42
Талдау кезінде мынадай мәселеге көңіл аударылады. Мәтіннің құрылымын анықтап, оларға тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктері стилистиканың сипаты бойынша есептейді.
Көптеген ғалымдар мәтін композицицсын (құрылысын) үш бөлікке бөледі. Олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды деп Х.Арғынов мәтіннің кіріспе бөлімінде сөз етілейін деп отырған оқиғаның қашан болғаны, мұны тудыратын себептер айтылады. Негізгі бөлімінде сөз етіп отырған мәселе жөнінде түсінігін, фактілерді, іс-әрекеттерді баяндайды, ал қорытынды бөқлімінде сөз етіп оырған тақырыптан алған әсерін, тілек-мақсатын өз пікірін білдіруі тиіс деп жүйелейді.
Көптеген ғалымдар мәтіннің үш түрі бар деп есептейді. Олар: хабар, сипаттау, пікір айту. Сонымен бірге мәтіннің кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан түратындығын айтады. Мысалы: «Алтын дән».
Қырман үсті қүйын. Дәу маялар айыр үшымен үшырылып жатыр. Электромолотилка дән боратып жатыр. Бункерлерден қүйылған меруернт дән төбе - төбе үйіліп қалыпты. Қоршаған көлік, машина. Асығыс қимылдаған үлкендердің арасындба мектеп оқушылары да жүр. Мүғалімдер қасында. Ортасында Жанат. Үжымшар ауылы дәл бүгін дәннен өзгенің бәрін үмытқан секілді.
Бүл мәтіннің кіріспесі, негізгі бөлімі, қорытындысы бар. Мәтіннің (Қырман үсті қүйын) бірінші сөйлемі әңгіменің не туралы болатынын көрсетіп кірспе ролін атқарған. Ал 2,3,4,5,6,7,8 -сөйлемдер - мәтіннің негізі. Айтылар ой дәннің бастырылуы.
Үлкендер мен мектеп оқушылары жөніндегі хабар осы жеті сөйлемде берілген. Ал (үжымшар ауылы дәл бүгін дәннен өзгенің
43
бәрін ұмытқан секілді) соңғы сөйлем қорытынды ретінде қолднылған.
Жалпы мәтінде негізінде не субстанция (зат) немесе зат пен құбылыстың атрибуты (қасиеті) немесе ең соңында олардың бір-бірімен қатынасы жайында сөз болады. Зат пен объективті дүниедегі жанды-жансыз нәрселерді айтатын болсақ, сол заттың сапасын, қимылын және күйін біз жалпы бір атпен заттың қасиеттері деп атаймыз.
Табиғат бір нәрсені екінші бір нәрсеге түріше қатынастары бар заттардан түрады. Таратып айтқанда, бір заттың екінші бір заттан үлкен болуы мүмкін, бір зат екінші заттың себебі болуы мүмкін, бір зат екінші заттың мекені болуы мүмкін, бір заттың екінші заттан бүрын пайда болуы мүмкін т.б.
Мәтінде сөз болатындар осы үш категориялардың біреуіне сәйкес келтіріліп жазылуы не айтылуы керек. Яғни, әңгіме мазмүны не зат, не оның қасиеті, не қатынасы жайында болмақ. Міне сондықтан мәтіннің кіріспесінде зат (не қүбылыс) атауы, не оқиға болатын кеңістік пен уақыт сөз болады.
Өйткені уақыт пен кеңістік үнемі қозғалыста болып отыратын материяның өмір сүруінің объективтік формасы.
Жоғарыда келтірілген мәтіннің кіріспесі оқиғалар жүйесінің уақытты қатынасын білдіреді. Мәтін туралы білім беру мына жүйеде болуы қажет деп санайды. Атап айтқанда, тіл білімінде сөз, сөздің тіркесіне түсуі, тіркес, тіркестен сөйлем жасалатындығын, қайырым, қайырымнан мәтін қүралатындығы. Сондықтан мәтін туралы білім ең алдымен қайырымның түзілуі ерекшелігіне байланысты.
44
Сондықтан мәтіннің құрылымдық ерекшелігі оны құрайтын сөйлемдердің мақсатқа сай ойды жеткізуге байланысты құрастырылуына, одан қайырым жасалатынына назар аударылады. Әсіресе адамдар бір-бірімен қарымқатынас жасағанда жеке-жеке сөйлемдермен ғана емес, тұтас бір пікірді білдіретін бірнеше сөйлемдерді де пайдаланатындығын, сондай-ақ бірнеше ой-пікірді білдіретін сөйлемдерді өзара байланыстыра келіп, жүйелі мәтінмен де жүргізіледі. Мысалы:
Сен маған атыңды айтпадың ғой?
Сіз өзіңіз сүраған жоқсыз ғой?
Ал сүрайық.
Атым - Сағат.
Сағат, мына суретіңді көрейінші.
Көріңіз - деген қарым қатынаста, яғни екі кісінің әңгімесі бір-
біріне сөйлемнен ғана орындалып түр.
Немесе: бір кезде арыстанның ақырған дауысы естіледі ілгері екі-үш аттағанда, бір леп Кендебайды тартып ала жөнелді.Бір уақытта Кендебай арыстанның апандай аузын көреді. Кендебай алты қүлаш алмас қылышын көлденең үстай қояды.
Алмас қылыш арыстанды екі бөліп, Кендебайды арыстанның ар жағынан бірақ келтіреді. Кендебай арыстанның аузын қағып алып қоржынға салады. Ақыры, Кендебай алтын қүйрықты қүлынды тауып алып аман-есен ханның үйіне қайтып келеді.
Хан қуанып, үлкен той жасайды. Той үстінде түк таба алмай сандалып мойындары ырғайдай, сирақтары шидей болып, азып-тозып ханның екі баласы келеді, - деген мәітнде үш қайырым бар.
45
Атап айтқанда, бірінші қайырым Кендебайдың арыстанмен күресін баяндаса, екінші қайырымдағы ой-пікір Кендебайдың одан кейінгі іс-әрекетін баяндайды. Яғни Кендебайдың алтын құйрықты тауып, ханға келуі, ал үшіншіден ханның балаларының келуі баяндалады.
Сонымен бірге, әр қайырымдағы сөйлемдердің бір-бірімен байланысты болып, бір ой-пікірге топтасып, тақырыптық мазмүнға бағынатындығын анықтауға болады. Ал, бүл қүбылысты әр қайырымдағы сөйлемдердің белгілі мәселе бойынша бір-бірімен байланысатындығы бойынша байқауға болады. Мысалы:
Әрбір қайырымдағы бір тиянақты ойды білдіретін сөйлемдердегі
іс-әрекеттер бір мезгілде болуы. Мысалы: Кендебайдың
арыстанның даусын есітіп, айқасқа түсуі бір мезгілде іске асады.
Әрбір қайырымдағы сөйлемдердегі іс-әрекеттер бір-бірімен
байланыста болады. Мысалы: Кендебайдың арыстанмен айқасы
туралы іс-әрекеттер бір-бірімен байланысты.
Сөйлемдегі ой-пікірлер бір-бірімен жалғасып, байланысты
болады. Сондықтан жоғарыдағы пікірлерді төмендегіше
қорытуға болады.
Айтылатын ой-пікірлердің, әңгімелердің қағаз бетінде жазу арқылы түсірілуі мәтін деп аталады. Мәтін берілетін ой, мазмүнның көлеміне қарай шағын да, көлемді болады. Ал оқиға мен мазмүн баяндалуына қарай тараулар мен бөлімдерге және тақырыпшаларға бөлінеді, немесе ой-пікірдің берілуі бойынша қайырымға ажыратылып, ол белгілі бір-бірімен байланысқан сөйлемдердени түрады, қүралады.
46
Сөйлемдер мәтіннің түріне байланысты да болады. Мәселен, ауызекі сөйлеу стиліндегі сөйлемдер анықталмаған, сөйлем мүшелерінің орын тәртібі сақтала бермеуі мүмкін. Ал кітәби жазба стильдердегі бүл ерекшеліктер кездеспейді, негізінде ой толық аяқталған нақты болады. Мысалы, ауызекі стилінде:
-Сіздің жасыңыз қаншада?
Он жетіде.
Қайда түрасыз?
Ауылда - деп толымсыз сөйлемдер қолдана береді. Сондықтан
бүл сөйлемдер қайырымға топтаса алмайды.
Сөйлемдердің әрқайсысы бір ойды, не күрделі ойды білдіреді. Ал ол ойлар бір-бірімен байланысты болады. Кейде сөйлемдегі ойлар бір-бірімен байланыста болады. Кейде сөйлемдегі ойлар бір-бірімен жеке-жеке де болады. Міне, осы ерекшелігіне қарай сөйлемдер бір-бірімен ерекшеленеді.
Егер сөйлемдегі ойлар бір-бірімен байланыста болып, жүйелі түрде жасалса, онда ол қайырым қүрайды. Ал сөйлемдердегі ойлардың бір-бірімен байланыстылығы болмаса әрқайсысы жаңа бөлек ой болады да, белгілі жүйе түзе алмайды. Онда ол сөйлемдер бір қайырым бола алмайды.
Мысалы:
Түйелер көтерісшілерге жол ашып берді. Жүз батыр тізе қосып үрысқа кірісті. Олар үзікті жағалап, қылыштасып, жолдастарын өткізе бастады деген мәтінде үш сөйлем бар. Бірақ оның үшеуі әрекеттің бір мезгілде өтіп жатқанын байқатады, мезгілдік байланысын көрсетеді.
47
Ал осы сөйлемдегі енді басқа жердегі Исатайдың сарбаздарының іс-әрекетіне байланысты сөйлем құрасақ, онда жаңа жолдан бастауға тура келеді. Яғни, мұнда жаңа қайырым, жаңа пікір айтылатын болады. Мысалы:
Қоршаудың үздігінен бірнеше болып шыққан бураның қос өркешінің арасында жабыса жатып алған Садық қарт еді. Одан соң жігіттердің қорғауындағы әйелдер мен бала-шаға шықты.
Исатай мен махамбет басқаларды құтқару үшін, өз бастарын өлімге тіккен жүз батырмен бірге соғысып жүр.
Міне, мүнда қайырым бар. Біріншісі, жау қоршауды бүзу әрекеті, екіншісі, қоршаудағы шығу әрекетін білдіру. Барлық алты сөйлем осы екі қайырымда топтасқан. Оқиға желісін баяндауда осы қайырымдар да бір-бірімен байланыста болады.
«Жамбыл - үлы - ақын» - деп басталатын мәтін кіріспесі ең негізгі категорияның бірі, заттың атауынан басталып түр.
Мәтіннің мазмүны объективті шындықты білдіретін пікірлер жиынтығынан қүралады. Ал пікірлеу сөйлем арқылы беріледі. Сөйлемде әрқашан бір нәрсе туралы бірдеңе айтылады. Онда не туралы сөз болса, ол бастауыш деп аталады, ал сол заң туралы айтқанымыз баяндауыш деп аталады.
Мәтіндегі сөйлемдер әрқашанда субъект пен предикаттың қосылуынан болады.
Сөйлемдегі бастауыштың өзгеруіне байланысты сөйлем не анық, не белгісіз болуы мүмкін. Бастауыш анық сөйлемдер - дара, ішінара және жалпы болып бөлінеді. Дара - бір ғана жеке үғым бастауыштан түрған сөйлем. Мысалы: Мүхатр Әуезов - қазақтың үлы суреткері. Ішінара үғымның көлемінің бір бөлшегі ғана
48
бастауыш заттардың, не құбылыстардың класын көрсететін сөйлем. Мысалы: үй жануарлары - сүт қоректілер. Ал субъектісі белгісіз сөйлем - жақсыз сөйлем болады. Мысалы: Шомылғым келеді. Сөйлемді баяндауыш түлғасына қарай хабарлы, суретті, түсіндірме сөйлемдер деп бөлуге болады.
Хабарлы +сөйлемнің баяндауышы — оқиғалар жайында айтылған сөздерден түрады. Бастауыш мүнда әрқашанда нәрсенің күйінен, үғымынан және хабарланатын нәрселер туралы көбінесе қатыстың жағынан баяндалады. Мысалы: Біздің аулада райхан гүлдеп түр. Бүл сөйлемді хабарлы сөйлем деп атаймыз. Өйткені аулада райханның гүлдеп түрғанын хабарлап түр.
Берірек келген соң, тайынан басқа Көркемтайдың үйреткен көкбесті мен бір-екі бүзаулы сиыры ғана қалды.
Қасындағы ағайын көршілерінің балалары Көркемтайдың жақсы жүргендігін күндеп, көре алмайтын.
Менің арқамда жетімдіктің не екенін білмеуші ең, ешкімнің баласынан кем қылғанын жоқ еді.
Бүрын Ысқақтың үйіне қалай ашуланса да, шешсінің мүндай ренішті сөздер айтып жылағанын Көркемтай көрген жоқ еді. Соның үшін де ол өзін бақытты санап, жетімдікті білмеуші еді. Шешесінің айтқан сөздері оған сондай аянышты көрінді. Бүл микромәтіндегі әрбір қайырымдағы сөйлемдер сол мәтіннің түтас мазмүнына орай және қайырымдағы пікірдің мәніне байланысты өзіндік ой ерекшеліктерін білдіреді.
49
Қорытынды.
Бастауыш сыныптарда мәтін құрастыруды дағдыландырудың негізгі әдіс-тәсілдері және нәтижесі
Қорыта айтқанда, оқушыларды мәтін түзе білуге жаттықтыру үшін мәтін туралы жүйелі білім, теориялық негіз берілуі керек. Бастауыш сыныта ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі -оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбашасөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектеп мүғалімдері оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолджана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп, сөйлеуіне зор көңіл бөлуде. Осыған орай, өз сабақтарымызды оқушының дүрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Мәтін туралы білім беру мына жүйеде болуы қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, тіл білімінде: сөз сөздің тіркеске түсуі, тіркес, тіркестен сөйлем жасалатындығы, қайырым, қайырымнан мәтін қүралатындығы. Жазушы мәтіннің негізгі бөлімінде жоғарыдағы келтірілген сөйлемдерді пайдалана отырып, субъет пен предикаттың қатынасы баяндайды, хабарлайды, суреттейді. Бүл әрекеттің арқасында адам түрлі-түрлі пікірлерді салыстыра, талдай отырып жеке не жалпы ой қорытындысына келеді.
Мәтіннің соңғы бөлімінде үш түрлі ой қорытныдысының бірін жасауы мүмкін. Олар: индуктивті, дедуктивті және аналогиялық. Индуктивті ой қорытындысы деп жеке фактілер мен қүбылыстарды
50
зерттеп, тексеруге сүиене отырып жалпы заңдылықтар мен ережелер жасау жолын айтады.
Мысалы:
Түйе мен түлкі.
Түйе өзен суына салқындап түрған-ды. Өзен жағасында түлкі келіп: - Уа түйе, су терең бе екен? Мен де шомылып алсам қайтеді?
- деді.
Терең-ақ, жүзе білмесең, судан рахат табамын деп ойлама.
Сақалды басыңмен неге жалған сөйлейсің? Терең емес, сенің
тізеңнен ғана келіп түрған жоқ па?
Әркімнің өз биігі, өз төбесі бар. Сенің бойың менің тіземнен де
төмен. Қолың жетпегенге кеңірдегіңді озып қайтесің?
Мен сенің өтірігіңді шығарайын, - деп түлкі жарқабақтан суға
қойып кетті.
Түлкі суға батып, су жүтып, түншығып бара жатқан соң шыңғырып:
Түйе, түйежан, бауырым қүтқара гөр, суға кеттім, - деді.
Менің айтқанымның шындық, жан ашыр сөз екеніне көзің
жеттіме? - деп сүрады түйе саспай.
Көзімнің жеткенін-жетпегенін жағағағ шыққан соң айтайын,
тезірек қүтқара гөр» - деп жалында түлкі шашалып-қақалып.
Бүл ақымаққа не дерсің, - деп түйе түлкіге ренжіді, су түбіне
кетіп бара жатып та қулық істейді, қателігін мойындағысы
келмейді.
51
Түлкі суға батып та кетті, - өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтын саған сол керек, - деп шағалар шу-шу етті. (М.Төреханов)
Бұл мәтінде жазушы түлкінің (субъектінің) іс-әрекеттерін баяндай отырып, жекеден (түлкіні мысалға ала отырып, жалпыға қарай) өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтын ой қорытындысын шығарған.
Дедукция дегеніміз - жалпыдан жекеге қарай жасалынатын ой қорытындысы. Мысалы: Бір уыс мақта.
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:
Балам дүниедегі жаратылған жанды жануарлардың
ешқайсысының да керексіз болып жерде қалатыны болмайды. Сол сөзді айтып отырғанда қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып тастады.
- Әже осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қомас, - деді. Әжесі: -
Балам, ол да жерде қалмайды, - деді.
Осылайша сөйлесіп отырғанда, манғы мақтаны бір кішкентай торғай алып кетті. Қыз әжесін:
- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны не
қылады? - деді. Әжесі:
Көрдің бе балам, күн айналмай манағы сөздің келгені. Қажетсіз деген мақта қиқымының да кәдеге жарағанын. Оны торғай үясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді, - деді. (Ы.Алтынсарин)
Бүл мәтінде соңғы қайырым индуктивтік ой қорытындысы, өйткені «Дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардыңешқайсысы
52
да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды» деген жалпы ой қорытындысынан «Мақта қиқымы кәдеге жарады» деген жеке ой қорытындысы туындайды.
Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.
Мәтіннің түрлері:
1. Хабар - негізінен, бастан кешкен (көрген, естіген) оқиғаларды еске түсіріп айтып шығу. Мұндағы баяндай, негізінен, оқиғаның өту тәртібі мен уақытын, орнын көрсету жолымен іске асады.
Мәтін құрылыс:
а) Оқиғаның басталуы; ә) Оқиғаның дамуы; б) Оқиғаның аяқталуы болып үшке бөлінеді.
Мәтіннің хабарлау түрі белгілі бір уақытта болған, себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады.
53
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жапбаров А., Тілеубердиев Б. «Оқушыларға мәтін құрастыру
мен шығарма жаздыру әдістемесі» Ш.2002 ж., 16-бет
Әбдікаримов Т.М. «Бастауыш сыныпта мәтін арқылы тіл
дамыту» А.1993ж, 20-бет
Арғынов Х.К. «Қазақ тілі синтаксисі методикасының
негіздері» А., 1987 ж, 205 бет
Айғабылов А. «Тіл үстарту» Қазақстан мектебі 1995, №8
Ысқақов Б. «Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері»
А.1996ж
Жапбаров А. «Тіл дамыту». А. 1989, 85-бет
Базарбекова Г. «Сөздік жүмысы». А. 1999, ЗОбет
Жолдашқызы Р. «Мәтінмен жүмыс істеу», «Бастауыш мектеп»
2001ж,45-бет
«Сөздік қорды дамыту ерекшеліктері», «Қазақстан мектебі»
2002,№5,47-бет
Ю.Отар Әлі Бүркіт. «Көркем мәтіннің семантикасы» Қазақ тілі мен әдебиеті, 2001, №8, 25-бет
Аманжолов С, Әбілқаев А., Үйықбаев М.
«Қазақ тілінің гр амматикасы» А. 1977. 236-бет
Аханов А., Катембаева Г. «Қазақ тілі» А. 1982. 23-бет
13. Исаев К., Бектүров С. «Сөйлемдегі грамматикалық
талдаудьщ тәсілдері» А. 1985
Г.Абхунов «Қазақ тілі синтаксисі» А. 1990.
Қ.Жүбанов «Қазақ тілі» А. 1996
54
«Бастауыш мектеп» журналы. «Сөздік қорды дамыту».
2000№3.4-бет
«Бастауыш мектеп» 2001 № 17 40-бет
Қазақ тіл мен әдебиеті. 2001 ж. №8. 25-бет
«Бастауыш мектеп» 2001. № 1 -2 45 -бет
2О.«Балдырған» журналы. №6. 2000 ж.
«Бастауыш мектеп» 2001 ж №245-бет
«Бастауыш мектеп». 2001 ж. №1-27 43-бет
Қазақстан мектебі 2002ж. №5 47-бет
Хасенов Ә. Тіл білімі А. 199ІЖ
Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі А. 1999, А.
Болғанбаев Қазіргі қазақ тілі. 1999, М.
Байтүрсынұлы А. Тіл ғылымы А. «Ана тілі» 1992,448бет
Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі А.,1987
Бектүрғанов Ш., Серғалиев М., Қазақ тілі А,-1994
Оразбаева Ф. «Тілдік қатынас теориясы мен әдістемесі «-
А.2000
Әбілақов Ә., Исаев С, Агманов Е.,
«Қазақ тіліндегі барыс жалғаулы сөз тіркестері» А., 1973ж
Балақаев М.Б. «Қазақ тілі грамматикасы» А., 1949ж
Сайрамбаев Т. «Етістіктердің сөз тіркесін құраудағы рөлі.
Қазақтілінің мәселелері» ҚазМҮУ, М. 1983ж
34. Сайрамбаев Т., «Сөз тіркесінің арнайы курсының
бағдарламасы». Университеттер мен пединституттар үшін
арналған. А., 1987ж
55
Ф.4.7-007-03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Бастауыш мектепте филология пэндерін оқытудың теориясы мен эдістемесі» кафедрасы
Диплом жұмысы
Тақырыбы: I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері.
Ғылыми жетекшісі: профессор Молдабек Қ.
Орындаған: Полатова Г.Ә. іПЫ$ fepy Лійер:
{өцщ&ваД.Ә. jUA'
д иректоры Дүйсембеков Е.Д.
?ё
ш
Шымкент 2005
М.Әуезов атындағы ОҚМУ 0315-" педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі" мамандығын бітіруші Гүлнәр Полатованың "I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысының түзу әдіс-тәсілдері "жазған дипломдық жұмыс тақырыбына
ПІКІР
Еліміз егемендік алғалы бері ұлттық салт-дәстүрімізге, сана-есімізге, ұлттық мектептерімізге лайық оқулық түзу мәселесі-қазіргі таңның аса күрделі де өзекті мәселесінің бірі. Осыған байланысты бірден айта кететін нәрсе - студенттің батылдығы, іздемпаздығы, ғылым құмарлығы. Бұл бізді қуантты.
Қазіргі таңда оқулық түзудің бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Студент соларға шолу жасай келіп, оқулық лингвостатистикалық тәсілін қалады. Бұнысы - құптарлық. Себебі оқулыққа қанша аз, қанша мәтін, сол мәтіннің көлемі қандай болу керек. бнда қандай сөздер қамтылуы керек деген мәселені шешіп алмай тұрып, оқулық түзуге кірісу алғырттық болар еді. Осы тұрғыдан алғанда дипломанттың жүмысы оқулық түзу мәселесіне кіріспе десек те болады.
Дипломды жазу барысында студент алдына қойған мақсатын толық орындаған, оларға жатық та көркем ғылыми тілімен жеткізе білген.
Диплом жүмысына қойылатын талаптар толық орындалып, жүмыс соларға сәйкес жазылған. Ал оның авторы Полатова Гүлнәр " өте жақсы" деген бағаға лайық деп білеміз.
Қ ожа Ахмет Иассауи атындағы
ХҚТУ-нің доценті, ф.ғ.к К^-Л Д. Молдалиева
М.Әуезов атындағы ОҚМУ 0315-" педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі" мамандығын бітіруші Гүлнәр Полатованың "I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысының түзу әдіс-тәсілдері "жазған дипломдық жұмыс тақырыбына
ПІКІР
Еліміз егемендік алғалы бері үлттық салт-дәстүрімізге, сана-есімізге, ұлттық мектептерімізге лайық оқулық түзу мәселесі-қазіргі таңның аса күрделі де өзекті мәселесінің бірі. Осыған байланысты бірден айта кететін нәрсе - студенттің батылдығы, іздемпаздығы, ғылым құмарлығы. Бүл бізді қуантты.
Қазіргі таңда оқулық түзудің бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Студент соларға шолу жасай келіп, оқулық лингвостатистикалық тәсілін қалады. Бұнысы - қүптарлық. Себебі оқулыққа қанша аз, қанша мәтін, сол мәтіннің көлемі қандай болу керек. бнда қандай сөздер қамтылуы керек деген мәселені шешіп алмай түрып, оқулық түзуге кірісу алғырттық болар еді. Осы түрғыдан алғанда дипломанттың жұмысы оқулық түзу мәселесіне кіріспе десек те болады.
Дипломды жазу барысында студент алдына қойған мақсатын толық орындаған, оларға жатық та көркем ғылыми тілімен жеткізе білген.
Диплом жүмысына қойылатын талаптар толық орындалып, жүмыс соларға сәйкес жазылған. Ал оның авторы Полатова Гүлнәр " өте жақсы" деген бағаға лайық деп білеміз.
Қожа Ахмет Иассауи атындағы ХҚТУ-нің доценті, ф.ғ.к
Д. Молдалиева
М. Әуезов атындағы ОҚМУ 0315-" педегогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы ПО-01-4к4 тобының студөнті Полатова Гүлнәрдің "I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт түрғысынан түзу әдіс-тәсілдері" тақырыбына жазған дипломдық жұмысына
ПІКІР
Мектеп оқулығын түзу мәселесі - қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе. Себебі дұрыс оқулықсыз біпім жоқ. Оқулық - білім берудің негізі. Диплом жазушы жақсы түсінген.
Аталған тақырып бойынша Гүлнәр Полатова бастауыш сынып мұғалімдері секциясында баяндама жасады. Тақырыпқа орай тартымды да тартысты пікірталас болды. Мүғалімдер өз пікірлерін айтты. Кейін көргеніміздей дипломант айтылған сын ескертулерді өз жүмысында ескерді.
Тың тақырып, тың мәселе болғандықтан талас тудырарлық жәйттер баршылық. Дегенмен дипломанттың осындай қиын да аса ауыр мәселеге баруының ізі құптарлық жәйт".
Сарыағаш ауданы № 68 Талғат Оспанов атындағы орта мектебінің үжымы Гүлнәр Полатованың дипломдық жүмысын жоғары бағалап, мемлекеттік аттестациялау комиссиясынан Гүлнәр Полатоваға "өте жақсы" деген баға қоюды сұранады.
'
Мектеп директоры /-Je/T Дүйсембеков Е.Д
/
■•■:. ■
"0315-"педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі" мамандығы по-01-4к4 тобының студенті Г. Полатованың "I сынып қазақтілі окулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан түзу әдіс - тәсілдер тақырыбына орындаған дипломдық жұмысына
ПІКІР
Г. Полатова аталған тақырып бойынша 2 курстан бері жұмыс істеуде. Тақырыпқа орай көптеген ғылыми - теориялық, ғылыми -әдістемелік әдебиеттерді қарастырды. Облыс, қала мектептерінде болып бастауыш сынып мұғалімдерінен пікірлесті. Мектептерде арнайы баяндама жасады. Университетте өткен студенттердің ғылыми - практикалық конференцияларында баяндамалар жасап, талқылаудан өтті.
Жұмыстың басты ерекшелігі - оқулық түзу мәселесін лингвостатис-тикалық тұрғыдан зерттеуі және тың әдіс, қатысымдық әдістен пайдаланды.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Әрбір бөлімдегі тақырыпшалар алдына қойған мақсат пен міндетке сай жазылып тиісті пікірлермен толықтырылды.
Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті.
Жұмысты қорғауға жіберуге болады.
Ғылыми жетекшісі: dL . ^^г^^^^ ""^_ проф. Қ. Молдабек.
МАЗМҮНЫ
Достарыңызбен бөлісу: |