Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет44/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Менің ауылым. (1-тоқсан, 1-тарау)
10-сабақ

Дағды

Грамматика және жазылым

Оқыту мақсаттары

4.4.5.1 Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу
4.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату,
ауызекі және жазба тілде қолдану

Лексикалық минимум

Әне, міне, анау, мынау, тану

Алдыңғы білім

Ауылдың сыртында

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, әдебиет

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім 1-тапсырмада берілген жаңа сөздерді сөздіктің көмегіне жүгініп аудартады, бірнеше рет қайталатады. Ондағы мақсат – оқушыларға
«Сөздікті» таныстыру, оны қолдануға үйрету. Одан әрі оқушыларға мұғалім жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертеді. Меңгерген сөздерінің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа сөзді қолдану дағдысын қалыптастырады. Ол үшін мұғалім тақтаға суреттерді (қыздың екі қолын екі жаққа жайып, «Міне, менің үйім» деп көрсеткен суреті, «Мынау – менің ауылым», «Әне, менің үйім» деген сөйлемдер жазылып тұрады, жаңа сөздер қарамен жазылған) іліп қояды немесе интербелсенді тақтадан көрсетеді. Жаңа сөздерді сурет арқылы көрсеткенде оқушының көру қабілеті және сөздің мағынасын түсініп есте сақтау мүмкіндігі артады. Және де бұл суреттерден бөлек мұғалім өзі де басқа да мысалдар келтіреді. Мысалы:
«Әне, менің мектебім». «Мынау – біздің сынып». «Анау тұрған менің досым» т.б.

2-5 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөздерге қатысты, ауылға қатысты суреттер

Негізгі бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет