200
Мұнда жазушы сезім күйлерін жалаң бермей, ойдың бейнелілігімен
астастыра берген. Жазушы қолданған көркемдік тәсіл оқырманның
кейіпкердің эмоциялық жағдайына терең бойлауына күшті
ықпал етіп
тұр.
Тіл адамның ойын ғана емес, эмоциясын да білдіреді. Экспрес
-
сивтік қызмет қоғамда қабылданған этикет аясында сөйлеудің эмоцио
-
налдылығының айқындығын қамтамасыз етеді. Эстетикалық қызмет
адресаттың эстетикалық сезімін қанағаттандыруына бағытталады.
Эстетикалық қызмет ең алдымен поэтикалық стильге (фольклор, көр
-
кем әдебиет) тән, алайда мұнымен шектелмейді. Эстетикалық қызмет
тіл байлығын, сөйлеудің оралымдылығын, адамның эстетикалық
талғамына сәйкес келуін көздейді.
Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану
ғылымында сөздің эмоционалды бояуы, экспрессивті
-
стилистикалық
бояуы, тілдік мағынаның экспрессивті
-
бағалауыштық компоненті
мәселелері негізінен көркем мәтінге қатысты қарастырылып жүр.
Зерттеу жұмысына тілдік фактілер алынған Ш. Айтматов әдебиет
әлеміне адам жанын толқытып баурайтын, ой құдіреті мен құпияларын
ашудың шебері ретінде танылған жазушы. Жазушы өмір шындығын,
адамның жан сырын, тазалығын өзгеше бір эмоциялық күш
-
қуатпен
өріп, көркемдігін арттыра білген. Көркем шығармада тiлдiк құрал
-
дарды дұрыс, ұтымды қолдана бiлудiң үлкен мәнi бар. Жазушы үшін
айтылатын ойдың мазмұнына байланысты тiлдiк құралдарды сұрыптап
қолдану заңдылықтарының,
сөз арқылы жеткiзiлетiн ой мен оның
мазмұнының арасында тығыз байланыстылықтың мәні зор. Ішкі
эмоцияны сөзбен берудің жазушы үшін табиғи қасиет екендігін Ш.
Айтматовтың көркем шығармаларынан ғана емес тіпті өмірбаянынан
да аңғаруға болады.
Ол өзінің өмірбаянында:
Достарыңызбен бөлісу: