Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет83/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Назараударайық» айдарымен берілген мазмұн арқылы мұғалім оқушыға айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар
сөздерді таныстырады. Мұғалім оқушыларға сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтарды түсіндіреді.













Негізгі бөлім

«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар Қастек Баянбайдың
«Жақсы мен жаман» өлеңін оқып, танысады. Тапсырма оқушылардың түсініп оқу дағдысын дамытуға бағытталған. Алдымен мұғалім өзі өлеңді мәнерлеп оқиды. Мұғалімнен кейін оқушылар кезекпен әр шумақты оқып шығады. Өлеңді оқушылар оқып болған соң, оқушылар өлеңнің мазмұны бойынша жаман бала мен жақсы балаға тән қылықтарды, қасиеттерді теріп екі бағанға бөліп жазып шығады. Әр топ өз бетінше жұмыс істейді. Әр топқа жаман баланың және жақсы баланың қағаздан қиылған сұлбасы беріледі, оқушылар сол қағаздан кесілген сұлбаға өлең бойынша жаман бала мен жақсы баланың қылықтарын жазып шығады, кестені толтырады. Әр топ сөз кестесі бойынша сөйлейді, қорғайды.

Ал, балалар, көрдіңдер ме, жақсы бала мен жаман баланың бойындағы қасиеттердің қандай екенін енді өздерің ойланыңдар, сендер қай балаға жатасыңдар? Оқушылар өздерінің қандай балаға жататындықтарын өз сөздерімен айтады. Оқушылар бір-бірін


«Отшашу» әдісі бойынша бағалайды.

5 мин

Жеке

Оқулық
Ереже

«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар өлең жолдары мен сөйлемдерді салыстырады. Қай өлең жолы қай сөйлемге сәйкес екенін анықтайды. Әр өлең жолының жанындағы сандарды сөйлемдердің жанындағы әріптермен сәйкестендіреді. Бұл тапсырма оқушылардың өлеңнің мазмұнын терең түсінуіне ықпал етеді, сыни ойлауын дамытады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет