195
Тек есте жоқ,
Күлдім бе, жыладым ба?! (Отыз бесінші көктем).
Тұмшалап қойдың несіне сонша қаусырып,
Шандудан бөлек қалған ба шараң таусылып? (
Бұлқынып
жатыр).
Сағынып, аңсап барғанда,
Сағына күткен жан бар ма? (
Сағынып, аңсап барғанда
).
Көңілге салып неше мұң,
Жүрегім кімді жоқтады?!
(
Сағынып, аңсап барғанда
).
М. Мақатаев шығармалары мәтіндеріне қойылған тақырып, тақы
-
рыптардағы сұрақ белгісінің
мәні сол жерде аяқталмайды, мәтіннің
мазмұнынан, идеясынан одан сайын айқын көрініп, тереңдей береді.
Ақын шығармалары тақырыптарындағы сұрақ жеке өлеңнің ғана емес,
ақынның бүкіл шығармашылығының
мазмұнынан көрініс тауып
отырады. С.Д. Кржижановский мәтін мен тақырыптың ішкі байла
-
нысын, мағыналық бірлігін зерттеу барысында жасаған талдауларын
тұжырымдай отырып: «Оқыған сайын бірте
-
бірте ашылып, бірте
-
бірте
қалыңдай беретін, бірте
-
бірте көбейе беретін
кітап беттері сияқты
кітапты оқыған сайын тақырып та ашылып кітапқа айнала бастайды.
Кітап –
аяғына дейін ашылған тақырып, ал тақырып –
екі
-
үш сөзге
сыйдырылған кітап», –
деген түйінді ой
айтады
[103
, 9]. С.Д.
Кржижа
-
новский пікірі мәтін мен тақырыптың ішкі байланысы мен
мағыналық
бірлігін
дәл
көрсетеді.
М.
Мақатаев
шығармашылығындағы сұраулы тақырыптар ақынның қоршаған
ортадағы,
тұрмыс
-
тіршіліктегі сан
-
қилы жағдайға байланысты
туындайтын, жағымды, жағымсыз эмоция
-
ларының көрінісі.
Жалпы
тақырыптардан
ақын
шығармашылығының
бейнесін,
ақын
шығармашылығынан ақынның өз бейнесін көруге болады. Ақынның
ішкі күйзелісінің жауабын таба алмай шарқ ұруы,
жанын ұғар жан
іздеп сабылуы, рухани жалғыздықтың себебін іздеп сергелдеңге түсуі
–
шығарма тереңіне бойламай жатып
-
ақ, тақырып
-
тардың ішкі сырына
үңіле бастағанда
-
ақ, жауап табылмаған сан сұрақ қойыла бастағанда
-
ақ көрінеді. Ақынның «Өмір жайлы» атты өлеңіндегі:
Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің кесе, қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген, –
деген жолдардан ақынның ішкі күйін, өміріндегі сан сұрақтың
жауабын өзі де таба алмай жүргендігін аңғаруға болады. Түрлі
эмоцияға толы ақынның ішкі толғанысы аталған өлеңде ары қарай:
196
Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көріп, нені сезді, не білді.
Неге ақылды ақымақтан жеңілді,
Біреу жылап, біреу неге көңілді?
–
Достарыңызбен бөлісу: