Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет54/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Ойланайық» айдарындағы тапсырманы орындауда құраған сөйлемдердің ішінен «кімнің?», «ненің?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап. Үлгі: Мейрамхананың іші өте кең. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар «кімнің?/ненің?» сұрағына жауап беретін сөздерді ажырата алады. Тапсырма топпен орындалады. Оқушылар бір-бірін бағалайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық


«Есте сақтайық!» тапсырмасын орындауда мұғалім ілік септігінің
«Кімнің? Ненің?» жалғауларын қолданыстық тұрғыдан меңгертеді.
«Кімнің?» сұрағы адамға қатысты атауларға, «Ненің?» сұрағы басқа заттарға қойылады. Мысалы: Айгүлдің, Асқардың, Сашаның, Ираның, ал заттарға аялдаманың, жолдың, мейрамхананың, қонақүйдің, көліктің.
Тақтадағы флипчартқа оқушылар екі бағанға сөздерді жылдам
орналастырып шығады.

3 мин

Мұғалім-сынып

Сөздер жазылған түрлі түсті қима қағаздар




Кімнің?

Ненің?











Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

Мейрамхананың іші салқын







Алды көлік тұрағының кең







Спорт сарайының артында мектеп тұр







Таза емес айналасы алаңның







Қонақүйдің жанында адамдар жүр







Сауда үйінің алдында мәшине тұр















«Жаттығайық» тапсырмасы: көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазу. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың ілік септігі туралы білімдері бекиді. Оқушылар сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғау арқылы ілік септігінің жалғауларын үйренеді. Тапсырма жеке жазбаша орындалады. Мұғалім оқушыларды тақтаға шақырады. Тапсырманы тақтаға жазады. Тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардың назарын ережеге аударады. Осы сөздерге ілік септігінің жалғауы жалғанғанда сөздердің қалай өзгеретінін түсіндіреді.
Назар аудар! Мен-менің Сен-сенің
Ол-оның
а) нұсқасында оқушылар «Ненің?» деген сұраққа жауап беретін сөздерге қосымша жалғайды. ә) нұсқасын орындауда «Кімнің?» деген сұраққа жауап беретін сөздерге қосымша жалғайды.
Оқушылар көп нүктенің орнына керекті қосымшаларды қойып оқиды. Осы тапсырманы орындау барысында 4.5.1.4 Септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану оқу мақсаты игертіледі. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі
бойынша бағалайды.

7 мин

Топтық жұмыс

Оқулық




«Ойланайық» тапсырмасын орындауда оқушылар суретке қарап ереже шығарады. Оқушылардың ережені меңгерулері, есте сақтаулары, ойлау дағдылары дамиды. Ережені бір-бірлеріне
айтып, дұрыс/бұрыс екенін тексереді.

5 мин










«Анықтайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға оқулықтағы қаланың картасы ұсынылады. Оқушылардың назары кітаптағы суретке аударылады. Оқушылар осы картаға қарап, ненің қайда орналасқанын айтады. Берілген сөйлемдердің дұрыстығын тексереді. Бұл тапсырманы орындауда оқушылардың қызығушылығы артады, логикалық ойлауы дамиды, көру арқылы есте сақтау қабілеті дамиды. Оқушылар мұғалімнің көмегімен сурет бойынша қай сөйлемнің сәйкес екендігін табады. Сондай-ақ оқушылардың осы тапсырманы орындауы арқылы көмекші есімдер
мен ілік септігінің жалғаулары туралы түсініктері кеңиді.

5-7 мин

Топтық жұмыс

Оқулық – қаланың картасы




Қорытынды бөлім

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға шашыраңқы түрде ілік септігінің жалғаулары беріледі.

  1. Оқушылар берілген сөздерді тиісті жалғаумен сәйкестендіреді.

Мейрамхана көлік тұрағы
сурет -дың
аялдама -дің
сарай -тің
сауда орталығы -ның
алаң -нің
мектеп -тың
күн

  1. Мұғалім оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша жетелеу сұрақтарын қояды:

  1. Қала қандай?

  2. Қалада нелер бар?

Тапсырма ауызша орындалады. Оқушылар бүгінгі сабақтан білген білімдерін қорытып, қалада нелер бар екенін айтып шығады.
Саралау тапсырмасы. Білім деңгейі жоғары оқушыларға Венн диаграммасы ұсынылады. Оқушылар қала мен ауылды салыстырады және екеуіне ортақ нәрселерді де жазып шығады. Тапсырма топта орындалады. Қала мен ауылды барынша жақсы салыстыра білген оқушылар «Шапалақ» әдісімен бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет