Қазақ тіліндегі эмоционалды


Эмоционалдылықтың тілдік механизмі



Pdf көрінісі
бет171/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

4.3 Эмоционалдылықтың тілдік механизмі:
автор сөзі мен 
кейіпкер сөзі
 
Эмоционалдылықтың тілдік механизмін ашу мақсатында дереккөз 
ретінде негізінен көркем шығармадағы кейіпкер сөзі мен автор сөзін 
ала отырып талдау жасауды мақсат тұтып отырмыз. Яғни көркем 
шығармадағы төл сөздер мен автор сөздері алынып отыр. «Төл сөз 
құрамы жағынан әр алуан болып келеді. Ол жеке бір сөз болуы да, бір 
сөйлем болуы да, болмаса әлденеше сөйлемдер тізбегінен құралған 
тұтас бір үзінді болуы да мүмкін. Төл сөзде сөйлемнің әр алуан 
мағыналық түрлері болады: хабарлы, сұраулы, лепті болып келеді. 
Соған қарай оның әр сөйлемінде өзіне лайықты сазы, интонациясы, 
ритмика
-
мелодиялық ерекшеліктері болып отырады» [9, 732]. «Төл 
сөздің айналасында міндетті түрде автор сөзі
 
жүреді және ол екеуінің 
жігі айқын байқалып, бір
-
бірінен
 
бөлектеніп тұрады.
 
Төл сөзді автор 
сөзімен байланыстыру үшін оған тұлғалық өзгерістер енгізу қажет 
болмайды, тек дәнекер ретінде 
де
етістігі қолданылады» [9, 732].
 
Бұл 
әрине, эмоцияны тілдік құралдар арқылы білдірудің түрлі тәсілдерінің 
бірі ғана. Тілдік бірліктер арқылы берілген нақтылы бір эмоция 
мағынасының толық ашылуы үшін қазақ тілінің көптомды түсіндірме 
сөздігінен алынған тілдік
деректер де келтіріліп, қажет болған жағдай
-
да оларға да талдау жасалады.
 
Көркем шығармалардан алынған кейіпкер сөздерінің барлығы 
талдауға, сөздің, сөйлемнің мағынасын ашуға, эмоцияны білдірудің 
құралы ретінде қолданылып тұрғандығын дәлелдеуге ыңғайлы
болу 
үшін оны қоршаған тілдік бірліктермен бірге алынды. Адам эмоция
-
сын білдірудің, бейнелеудің тілдік құралдарын талдау мақсатында 
шығармадан алынған төл сөздердің кейбірі контекссіз
-
ақ эмоциялық 
реңкті білдіріп тұрады, ал кейбірінің мәнін тек контекске
қарап 
ажыратуға болады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет