210
па? Зейіні артық па? Артық болса, малы артық. Дүние шіркін
-
ай!
Кегімді алар күн болар ма екен!..»
–
деп, ішінен зығыры қайнап жүрді
(Ж. Аймауытов, Қартқожа)
.
Эмотивті сөйлеу актісінің функционалды аспектісі қазақ тіл
білімінде арнайы зерттелмегенімен, тілдік бірліктердің функционалды
-
лығына қатысты ғылыми
-
зерттеу жұмыстарында фрагментарлы түрде
айтылып жүр. Эмотивті сөйлеу актісі тұлғааралық эмоционалды
-
бағалауыштық қарым
-
қатынастың ықпал етуі аясында қарастырыла
-
ды. Көркем шығармалардағы кейіпкер сөзі ауызекі сөйлеу тілінің адам
эмоциясын берудің, бейнелеудің таптырмас құралы бола алатындығын
ұғынуға мүмкіндік береді. Ж. Аймауытов шығармаларына талдау
жасай отырып, жазушы өз кейіпкерлерінің эмоциясын халықтың
ауызекі сөйлеу тілі арқылы, яғни, шығармадағы кейіпкер сөзі арқылы
шебер жеткізгендігін аңғаруға болады. Сол сияқты бірдей эмоцияны
әркелкі сөздермен де жеткізуге болады. Эмоция теориясының психо
-
логиялық тұрғыдан шешілуінің қиындығы да осында.
Достарыңызбен бөлісу: