Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет164/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

«...Соғыс жүріп жат
-
ты. Елдің жаны жаралы, көңілі қаралы. Осы кезде өмір мен үшін 
өзінің беймәлім беттерін аша берді, халық тұрмысының сан тарау
-
ларын өз көзімізбен оқуға мәжбүр болдық. Кейіннен мұның біразын 
шамам келгенше «Бетпе
-
бет», «Ана –
 
жер ана», «Жәмилә», «Шы
-
нарым менің, шырайлым менің» сияқты повес
-
терімде көрсетуге 
тырысқан едім», 

дейді. 
Ш. Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» повесі 
кейіпкердің ішкі әлемін, бар болмысын қоршаған ортамен астастыра 
суреттеген шығармалардың бірі. Шығарманың идеялық көркемдік 
мазмұнын аша түсетін негізгі көркемдік құрал –
символикалық бейне
-
лер шығармада шешуші, маңызды мәнге ие болған. Шығармадағы сим
-
воликалық бейнелер мазмұнмен біртұтас бірлікте беріледі. Шығарма
-
дан үзінді: 
«...Суға төніп кеп, паң жарқабақтың үстіне тоқтадық. 
Қайран, қырғыз жерінің мәңгі
-
бақи жыры боп өткен Ыстықкөл. 


201 
Осынау теңіз ғашықтардың ән
-
жыры мен аңызына толы дегенге 
кім сенбес?! Мөлдіреп, құлпырып, шалқып жатты көк теңіз.

 
Қарашы, Әсел, аққуларды қара! –
 
деп айғайлап жібердім. 
Аққулар Ыстықкөлде күзде ғана болады, қыстап шығады. Ал 
көктемде өте сирек ұшырасады. ...Кешкі көлдің үстінде бір топ 
аққу қалықтап жүр..»
(Ш. Айтматов). Автор айдын көлдің аруы 
аққуды таза, пәк көңіл, қасиетті сезіммен шебер сабақтастырған.
Ойлау нәтижесі тiл арқылы бейнеленедi. Сондықтан ауызша не 
жазбаша түрде айтылатын ойдың түсiнiктi, нақтылы болуына айрықша 
көңiл бөлiп, оның мазмұнын дәл бере алатын тiлдiк құралдарды 
сұрыптап қолдана бiлудiң маңызы зор. Көркем шығармада тiлдiк 
тәсiлдер көркемдiк мақсатта жұмсалады. Образды сөздер жиi қолданы
-
лады. Әр жазушының өзiнiң талғамына қарай тiл ерекшелiгi, қолдану 
тәсiлi болады. Ол ерекшелiктердiң бәрi бiр
-
бiрiмен ара қатынаста 
болып, көркем шығарманың қайталанбайтын, айрықша ерекшелігін 
жасайды. Көркем әдебиет –
ойды және сезiмдi образ арқылы бейне
-
лейтiн айрықша өнер.
Аталған шығармада жазушы қуаныштан жүрек
-
тері алып ұшқан қос ғашық сезімінің асып
-
тасып шалқығанын ерекше 
шабытпен суреттеген. Төмендегі екі мәтінге назар аударайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет