«Жаттығайық» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушылардың айтылым дағдысы дамиды, отбасы туралы түсініктері кеңейеді, сөздік қорлары молаяды. Мұғалім оқушыларға үлгі береді. Оқушылар үлгіні пайдаланып, өз мысалдарын айтады. Әр топқа әртүрлі үлгілер таратып беруге болады. Әр топтар өз үлгілері бойынша сөйлейді.
Үлгі: Менің қарындасым. Менің қарындасымның ролигі.
Менің әкем. Менің әкемнің мейрамханасы. Менің атам. Менің атамның досы.
|
2-5 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Отбасы мүшеле- рінің суреттері
Айтылым тапсырмасына
арналған суретті сөйлемдер үлгісі
|
|
«Оқиық» айдарындағы тапсырма оқушының зейін қойып оқу дағдысын дамытады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар бір-бірін тыңдап, мәтіннің мазмұнын түсінеді. «Олжастың отбасы» мәтінін «Айқайлап оқу» әдісі бойынша оқиды. Бірінші – бір топ, содан кейін келесі топтар оқиды. Бір топ мәтінді айқайлап оқып жатқанда келесі топтар мұқият тыңдап отырулары керек. Осы арқылы оқушылар ерікті зейінді қалыптастырады әрі өмірге бейімделеді.
|
7 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Оқулық
|
«Оқиық және жауап берейік» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Мәтін соңы жұмыс ретінде оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру үшін
«Сұрақты қағып ал» әдісін пайдаланады. Мұғалім оқушыларға сұрақты лақтырады. Сұрақты кімге лақтырса, сол сұрақты қағып алған оқушы сұраққа жауап береді.
Олжастың отбасында қанша адам бар?
Бүгін таңертең Олжастың отбасы қайда барды?
Олжастың анасы мен әжесі қайда?
Олжастың атасының қасында кімдер бар?
Олжастың әкесі қай жерде отыр?
Олжастың кіші інісі қайда?
Олжастың қарындасында не бар?
Олжастың отбасы қайда барып тамақ ішті?
Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау барысында 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру
және жауап беру мақсаты жүзеге асырылады.
|
5-7 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Сұрақтар жазылған
умаждалған қағаздар
|
|
«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар кестеге сүйеніп, сұрақтарға жауап береді.
а) «Кестені толтыр» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтінді тағы бір рет оқып шығып кестені толтырады.
Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар септік жалғауларын қайталайды, қолданыстық тұрғыдан түсіне алады.
ә) тапсырмада оқушы өз отбасының суретін салады және оны
досына таныстырады. Оқушы өз отбасының суретін салып, досына таныстыру арқылы өз отбасы туралы айтады. Бұл тапсырма оқушының қисынды ойлауын, қиялын, сөйлеу дағдысын
жетілдіруге бағытталған және оқушының қызығушылығын тудырады.
Осы тапсырманы орындау барысында 4.3.1.1 мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/ белгі қойып оқу және 4.3.2.1 оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын
жоспар негізінде жазу мақсаттары қосымша жүзеге асырылады.
|
7 мин
|
Жеке жұмыс
|
Оқулық
|
Қорытынды бөлім
|
Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында мұғалім оқушыларға рөлдік ойын ұсынуына болады. Оқушылар 3 сұрақ 3 жауаптан тұратын жұптық жұмыс істейді. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып жауап беру арқылы өз отбасы және жұбының отбасы туралы
сұхбаттасады. Бұл оқушының ойлауын, сөйлеуін дамытады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |