«Заң – қоғамның тірегі» бөлімі
Оқу мақсаты
|
9.1.6.1. Тыңдалым материалының мазмұны негізінде
көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы:
Мәтінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіреді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Мәтінді оқып, тұтынушы үшін кездескен мәселелер тізбегін атаңыз.
Сатушы үшін заңды білмеу тиімді ме?
Мөлдір Әбдірайымованың Астана қаласындағы тұрмыстық техника сататын ірі дүкендер желісінің бірінен сатып алған шаңсорғышты қайтара алмай жүргеніне бір ай болды.
Сатып алғаннан соң үш күннен кейін қорапты ашып, шаңсорғышты қолданайын десем, шаңды артқы жағынан шашады екен. Ертесінде тауарды дүкенге апарғанымда, сатушы шаңсорғышты тексеріп, ақауды көрді. Алайда ауыстырып беруден және техниканы қайтып алудан бас тартты. «Бізге сервис орталығының тұжырымдамасы керек» деп, маған акт толтыртып, тауарды алып қалды, – дейді Мөлдір.
Жаңа шаңсорғыштың фильтрі пайдасыз болып шықты.
Мөлдірге бір аптадан кейін сервис орталығынан хабарласып, шаңсорғышты алып кетуге болатынын айтты.
Сізге жаңа фильтр қою керек, – деді мамандар. Бірақ ол да болмай шықты. Қайта телефон шалып едім, «фильтрді жуып салыңыз» деді. Онысы да болмады, – дейді Мөлдір.
Айтуынша, проблеманы көрсету үшін үйге шақырған сервис орталығының маманы: «сізге жаңа фильтр алу керек», – деп кетіп қалған.
Мәселені соңына жеткізу үшін, Мөлдір дүкен директорының орынбасарымен бірге шаңсорғышты сервис орталығына қайта апарған.
Бізден техниканы зауытқа жібереміз деп алып қалған. Бірақ үш-төрт күннен кейін тағы хабарласып, акт толтырылды. Техниканы дүкенге апарып, ауыстыруыңызға болады деді. Барып едім, мүлдем басқа актіге қол қоюды сұрады. Ол жерде «кепілдік шарты бұзылды, шаңсорғыш жұмыс істеп тұр» деп жазылған. Мен оған қол қоюдан бас тартып, келіспейтінімді айттым. Ақыры маған бұл жұмысты қарастыруға арнайы менеджер тағайындайтын болды, – дейді Мөлдір, – Мені алаңдататыны шаңсорғыш және оның құны емес, өз құқымның бұзылуы.
Мәселелер тізбегі:
Мәселелердің пайда болу себептері мен салдарын түсіндіріңіз.
Мәселе Себебі Салдары
|
Дескриптор
|
Білім алушы:
|
|
мәтіндегі 3 мәселені анықтайды;
анықталған мәселелердің себебін түсіндіреді;
анықталған мәселелердің салдарын түсіндіреді.
|
Оқу мақсаты
|
|
9.2.2.1 Коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы:
Сөйлеу этикеті формаларын қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыздар. Диалог мазмұнында амандасу, қызмет көрсету, наразылық білдіру, құқықтың бұзылуына қатысты сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыздар.
Қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасындағы диалог;
Сатушы мен сатып алушы арасындағы диалог;
МАИ қызметкері мен жүргізуші арасындағы диалог;
Жолсерік пен жолаушы арасындағы диалог.
|
Дескриптор
|
Білім алушы:
|
|
жағдаятқа сай диалог құрастырады;
сөйлеу этикеті формаларын таңдайды.
|
Оқу мақсаты 9.3.4.1. Мәтіндердің стильдік, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіндерді оқыңыз. Стилін, жанрын, ерекшеліктерін анықтап, «Венн диаграммасына» түсіріңіз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратыңыз.
1-мәтін
|
2-мәтін
|
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
Әрбiр баланың денсаулық сақтауға құқығы бар.
Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.
Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
баланың денсаулығын сақтау саласында ҚР-ның заңдарын қабылдау;
Мемлекет ҚР-ның заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi.
Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп- жетілуіне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.
|
Қазақ халқының байырғы құқықтық нормалары
XV ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Қасым ханның тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық нормалар жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен құралды.
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзушыларға қолданылатын жазаны күшейтті. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
Қазақтың құқық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан болды. Бұл құқық нормалары жазба түрде сақталып, оны жүздеген жылдардан кейін де мінсіз күйде қағазға түсіру мүмкін болған. Бұл кодексті «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп атаған.
Сондай-ақ қазақ даласында Сот қызметін билер атқарған. Бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді қазақ билері ел арасындағы дау-дамайларды әділ шешкен.
|
Венн диаграммасы
Дескриптор
|
Білім алушы:
|
|
мәтіндердің стилін анықтайды;
мәтіндердің жанрын анықтайды;
стильдік ерекшеліктерін көрсетеді;
жанрлық ерекшеліктеріне дәлел келтіреді;
ұқсастықтарын табады;
айырмашылықтарын ажыратады.
|
Оқу мақсаты
|
|
9.2.3.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз
ойын жеткізу
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы:
Интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, өз ойын жеткізеді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Топта «Заңды білу – заман талабы» деген тақырыпта телебағдарлама дайындаңыздар. Өз рөлдеріңізді ойнап шығыңыздар. Сөйлеуде интонация мен кідіріс, логикалық екпінді сақтаңыздар.
|
Дескриптор
|
Білім алушы:
|
|
- тақырыпқа қатысты телебағдарлама жобасын әзірлейді;
қатысушылар сөзін дайындайды;
өз ойын жеткізуде интонация, кідіріс пен логикалық екпіндіқолданады.
|
Оқу мақсаты
|
|
9.4.1.1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, аннотация жазу
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы:
Жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай аннотация жазады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Зерттеу жұмысыңыздың мақсат-міндеттері мен өзектілігін талдап, аннотациясын жазыңыз.
Жағдаят: Сіз оқушылардың қалалық ғылыми жобалар байқауына қатыспақшысыз. Ғылыми жұмысыңызда еліміздің Ата Заңы мен өзге мемлекеттердің Конституциясын салыстырып, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдадыңыз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы:
|
|
стильдік ерекшелігін сақтайды;
аннотация жазу талаптарын сақтайды;
тапсырма шартын орындайды.
|
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы» бөлімі
Оқу мақсаты 9.1.3.1. Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында
айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді 2 рет тыңдап, сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.
М. Ыбыраев. «Кие»
Оттан сақтап, оқтан қорғар берен боп, Не болса да пешенемнен көрем деп.
Елің үшін түстің талай додаға,
«Күн астынан орын тауып берем!» – деп. Емен құсап ерек біткен еренім,
Көз жетпеске ой жеткізген төрелім. Сертке ұстаған семсер сынды жарқылдап,
«Халқым үшін жаным құрбан!» – деп едің. Ірікпестен лықсып келген сезімді,
Жасырмастан жасқа тұнған көзіңді. (Ұмытқан жоқ, ұмытпайды бұл халық!)
«Айналайын, елім!» – деген сөзіңді. Қызғанады-ау кейбіреулер бағыңды, Ардақтауға ары жетпей нар ұлды.
Сіз жасаған еркін, бейбіт қоғам бұл Шүберекке түйіп жүріп жаныңды. Ел билеудің қияметін сезем мен,
Елді бастап өткелі жоқ өзеннен, Алып өттің, ел басына күн туып, Етікпенен су кешетін кезеңнен.
|
Бардың қанша нар тәуекел қадамға, Түсініксіз көрінгенмен наданға.
Судың өзі жол береді екен ғой, Жүрегінде от лаулаған адамға.
Сыншы көп қой біткен іске сынайтын, Ғұмыр кештің ұлтың үшін ұнайтын.
Жатыр елім күндіз-түні той тойлап, Құрметіне құрбан шалып Құдайдың. Шартарапқа байлығымен байқалған, Қазағымды бақытсыз деп айта алман. Сара жолға түсті елім «тәубә» деп, Жорға сынды төрт аяғы тайпалған.
Атажұрттың керегесі керіліп, Оғыландар атқа қонды тебініп. Армандаған, Сіз аңсаған дәуірдің, Көкжиегі көз ұшынан көрініп.
…Бас иесіз көрген қызық мәнсіздей, Ел бақытты Елтұтқасы бар Сіздей.
«Ер қадірін ел біледі» деуші еді, Ел қадірін Ер біледі дәл Сіздей!!!
|
Сөздер мен сөз тіркестері
|
Сәйкестендіру бағаны
|
Мағынасы
|
Ел басына күн туып
|
|
елі үшін
|
Шартарап
|
|
өмір сүру
|
Елтұтқа
|
|
бар әлем, төрткүл дүние
|
Жаным құрбан
|
|
қиын заман
|
Ғұмыр кешу
|
|
халықтың тірегі, көшбасшысы
|
Берілген өлең жолдарын перифраз тәсілімен сөйлемге айналдырып жазыңыз. Сөйлемге айналдыруда сөз таптарының сөйлемде орналасу тәртібін ескеріңіз.
Үлгі: Оттан сақтап, оқтан қорғар берен боп, Не болса да пешенемнен көрем деп.
Перифраздалған сөйлем: Не болса да пешенемнен көрем деп, оттан сақтар, оқтан қорғар берен болдың.
Өлең жолдары
|
Перифраздалған сөйлемдер
|
Елің үшін түстің талай додаға,
|
«Күн астынан орын тауып берем!» – деп, ...
|
«Күн астынан орын тауып берем!» – деп.
|
|
Сіз жасаған еркін, бейбіт қоғам бұл
Шүберекке түйіп жүріп жаныңды.
|
Бұл жаныңды...
|
Сара жолға түсті елім «тәубә» деп,
Жорға сынды төрт аяғы тайпалған.
|
Төрт аяғы тайпалған...
|
Жатыр елім күндіз-түні той тойлап,
Құрметіне құрбан шалып Құдайдың.
|
Елім Құдайдың...
|
Бардың қанша нар тәуекел қадамға,
Түсініксіз көрінгенмен наданға.
|
Наданға түсініксіз...
|
Дескриптор Білім алушы:
Оқу мақсаты
|
|
9.1.1.1 Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені
болжау
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы:
Фразалар мен дәйексөздерге сүйеніп, тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Мәтінді 2 рет тыңдап, төменде берілген фразалардың мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
М. Ыбыраев. «Кие»
Оттан сақтап, оқтан қорғар берен боп, Бардың қанша нар тәуекел қадамға, Не болса да пешенемнен көрем деп. Түсініксіз көрінгенмен наданға.
Елің үшін түстің талай додаға, Судың өзі жол береді екен ғой,
«Күн астынан орын тауып берем!» – деп. Жүрегінде от лаулаған адамға.
Емен құсап ерек біткен еренім, Сыншы көп қой біткен іске сынайтын, Көз жетпеске ой жеткізген төрелім. Ғұмыр кештің ұлтың үшін ұнайтын.
Сертке ұстаған семсер сынды жарқылдап, Жатыр елім күндіз-түні той тойлап,
«Халқым үшін жаным құрбан!» – деп едің. Құрметіне құрбан шалып Құдайдың. Ірікпестен лықсып келген сезімді, Шартарапқа байлығымен байқалған, Жасырмастан жасқа тұнған көзіңді. Қазағымды бақытсыз деп айта алман. (Ұмытқан жоқ, ұмытпайды бұл халық!) Сара жолға түсті елім «тәубә» деп,
«Айналайын, елім!» – деген сөзіңді. Жорға сынды төрт аяғы тайпалған. Қызғанады-ау кейбіреулер бағыңды, Атажұрттың керегесі керіліп, Ардақтауға ары жетпей нар ұлды. Оғыландар атқа қонды тебініп.
Сіз жасаған еркін, бейбіт қоғам бұл Армандаған, Сіз аңсаған дәуірдің, Шүберекке түйіп жүріп жаныңды. Көкжиегі көз ұшынан көрініп.
Ел билеудің қияметін сезем мен, …Бас иесіз көрген қызық мәнсіздей,
Елді бастап өткелі жоқ өзеннен, Ел бақытты Елтұтқасы бар Сіздей.
Алып өттің, ел басына күн туып, «Ер қадірін ел біледі» деуші еді,
Етікпенен су кешетін кезеңнен. Ел қадірін Ер біледі дәл Сіздей!!!
Фраза мен дәйексөздер Мағынасы
«Күн астынан орын тауып берем!»
«Халқым үшін жаным құрбан!»
«Ер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі»
Мәтіннің тақырыбы не туралы екенін анықтаңыз.
Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы:
|
|
- дәйексөздердің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді;
мәтіннің тақырыбын анықтайды;
мәтінде көтерілген мәселені анықтайды.
|
Оқу мақсаты
|
|
9.2.1.1. Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер
құрау
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы:
Тақырыпқа сай сөздерді қолданып, мақсатты аудиторияға ауызша мәтіндер құрайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
Сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен Тұңғыш Елбасы күнін атап өтудің маңыздылығы туралы сыныптастарыңыздың алдында сөз сөйлеңіз.
Сөздер мен сөз тіркестері: бүкілхалықтық сайлау, ант беру, жарқын болашақ, халқының қамын жеу, ел көшбасшысы, әлем мойындаған, салиқалы саясат, ұттық валюта, мемлекеттік рәміздер, ұлттар достастығы, экономикалық дағдарыс,мемлекет шекарасы, халықаралық шаралар, ЭКСПО-2017.
|
Дескриптор
|
Білім алушы:
|
|
ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
мақсатты аудиторияны ескереді;
тапсырма шартын орындайды.
|
Оқу мақсаты
|
9.3.2.1. Ғылыми стильде (пікір, мақала, презентация) жазылған еңбектердің тілдік және жанрлық ерекшелігін
анықтап, талдау жасау
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы:
Ғылыми стильдегі (пікір, мақала, презентация) мәтіндердің тілдік және жанрлық ерекшелігін ажыратады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып, стилі мен жанрын анықтаңыз.
Тамыры терең тарихымызды парақтар болсақ, қазақ халқы қашаннан-ақ еңселі ел болуды армандап, мақсат тұтқанын байқаймыз. Тіпті осы мұрат жолында ұлтымыздың талай арыстары өз өмірлерін сарп етті емес пе? Сонымен қатар өз мемлекеттерін дамытуда қолтаңбаларын қалдырған тұлғалардың да рөлін жақсы білеміз. Айталық, АҚШ-тың атағын шығарған Джордж Вашингтон, Ресей империясының өсіп-өркендеуіне атсалысқан Ұлы Петр, қазіргі Түркия мемлекетінің негізін қалаған Кемаль Ататүрік елінің еңсесін көтеруде ерен еңбек етті.
Осындай тұлғалардың қатарына Қазақстанды нұрлы жолға бастаған Н.Ә.Назарбаевты да жатқызуға болады. Н.Ә.Назарбаев тарихи тұрғыдан алғанда аз уақыттың ішінде ҚР-ның егемендігін жариялап, оны дұрыс даму жолына түсіре білді. Нәтижесінде ҚР өзін бүкіл әлемге паш етті, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылды. Спорттағы, өнердегі жетістіктерімізді айтпағанның өзінде, ішкі тұрақтылықтың арқасында сыртқы саясатымыз беки түсті. Былайша айтқанда, аса күрделі жағдайда ел тізгінін ұстаған Н.Ә.Назарбаев өзінің керемет саясаткер, елін елдікке бастаған аса дарынды реформатор, халқын шын сүйетін тарихи тұлға екендігін көрсете білді.
Иә, біздің Елбасы қалың қазақтың мақтанышына айналған, ел игілігіне қызмет етіп жүрген біртуар дара тұлға десем артық айытқаным болмас. Бұл пікірмен тек біз секілді қарапайым қазақстандықтар ғана емес, бүкіл халықаралық қауымдастық Қазақстан көшбасшысының саясаттағы сарабдал жолын жоғары бағалап, оның есімін стартегиялық ойлау қабілетін иеленген мемлекет қайраткері деп даңқты тарихи тұлғалармен қатар қоюда.
Бүгінгі таңда әлемнің ірі саясаткерлері Назарбаевқа жоғары баға беріп, оны Ататүрікпен бір қатарға қояды. Шынында да, аз уақыттың ішінде көркейіп, гүлденген жас мемлекетіміздің тарих үшін көзді ашып-жұмғанмен тең кезеңде Н.Назарбаев ірі экономикалық және саяси реформаларды өткізді, ата-баба арманын жүзеге асырды. Қазақстан ядролық қару-жарақтан бас тартты. Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыз елдерімен тығыз байланыс жүргізіліп, әлем картасында «қазақ» елі пайда болды. Өз шекарасында, Конституциясымен, Мемлекеттік рәміздері – Әнұраны, Туы және Елтаңбасымен өз тағдырын шешкен қазақ халқы ел басшының жемісті жұмысына шын риза. Бұл – тарихи ақиқат. Ал әлем басшылары Н.Назарбаев туралы не дейді?
АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джордж Буш Н.Назарбаевты ТМД елдері басшыларының арасынан ерекше бөліп: «Ол болашақты болжай алады»,– деп айтса,
«темір» ханым атанған Маргарет Тэтчер Н.Әбішұлын қазіргі заманның бес аса көрнекті саясаткерінің бірі деп атап: «Назарбаев – қалыпқа сыймайтын тұлға», – деген.
Стиль Жанр
|
Стильге тән аспектілерді анықтап, қолданылу мақсатын түсіндіріңіз.
Стильге тән аспектілер
|
Қолданылу мақсаты
|
|
|
|
|
Жанрға тән аспектілерді анықтап, қолданылу мақсатын түсіндіріңіз.
Жанрға тән аспектілер
|
Қолданылу мақсаты
|
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы:
мәтіннің стилін анықтайды;
мәтіннің жанрын анықтайды;
мәтіннен стильге тән 2 аспектіні тауып, қолданылу мақсатын түсіндіреді;
мәтіннен жанрға тән 2 аспектіні тауып, қолданылу мақсатын түсіндіреді.
Оқу мақсаты
|
|
9.4.5.1. Тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын
тыныс белгілерді орынды қолдану
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы:
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
«Елбасы еңбегі – ертеңгі бағыт» деген тақырыпта жанрлық ерекшелігін сақтап мақала жазыңыз. Мақала мазмұнында берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз. Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілердің дұрыс қойылуын ескеріңіз.
Жағдаят: Тұңғыш Елбасы күні мерекесіне орай жергілікті газет бетіне Елбасының ел болашағы үшін атқарған еңбектерін насихаттап мақала жазғыңыз келді.
Сөздер мен сөз тіркестері: бүкілхалықтық сайлау, ант беру, жарқын болашақ, халқының қамын жеу, ел көшбасшысы, әлем мойындаған, салиқалы саясат, ұттық валюта, мемлекеттік рәміздер, ұлттар достастығы, экономикалық дағдарыс,мемлекет шекарасы, халықаралық шаралар, ЭКСПО-2017.
|
Дескриптор
|
Білім алушы:
|
|
мақаланың жанрлық ерекшеліктерін сақтайды;
құрылымды сақтайды;
берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
- сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді қолданады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |