Қазақ зиялыларының дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметін көрсетіңіз Мұсылман фракциясы


Саяси сенімсіздік пен жекеленген халықтарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару – ұлттық намысты қорлаудың нақты мысалы ретінде көрсетіңіз



бет10/22
Дата25.02.2023
өлшемі122,16 Kb.
#170115
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
2 dengei - копия

Саяси сенімсіздік пен жекеленген халықтарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару – ұлттық намысты қорлаудың нақты мысалы ретінде көрсетіңіз
Кеңес өкіметінің күштеп қоныс аудару саясатына алдымен Қиыр Шығысты мекендейтін кәрістер жапон үкіметі соғыс тұсында шекара маңындағы кәрістерге сенімсіздікпен елдің ішіне қарай көшірсе, Кеңес үкіметі де жапон армиясы жасырын қызмет атқарулары мүмкін деген күдікпен кеңестік кәрістерді жер аударды. Мысалы, КСРО-ның ХКК мен БКП(б) ОАК-ның 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулысында Қиыр Шығыс кәрістерінің қоныстарын аудару «өлкеге жапон тыңшыларын өткізбеу мақсатында» жүргізілгенін айтады. Қиыр Шығыста тұратын кәрістер түр-түсі мен келбеті жағынан ұқсастығына байланысты «жапон тыңшылары» деген желеумен жер аударылып, сенімсіз халық деп танылды. Сонымен, 1937 жылғы қыркүйектің алғашқы күндерінде корейлерді Қазақстанға шұғыл көшіру ісі басталып кетті. Жоспар бойынша Қазақстанға 14600 корейлер шаруашылығы көшіп келеді деп күтілді. 1937 жылдың 9 қазанында Қазақ КСР Халкомы корейлерді Қазақстанның аймақтарына орналастыру туралы арнайы қаулы қабылдады. Бірақ көшіп келген корейлер қожалықтары белгіленген жоспардан асып түсті. 1938 жылдың ақпанына дейін Қазақстанға 20 789 корейлер жанұясы, яғни 98 454 адам жер аударылды [22, 47-б.]. Содан кейін құрыққа ілінген Әзірбайжан, Армян республикаларынан шекараға жақын орналастырылған күрд, армян, парсы, түрік халықтарының кейбір өкілдері Қазақстанға жер аударылды. 1941 жылдың 28 тамыздағы КСРО Жоғары Кеңесі төралқасының «Еділ бойында тұратын немістердің қоныстарын аудару туралы» жарлықта: «Мыңдаған лаңкестер мен тыңшылар бар, олар Германиядан келетін хабар бойынша жарылыстар ұйымдастыруды көздейді», яғни КСРО-ға қарсы бағытталған әрекет жасауда деп көрсетілген. Негізсіз тағылған бұл жаланы кеңес үкіметі өзіне тән екіжүзділікпен көп жыл өткен соң қайта қарап, немістердің алдында кешірім сұраған сыңай танытып, былай деп атап көрсетті: «Бұл дәлелсіз айыптардың негізсіздігін және Сталиннің жеке басына табыну жағдайларындағы жүгенсіздік көрінісі болғанын көрсетті» Кеңестік немістерге қарсы жасалған осынау саяси сойқанна Днепрдің батыс жағындағы немістер ғана аман қалды. өйткені, неміс әскерлері 1941 жылдың 25 тамызында Днепропетровск қаласын басып алған болатын. Осылайша соғыс басталысымен Еділ бойындағы немістер туған жерлерінен аластатылды. Сол кездегі де, кейінгі де архив құжаттарын ақтарған зерттеушілер кеңестік немістер арасынан бірде-бір сатқын мен тыңшылар туралы дерек таба алмады. 1941 жылдың күз айында немістердің автономиялы республикасы кеңес картасынан мүлдем жойылып, оның 7 ауданы Сталинград облысының, 14-і Саратов облысының құрамына қосылды. Автономияны жою жөніндегі бұйрық оңай орындалды. Тек Еділ бойындағы ғана емес, Ленинград, Мәскеу, Кавказ бен Қырымдағы немістер де жер аударылды. Сібір, Алтай өлкелерімен қатар немістердің ең көп қоныстандырылған жері – Қазақстан болды [23, 29-30-б.]. 1941 жылдың 25 қазанында Қазақстанға 467 мың Еділ бойы немістерін қабылдау жоспарланды. Қазақстан облыстарына төмендегідей етіп бөлу жоспарланды.



13



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет