|
Пәнаралық байланыс
|
Өзін-өзі тану, математика
|
Сабақтың барысы
|
С.кезең
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
Алғашқы тапсырма сабаққа кіріспе ретінде берілген, оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы бүкіл сынып орындайды. Мұғалім интерактивті тақтадан оқушыларға отбасы мүшелерінің суреттерін көрсетеді, сурет бойынша отбасы мүшелері туралы бұрынғы қалыптасқан білімдерін пайдаланып, отбасы мүшелерін атайды. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Неліктен мен сендерге осы отбасы мүшелерінің суретін көрсетіп отырмын, қалай ойлайсыңдар? – деп, оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын болжатады. Оқушылар тақырыпты болжаған соң мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіреді. Бүгінгі сабақтың жаңа сөздерімен таныстырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |