«Жаттығайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың көру және айту арқылы есте сақтауын дамытуға бағытталған. Оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы қай заттың қай бөлмеде тұратынын айтып береді. Тапсырма оқушының айтылым дағдысын жетілдіреді. Сұрақтардағы айтылатын заттар әр үйде бар болғандықтан, балалар үйлеріндегі затты естеріне түсіру үшін көз алдына елестете отырып айтады. Бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін
«Ұшақ» әдісін қолдануға болады. Мұғалім сынып ішінде қағаздан жасалған ұшақты ұшырады. Ұшақ кімнің алдына түссе, сол оқушы сұраққа жауап береді.
Сендердің үйлеріңде кереует қай бөлмеде тұрады?
Сендердің үйлеріңде теледидар қай бөлмеде тұр?
Сендердің үйлеріңде тоңазытқыш қай бөлмеде тұр?
Сендердің үйлеріңде айна қай бөлмеде тұр? Тапсырма ауызша орындалады. Мұғалім оқушылардың тәуелдік жалғауын дұрыс айтуын қадағалап тұрады. Мұғалім оқушыларды мұқият
«Есте сақтайық!»– оқушыларға тәуелдік жалғауының көпше түрі қолданыстық тұрғыдан түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға тәуелдік жалғауының жекеше түрі мен көпше түрін салыстыру арқылы түсіндіреді.
Менің – біздің сіздің – сіздердің
Сенің – сендердің оның – олардың
Мұғалім оқушыларға тәуелдік жалғауының көпше түрін меңгертуде алдымен көптік жалғауы, содан кейін тәуелдік жалғауы жалғанатынын түсіндіреді, мысалдар арқылы көрсетеді,
қайталатады.
Осы тапсырманы орындау барысында 4.5.1.2көптік/тәуелдік /септік/жіктікжалғаулысөздердіауызша/жазбашатілдеқолданумақсаты жүзеге асырылады.
«Жаттығайық» тапсырмасы жеке орындалады. Оқушылар тәуелдік жалғауының көпше түріндегі қосымшаларды сөздерге жалғап, практика жүзінде жұмыс істейді. Бұл тапсырма жазбаша орындалады. Оқушылар тақтаға шығып, оқулықтағы берілген сөйлемдерді жазады. Мұғалім оқушыларды бақылайды,
оқушылар бір-бірін бағалайды.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
«Ойланайық» тапсырмасы оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған. Оқушылар оқулықтағы суретке назар аудара отырып, ереже құрастырады. Тәуелдік жалғауының көпше түрін естеріне түсіреді. Өз түсініктері бойынша айтып
береді, мысалдар келтіреді.
5 мин
Жеке жұмыс
«Жаттығайық» тапсырмасын орындауда оқушылар тәуелдік жалғауының көпше түрін тәжірибеде көрсетеді. Бұл тапсырма
«Суреттерді сөйлет» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушыларға бірнеше сөйлемдер беріледі. Сөйлемдердің ішінде суреттер қойылған, оқушылар суреттердің орнына сөздерді қойып, оған қосымшаларды жалғап айтады. Тапсырма топта орындалады. Оқулықтағы сөйлемдерді топтарға бөліп беруге болады.
Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.