Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет58/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Рефлексия




3-5 мин

Сынып-мұғалім




Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау

Бағалау критерийлері

  1. Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және жауап беру

  2. Септік/жіктік формаларындағы жіктеу

есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескрипторы

  • Өзге адамның отбасы туралы айтып бере алады.

  • -ның/-нің/-дың/-дің/-тың/-тің/-да/-де/-та/-те/-нде/- нде жалғауларын қолданып сөйлей алады.

Қосымша ақпарат


Қайда?

Кімде? Неде?

Кімнің?

Ненің?


















Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпаратты алдым?




Сабақтың тақырыбы

Шегарашы. (1-тоқсан, 1-тарау)
15-сабақ

Дағды

Оқылым және грамматика

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
4.5.1.2 Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша
тілде қолдану

Лексикалық минимум

Шегара, шегарашы, күзет, отан

Алдыңғы білім

Менің отбасым

Пәнаралық байланыс

Дүнетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы

С.кезе

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыт

Қар.қа т

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Тапсырма сабаққа кіріспе ретінде оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырманы бүкіл сынып орындайды. Мұғалім интерактивті тақтадан оқушыларға Қазақстан Республикасының картасы шегарасын қызыл түспен белгіленген (шегара екенін анықтау мақсатында) көрсетеді және шегара күзетуші солдаттың да суретін көрсетуге болады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Балалар, сендер не және кімді көріп тұрсыңдар?». Оқушылар өз білгендері бойынша мұғалімнің сұрағына жауап береді.
«Ойланайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар суреттерді сөздермен сәйкестендіреді. Жолдорба, мылтық, дүрбі және иттің суреті көрсетіледі. Оқушылар бұрынғы білімдерін қолдана отырып, суретті сөзбен сәйкестендіреді. Кейбір сөздерді сәйкестендіре алмаса, мұғалім көмектеседі.

3-5 мин

Мұғалім-сынып

Шегарасы қызыл түспен
белгілен- ген Қазақстан Респуб- ликасының картасы

Негізгі бөлім

«Анықтайық» тапсырмасын орындауда мұғалім оқушыларға мұғалімнің, дәрігердің, ұшқыштың, шегарашының суретін көрсетеді де оқушылардан сұрайды: алдындағы көрсеткен суреттердегі заттар осы суреттердің қайсысына сәйкес? (Оқушылар жауап береді). Мұғалім оқушыларға:
«Қалай ойлайсыңдар, балалар, бұл суреттің барлығын не үшін көрсеттім? Бұл қандай тақырыппен байланысты деп ойлайсыңдар?» – деп жетелеу сұрақтарын қояды. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырады.

5 мин




Шегара- шының, ұшқыш- тың
дәрігердің, мұғалімнің суреттері

Негізгі бөлім

Мұғалім оқушыларды жаңа сөздердің мағынасымен таныстырады. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Сөздерді жеке емес, олардың қызметі мен мағынасы сөйлеуде және сөйлемде анық көрінетіндей мысалдар келтіреді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, ыңғайына қарай жаңа сөздерді көбірек қосып отыруларына дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді.
Кең, үлкен – ұлан-байтақ, аймақ – өлке, жазылуы айтылуы
қалың – ну, көмектесу – қолғабыс ету,
өсу – ержету, хат жіберу – хат жолдау, шегара шегара
тыңшы, қылмыскер, қауіпті адам – жансыз.
Мұғалім оқушылардың жауаптарына қарай толықтыру, түзету, білімін жандандыру мақсатында кері байланыс орнатады, оқушылар бір-бірін
«Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.
Тапсырманы орындау барысында 4.2.6.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту мақсаты жүзеге асырылады. Оқушыларға Кімді? Нені? сұрағына жауап беретін сөздерден мысалдар келтіріп, ережені қолданыстық тұрғыдан меңгертеді.
«Есте сақтайық!» айдарындағы тапсырма оқушының септік жалғауларын қолданыстық тұрғыда меңгеруіне бағытталған. Оқушылардың назары ережеге аударылады. Оқушылар ережені басшылыққа ала отырып, өздері таңдаған сөздерге жалғаулар жалғап, сұрақ қояды. Тапсырма топта орындалады. Әр топ өздеріне жеке сөздер таңдап алады.

5 мин




Жазылуы мен айтылуын- да
айырмашы лығы бар сөздердің
ережесі




5 мин

Мұғалім-сынып

Ереже
жазылған кесте









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет