Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 021 – 2022 оқу жылына ббжм- дайындық жоспары Мұғалім: Тасбулатова Г. А сынып: «Б»



Дата18.04.2022
өлшемі29,81 Kb.
#139778
Байланысты:
9-сынып, МОДО папкасы (1)




Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
2021 – 2022 оқу жылына
ББЖМ-
дайындық жоспары
Мұғалім: Тасбулатова Г.А


Сынып: 9 «Б»


2021-2022 оқу жылындағы
9 сынып оқушыларын ББЖЖ-ға
(білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу)
дайындау бойынша
жоспар



Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

ББМЖға дайындық бойынша жұмыс жоспарын құру

қараша

Пән мұғалімі

2

ББМЖ-ға дайындық бойынша нормативтік құжаттарды зерделеу

қараша

Пән мұғалімі

3

ББМЖ дайындау және өткізу форматы бойынша оқушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

қараша

Пән мұғалімі

4

2020-2021 оқу жылында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқу материалын тестілеуді ұйымдастыру және өткізу. Нәтижелерді талдау

желтоқсан

Пән мұғалімі

5

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тақырыптық тестілеу өткізу

Жыл бойы

Пән мұғалімі

6

Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша кеңестер мен сынақтар

Апта сайын
Сынақ- 2 аптада 1 рет

Пән мұғалімі

7

ББМЖ-ға дайындық бойынша тест тапсырмаларының банкін құру

Жыл бойы

Пән мұғалімі

8

Тестілеуден өтудің соңғы деңгейіне жетпеген оқушылардың ата-аналарына хабарлама беру.

Сынақ тестінен кейін

Пән мұғалімі

9

Тест тапсырмалары жинақтарымен жұмыс

2 аптада 1 рет

Пән мұғалімі

10

Қазақ тілі мен әдебиетінен байқау сынағын ұйымдастыру және өткізу . Нәтижелерді талдау

2 аптада 1 рет

Пән мұғалімі

11

Үлгерімі нашар адамдармен жеке жұмыс ( қосымша сабақтар өткізу)

Апта сайын

Пән мұғалімі

12

Шекті деңгейге жетпеген оқушылардың ата-аналарымен жеке әңгімелесу

Сынақ тестінен кейін

Пән мұғалімі

13

Оқушылардың психологиялық тренингі

Айына бір рет

Мектеп психологы

14

Жауап парақтарын толтыру бойынша оқушылармен тренингтер өткізу.

2 аптада 1 рет

Пән мұғалімі


Қазақ тілі пәні бойынша жұмыс жоспары





Тақырыбы

Сағ.саны

Өтетін мерзімі

Мерзімнің өзгеруі




Фонетика. Менің Отаным

5







1

Дауысты дыбыстар.Оңтүстік аймақ

1







2-3

Дауыссыз дыбыстар. Солтүстік аймақ

2







4-5

Буын. Отан отбасынан басталады

2







6

Үндестік заңы. Тәуелсіз мемлекет

1










Морфология. Қайраткерлер

12







7

Зат есім. Тұңғыш ғалымдар

1







8

Зат есімнің жалғаулары. Үш билер

1







9-10

Сын есім.Қазақ хандығы

2







11-12

Сан есім. Тарихи қайраткерлер

2







13-14

Есімдік. Қазақ дәстүрі

2







15-16

Етістік. Қазақстан пайдалы қазбалары

2







17

Одағай. Қазақ суретшілері

1







18

Шылау. Экологиялық апатты аймақтар

1










Оқшау сөздер. Табиғат

4







19-20

Қыстырма сөз. Қызыл кітап

2







21-22

Қаратпа сөз. Ақпараттық құралдар

2










Синтаксис. Стиль және оның түрлері

6







23-24

Сөйлем мүшелері. Ресми қағаздар

2







25-26

Сөйлем түрлері. Құрмалас сөйлем

2







27-28

Құрмалас сөйлем. Қазақстан азаматы

2










Лексика.Автобиография

6







29-30

Синонимдер. Төл сөз бен төлеу сөз

2







31-32

Антонимдер. Салалас құрмалас сөйлем

2







33

Мақал-мәтелдер. Сабақтас құрмалас сөйлем

1







34

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
Фразеологиялық тіркестер

1









9 «Б» сынып тізімі

  1. Абишев Адиль

  2. Еременко Иван

  3. Кардаш Дарья

  4. Копп Анастасия

  5. Кулибанич Мария

  6. Мухамеджанов Ринат

  7. Нугуманов Артур

  8. Огнева Яна

  9. Омланд Кирилл

  10. Руфф Николай

  11. Свиреденко Сергей

  12. Шарова Александра

  13. Шарова Виолетта


Жалпы ережелер

  1. Осы Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш және негізгі орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

  2. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17769 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады. ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.

  3. Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.

  4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру нәтижелерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

  5. Қағидалар меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, түріне қарамастан, орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылады.

2-тарау. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібі

  1. Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сәйкес 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында жүргізіледі.

  2. ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі.

  3. ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі.

  4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші курс және (немесе) кәсіптік модульдер немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндер бойынша үшінші курс білім алушыларының арасында жүргізіледі.

  5. ББЖМ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде жүргізіледі.

  6. Тестілеу жыл сайын сәуір айында тестіленушілер оқитын орта білім беру ұйымдарының базасында және қараша айында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

  7. ББЖМ-ға үйде (денсаулық жағдайы бойынша) немесе ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балаларға арналған санаторийлік үлгідегі сауықтыру мекемелерінде білім алушылардан, сондай-ақ тестілеу кезінде объективті себептермен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туыстары қайтыс болған жағдайда, жарыстар мен олимпиадаларға қатысуына байланысты) қатыспаған адамдардан басқа осы Қағидалардың 6 және 9-тармақтарында көрсетілген білім алушылар қатысады.

  8. Білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қатысушылар мен жұршылықты іс-шараға дайындық жұмыстары мен өткізілуі туралы бір ай бұрын хабардар етеді.

  9. ББЖМ жүргізілетін орта (бастауыш, негізгі орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды. Білім беру ұйымдары мынадай параметрлер бойынша іріктеледі:

- аумақтық тиістілігі (қала, ауыл);
- жалпы білім беретін мекемелердің түрлері (жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, мектеп-гимназия, мектеп-лицей);
- білім алушылар контингенті;
- оқыту тілі (қазақ/орыс);
- білім беру ұйымдарының қатысу пайызы (25%).
Жыл сайын бұл саннан өткен оқу жылдары ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары алынып тасталады.
Білім беру ұйымдарын іріктеу оларды кездейсоқ іріктеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қалыптастырылған жұмыс тізімін жүктеу нәтижесінде жүзеге асырылады.

  1. Шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімі немесе облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының ұсыныстары негізінде ББЖМ-ны өткізбеу туралы шешім қабылдайды.

  2. Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат санын МЖБС-ға сәйкес тест спецификациясы айқындайды.

Тест спецификациясын "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО) әзірлейді.

  1. Білім беру ұйымдарында ББЖМ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдерінің тізімін бекітеді, оның құрамына облыстық, аудандық білім беруді басқару органдарының өкілдері (жауаптылары), Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерінің өкілдері (бұдан әрі – Министрліктің уәкілетті өкілдер) кіреді.

  2. Білім беру ұйымдарында ББЖМ жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

  3. Тестілеу басталғанға дейін Министрліктің уәкілетті өкілі компьютерлік аудиториялардың дайындығын тексереді және тестіленушінің жеке коды бар отырғызу парақтары бойынша тестіленушілерді сәйкестендіруді білім беру ұйымы ұсынған білім алушылардың тізіміне сәйкес жүзеге асырады.

Тестілеу басталар алдында тестіленушіге сілтеме мен веб-қосымшаға авторизациялау параметрлері беріледі (логин және пароль).
Министрліктің уәкілетті өкілі білім алушыларға ББЖМ-ны жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

  1. Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға сөйлесуге, қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштардағы ақпараттарды пайдалануға тыйым салынады.

Тестілеуден өту кезінде калькуляторды, анықтамалық әдебиетті (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесінен басқа), электрондық жазба кітапшаларын және қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде мобильді телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тестіленуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда Министрліктің уәкілетті өкілі тестіленушіні аудиториядан шығару туралы шешім қабылдап, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тыйым салынған заттың тәркіленуі және тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акт жасайды, тестіленушінің нәтижелері жойылады.

  1. Бөгде адам анықталған жағдайда Министрліктің уәкілетті өкілі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тестілеуге кіргізу немесе тестілеу өткізу кезінде бөгде адамды анықтау актісін жасайды.

  2. Тестілеу уақытында аудиторияға Министрліктің уәкілетті өкілі мен ұйым басшысы ғана кіреді.

23.Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға Министрліктің уәкілетті өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға жол берілмейді.

  1. Тестілеу аяқталған соң білім алушылардың нәтижелері компьютердің экранына шығарылады.

  2. ББЖМ жүргізілгеннен кейін білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау үшін орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тестіленушілері мен педагогтері арасында жасырын сауалнама жүргізіледі.

  3. ҰТО уәкілетті орган белгілеген мерзімде тестілеу рәсімін бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етеді және ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді жүзеге асырады.

  4. ББЖМ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына ол аяқталған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жеткізіледі және құқықтық салдары болмайды.

  5. ББЖМ нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

  6. ББЖМ нәтижелері бойынша уәкілетті орган білім беру ұйымдарына ол аяқталған күннен кейін үш ай ішінде ББЖМ нәтижелерінің кешенді талдауын, "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған әдістемелік ұсынымдарды жолдайды.

  7. Уәкілетті орган рейтингтік зерттеулер жүргізетін ұйымдардың пайдалануы және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндамаға енгізу үшін білім беру саласындағы ағымдағы ахуалды бағалауды көрсететін талдамалық есепті қалыптастырады.



9 «б» сынып оқушыларымен ББЖМ дайындалу бойынша өткізілген (№1 мен №2) тест қорытындылары туралы мәліметтер
I тоқсан қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша
Сынып: 9 «б» Оқушылар саны: 13
Мұғалім: Тасбулатова Г.А
Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 1 тоқсанындағы нәтижелерін талдау

Пән

Орындаған

Макс балл

Жұмыс балдарының пайыздық мазмұны

Сапа %

Үлгерім %



төмен

орта

жоғары



0-39%

40-64%

65-84

85-100%





Қазақ тілі мен әдебиеті







Оқушылар саны




№ 1




13

10

1

6

5

1

46%




92 %



№ 2




13

10

1

5

5

2

53,8%

92%




  1. Тест 1 мен 2 нәтижелерін талдау білім алушылардың келесі білім деңгейін көрсетті:

1
Жоғары (В): 85-100% - 1 оқушы. Ол: Кулибанич Мария
Орта (С): 40-84% - 11 оқушы. Олар: (7-8 балл).Абишев Адиль, Еременко Иван, Нугуманов Артур, Омланд Кирилл, Руфф Николай, Свиреденко Сергей, Шарова Александра, Шарова Виолетта, Мухамеджанов Ринат, Копп Анастасия, Кардаш Дарья
Төмен (Н): 0-39% - Огнева Яна

2


Жоғары (В): 85-100% - 2 оқушы. Олар: Кардаш Дарья, Копп Анастасия
Орта (С): 40-84% - 10 оқушы. Олар: (7-8 балл). Абишев Адиль, Еременко Иван, Нугуманов Артур, Омланд Кирилл, Руфф Николай, Свиреденко Сергей, Шарова Александра, Шарова Виолетта, Мухамеджанов Ринат, Кулибанич Мария


Төмен (Н): 0-39% - Огнева Яна.

  1. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларға туындаған қиындықтар тізбесі:

- мәтіндер құрылымы мен мақсатты аудиторияға сай ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, тақырып бойынша ауызша мәтін құрауда қателеседі;
- мәтін мазмұны бойынша көтерілген мәселені анықтауда қателеседі;
- кілт сөздер мен дәйексөздер арқылы тақырып пен көтерілген мәселені болжауда қателеседі;
- мәтін бойынша сұрақ құрастырғанда қателеседі;
- сұрақ-жауап түріндегі емілелерді ескерген кезде қателеседі:
- берілген етістіктерді өзгелік етіс түрінде жазғанда қателеседі.

3. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларға аталған қиындықтардың себептері:


- лексикалық сөздік қорының аздығы.
- күнделікте тұрмыста қолданбағандығы
- жаттығулар түрлерін әзірлеу

4.Жоспарланған түзету жұмысы:


- қатемен жұмыс жүргізу (әр оқушымен жеке);
- жеке кеңестер өткізу;
- оқушыларды жаттықтыру;
- жаттығу жұмыстарын әзірлеу



  1. Мұғалімнің (Т.А.Ә): Тасбулатова Г.А.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет