1.2. Азаматтық құқық ғылым және оқу пәні ретінде
Азаматтық құкық және азаматтық, зандар ұғымына, жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласын азаматтық құқык ғылымы деп атайды.
Азаматтық құқық ғылымының міндеті – азаматтық - құқықтық нормалар жүйесінің және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының ерекшеліктерін анықтайтын жағдайларды зерттеу. Егер азаматтық - құқықтың пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласы болса, азаматтық кұқықтың ғылымының пәні құқықтық нормалардың жиынтығы — нақ азаматтық –құқықтың өзі болып табылады (азаматтық-кұқықтың) анықтамасы I тарауда берілген). Әлбетте, бұл пән азаматтық- құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастарды да, бұл нормалардың заңдарда бейнеленуін де, олардың әр түрлі мемлекеттердегі ерекшеліктерін де, оларға сын тарапынан берілген бағаны да және жетілдірілу мүмкіндіктерін де қамтиды.1
Азаматтық құқық ғылымы бұрын қолданылып келген кұкыктық жүйелерді, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін, даму бағыты мен оған ықпал ететін факторларды бағалай келе, азаматтық-құқықтың даму тарихына айтарлықтай көңіл бөледі. Азаматтық-құқықтың даму тарихын зерттеуде ғылымның өзінің, оның жасаушылары мен зерттеушілерінің тарихы, ғылыми тұжырымдамалар мен көзқарастардың тарихы едәуір орын алады. Біздің замандасымыз, қазір АҚШ-та тұратын, Ленинград мемлекеттік университетінде көп жыл жұмыс істеген, Қазақстанның азаматтық-құқықтық ғылымының дамуына тікелей белсене қатысқан профессор О.С. Иоффе азаматтық-құкықтық ғылымның осы саласына зор үлес қосты.2
КСРО-ның құқықтық ғылымының дамуына А.В. Венедиктов, С.Н. Братусь, Р.О. Халфина, О.А. Красавчиков, Ю.Х. Калмыков секілді цивилист-ғалымдар зор ықпал етті. Бұлар цивилистік ақыл-ойға идеологиялық және мемлекеттік қысым жасалып тұрған жағдайлардың өзінде қазіргі кезде ТМД елдерінің азаматтық-құқықтық ғылымының, оның ішінде Қазақстан ғылымының дамуына жәрдемдескен шынайы азаматтық-құқықтық тұжырымдамаларды қорғай алды.
Азаматтық құқық ғылымы дүние жүзі құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін зерттейді, мұндай ерекшеліктердің пайда болу себептерін анықтайды, оларды салыстырады және бағалайды. Азаматтық-құқықтық ғылымның бұл саласы салыстырмалы құқықтану ғылымының едәуір бөлігін құрайды.
Азаматтық құқық ғылымы қолданыстағы азаматтық заңдарға және оның практикалық тиімділігіне сыни баға беруге зор көңіл бөледі, заң актілерін дайындау барысында жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді, құқықты қолданудың нақты саяси, экономикалық жөне әлеуметтік жағдайларына заңдардың сәйкестігін анықтайды, зандардағы олқылықтарды көрсетеді және оларды жою жолдарын ұсынады, құқықтық нормаларды жетілдіруге жәрдемдеседі; осы мақсатпен дүниежүзілік төжірибе байыппен зерттеледі.
Азаматтық құқық ғылымы қашан да ғылыми көзқарастардың, мектептер мен бағыттардың күрес жүргізуі жағдайында дамыды. Мұндай күрес ғылыми ұстанымдар мен идеялардың әлсіздігін анықтауға, ғылыми ақиқатты дәлелдеуге мүмкіндік береді. Ол әдетте ғылыми пікірталастар, айтыстар түрінде, арнаулы ғылыми жарияланымдар мен мерзімді баспасөз беттерінде, ғылыми конференцияларда, семинарларда, талқылауларда, басқа да ғылыми кездесулерде, аудиторияға, ғылыми қарсыластар мен оппоненттерге ғалымның пікірін жеткізуге, өз атына айтылған сын пікірлерге жауап беруге, өзінің ұстанымдары мен тұжырымдамаларын қорғауға мүмкіндік беретін өзге де түрлерде жүргізіледі.
Кеңестік цивилист-ғалымдардың атап өтерлік жақсы қасиеті - олар тіпті қатаң цензура және партиялық-мемлекеттік идеологияға сай келмейтін пікірлер басып-жанышталатын кезеңнің өзінде өздерінің идеялары мен көзқарастарын ашық қорғай білді. Сол кездегі ғылыми пікірталастарда айтылған көзқарастардың көпшілігін азаматтық құқық ғылымы жаңа, қазіргі даму жағдайларында да түсіністікпен қабылдады. Мысалы, цивилист-ғалымдардың "шаруашылық құқығы" (бұл тұжырымдама туралы осы оқулықтың I тарауында айтылады) тұжырымдамасына қарсы ондаған жылдарға созылған ғылыми күресін, азаматтық құқық пәні және қоғамдық қатынастарды реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі туралы, заңды тұлғаның, әсіресе, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің мәні және басқалары туралы қызу пікірталастарын атап керсетуге болады. Сол пікірталастар үстінде ұсынылған көптеген қағидалар қазір де Қазақстанның азаматтық-құқықтық ғылымның қаруы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |