Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Назым секіргіш жібін алып, аулаға шықты. Секіріп ойнай бастады. Жанына досы Шынар келіп, біраз қызықтап тұрды да:
- Назым, екеуіміз кезек секіріп ойнайық, - деді.
- Бұл менікі, керек болса өзіңдікін әкел де, секіре бер,- деді Назым.
Шынар ренжіп, кетіп қалды. Назым жалғыз өзі ойнап, жалықты. Ол қабағын түйіп, үйіне кірді.
- Қызым, саған не болды? - деді анасы.
- Ойын қызық емес, - деді Назым.
- Шынар екеуің бірігіп ойнағанда қызық болар еді,- деді, манадан бері қызын терезеден бақылап тұрған анасы.
• Назымға ойын неліктен қызықсыз болды? Белгіле ( )
• Назымның анасының айтқанымен келісесің бе? Неліктен?
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
• Мәтіннің түрін анықта __________________________________
2-тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |