Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет73/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:14 мин (15%)

1. І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы


2. «Көшпенділер» трилогиясы


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


«Қан мен тер» трилогиясы

«Қан мен тердегі» тағдырлар толқынынан аумалы – төкпелі кездегі тарих сапарын көреміз. Үш томды көктеп өтіп, негізгі идея- мақсатты айқындайтын қаһарман, әрине, Еламан. Федоровтың өмірін үзген, сүйменді көтерткен – іш күйдірген кек еді. Ұстамды жігіт көпе – көрінеу қорлыққа шыдамай, шарт сынды – көзсіз ерлік аяқты шынжырлатып, сонау Сібірден бір-ақ шығартты- ел көрді, жер көрді, оңы мен солын тани бастады. Ер жігіт Кәленге Құдайменде болысқа қара пышық қадатқан да – кек пен намыс.


Әуел бастан –ақ тұйық мінезді балықшы Еламан («Ымырт») бойынан ақыл мен адамгершілік байқалған-ды. Әуел бастан-ақ Қаратаз, Шодыр, Тәңірбергеннің кедей-кепшіктің бітіспес жауы екендігі осы Еламан арқылы сезілетін. Теңізден қайтқан Еламанның есік алдында байлаулы тұрған Тәңірбергеннің бәйге күреңін көріп, алдын тағы да ораған бай ауылдың сылқым мырзасының бұл жүрісін ұнатпай, іші күйікке толып тұрып қалатын кезі бар: «Еламанның жаны аяғының басына кетіп, жар кемердің басында сілейіп қалды. Сол сәтте әлдеқайдан сары қаншық жүгіріп кеп, балық иісі шыққан киімін иіскеді. Оның сары қаншық мұп-мұздай тұмсығымен бұның қолын жалап алды. Еламан бойын жиып ала қойды. Өз үйіне өзі әзер кірді және кірер жерде күйбектеп жөтелді». Жазушы Еламанның Тәңірбергенді іштей жек көретінін де, ыңғайсыз халін де, ашуды ақылға жеңдіре білетін ұстамдылығын да айқын аңғартып тұр. Сырттай момын, өмірді ой таразысына салып көп өлшейтін Еламан бойында от бар. «Қаратаз қой баға білді. Бірақ халық қой емес еді ғой»,-деп, ұстамды жігіт көкірегіндегі сезімді ызымен бір серпіп тастайды.
Ауыл адамында еңбек сүтін емген жігіттің өмірден көрген бар қызығы – теңізден тапқан ырыздығы мен сүйікті жары Ақбала: басқа бақытты дәметпейді де. Бірақ заман тісін батырып, жұлмалап жатса, қалай шыдарсың? Тнетек Шодыр балықшыларды мұзы сөгілгелі тұрған ашық теңізге айдап шығады. Артта қалған шиеттей балалардың тағдыры озбыр байға шыбын өліміндей ғана. Қарапайым жігіттің күрес жолына бел бууы осылай баяндалады. Жаратылысының бұйығы, ақ пейіл жан кісімен бет жыртысуға құмар емес-ті. Табан астынан дауыл тұрды, бұрауы жетіп, ширыққан ыза шарт үзілді, Еламан тентек Шодырды өлтіріп, Сібір айдалды. Қатыгез тағдыр жалғыз інісі Райды да көп көрді.
Қан мен тер сіңген сұрғылт солдат шинелін шешпестен, Қазан төңкерісінің қызу күндерінде туған жеріне оралды – бұл бұрынғы Еламан емес, түйгені мол жігіт ағасы. Рас, ол әлі мынау дүрбелең заманның қыры мен сырын түгел түсіне бермейді. Бірақ тепкіде өткен көп күннен, күресте өткен аз күн көкжиегін ашып-ақ тастағандай еді. «Ел болып еңсеңді көтере алмай-ақ, кез- келгеннің табаны астында тапталып кете берер ме екенсің?»,- дейді Еламан күрсініп.
Екінші кітап «Сергелдеңде» бұл бейне толыса береді (Еламан монологтері, Ақбала, Айғаншамен кездесуі), кей сәтте жібі босаңдау көрінген жігітте жаңа ширығулар пайда болады.
Туған халқының трагедиялы тағдырының себебін таба алмай шарқ ұрады. Тұйықтан шығарар жол да беймәлім. Осылай қысылғанда, жігіт ойына достасқан орыс жұмысшыларының ұйымшылдығы, жалынды сөздері түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет