Қазақ тіліндегі эмоционалды


 Көркем мәтінге эмоционалды реңк беретін тілдік құралдар



Pdf көрінісі
бет162/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
4.2 Көркем мәтінге эмоционалды реңк беретін тілдік құралдар 
 
Көркем әдебиет тілі өзінің айтарлықтай икемділігімен, айқынды
-
лығымен және динамикалығымен ерекшеленеді. Көркем әдебиет тілі 
кез келген жағдаятты бейнелеуде қолдануға икемді. Көркем әдебиет 
тілі тілдік құралдарды жаңа мағынада қолдануға мүмкіндік береді. 
Көркем әдебиет тілі адамзаттың өзара қарым
-
қатынасының сан алуан 
қажеттілігін өтеуге тез бейімделеді, сондықтан да адамзаттың негізгі 
әрі жалпы алғанда баға жетпес құралы болып қала береді. Н.Д. 
Арутюнова «Функции языка» атты еңбегінде: «Адамзаттың аса маңыз
-
ды қатынас құралы бола отырып, тіл адамдарды біріктіреді, олардың 
тұлғааралық және әлеуметтік өзара қарым
-
қатынастарын реттейді
олардың практикалық қызметін үйлестіреді, әлемнің дүниетанымдық 
жүйесі мен ұлттық әлем бейнесін қалыптастыруға қатысады, ақпарат
-
тың, оның ішінде тарих пен халықтың тарихи тәжірибесіне және 
индивидтің жеке тәжірибесіне қатысты ақпараттың жиналуы мен 
сақталуын қамтамасыз етеді, санада ұғымдарды ажыратады, жіктейді 
және орнықтырады, адамның санасы мен өзін
-
өзі жетілдіруін қалып
-
тастырады, көркем шығармашылық әрекеттің материалы және форма
-
сы қызметін атқарады»


деп жазады [10
8
, 598]. Тілдің негізгі қызмет
-
тері: коммуникативтік қызмет (сөйлесу қызметі); ой қалыптастыру 
(ойды тиянақтау және жеткізу қызметі); экспрессивтік (сөйлеушінің 
ішкі жай
-
күйін білдіру қызметі); эстетикалық (тіл құралдары арқылы 
әсемдікті сезіну қызметі). 
Коммуникативтік қызмет тілдің адамдар арасындағы қарым
-
қатынас жасау құралы қызметін атқару мүмкіндігі болып табылады. 
Тіл хабарламаларды түзуге қажетті бірліктерден, олардың жұмсалуын 
ұйымдастыратын ережелерден тұрады және әңгімеге қатысушылардың 
санасында ұқсас үлгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Тілде, 
сондай
-
ақ коммуникацияға қатысушылардың арасында байланыс орна
-
тып, әңгімені жандандыруға қажетті арнайы құралдар болады. Сөйлеу 
мәдениеті тұрғысынан коммуникативтік қызмет сөйлеу коммуни
-
кациясына қатысушылардың
қарым
-
қатынастың жемісті болуын


199 
сондай
-
ақ сөйлеуді дұрыс түсінудің жалпы мақсатын көздейді. Әдеби 
тілдің нормаларын сақтамайынша, қарым
-
қатынастың функциональ
-
дық тиімділігіне жету мүмкін емес. Ой қалыптастыру қызметі тілдің 
ойды тиянақтау мен жеткізу құралы қызметін атқаратындығынан көрі
-
неді. Тілдің құрылымы ойлау категориясымен органикалық тұрғыдан 
байланысты болады.
«Ой әлемінде ұғымды дара бірлік ретінде көрсете 
алатын сөз оған (ой әлеміне) өздігінен мол нәрсе қоса алады», –
деп 
жазады жалпы тіл білімінің негізін салушы
В. фон Гумбольдт [10
9, 
318]. 
Бұл сөз ұғымды айқындап, қалыптастырады, ойлау бірліктері мен 
тілдің
таңбалық бірліктері арасында қатынас орнатады дегенді білді
-
реді.
Сондықтан да В. Гумбольдт «тіл ойды жетілдіруге негіз болуы 
тиіс. Ой, тілден алшақ кетпей, оның бір элементінен кейін екіншісін 
қамтып, ойдағы барлық ұғымға тілде атау табуы тиіс»


деген 
болатын [10
9
, 345]. В. Гумбольдтың пікірінше, «ойға сәйкес болуы 
үшін тіл, мүмкіндігінше, өзінің құрылымы арқылы ойлаудың ішкі 
ұйымдастырылуына сәйкес болуы тиіс» 
[
109, 318]. 
Экспрессивті қызмет тілге сөйлеушіге қандай да бір ақпаратты 
жеткізіп қана қоймай, оның сөйлеушінің хабардың мазмұнына, 
әңгімелесушіге, қарым
-
қатынас жағдайына көзқарасын, яғни ішкі жай
-
күйін білдіруінің құралы қызметін атқаруға мүмкіндік береді. С. 
Мұратбековтың «Үскірік» атты әңгімесінде табиғат та кейіпкердің сол 
уақыттағы жан
-
дүниесімен үндестіре суреттеледі. Қазіргі ғылым 
рухани әлем үш негізгі құбылыстан: мінез
-
құлық актісінен; сезінген 
субъективті құбылыстан; санасыз психикалық құбылыстан тұрады деп 
дәлелдейді. Әңгімедегі психологиялық процестер Дәнештің сол сәттегі 
күн сәулесіне
қатысты ойымен астасып жатады. Жағымды реңкте, 
жарқын бейнеде көрінетін күн сәулесі де Дәнеш үшін сол сәтте 
жексұрын болып көрінді. Дәнеш үшін күн сәулесі де Қайроштың 
жексұрын күлкісіндей болып көрінеді:
Күн ұясына қонып барады. Ортан белінен батыпты. Сөніп бара 
жатқан шоқ сияқты. Күрең қошқыл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет