Азаматтық қүқық ғылымы


Азаматтық құқықтың қайнар көздері



бет6/9
Дата20.06.2022
өлшемі248 Kb.
#146880
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Азаматтық құқықтың түсінігі

1.5 Азаматтық құқықтың қайнар көздері
Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне - Оларға ҚР-ның Конституциясы, Азаматтық құқық кодексі,нормативтік құқықтық актілер,Азаматтық құқық пәні,бағалы қағаздар жатады. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздерінде заңды фактілер жатады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байлансты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабына сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер:
1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілерден;
2) заңдарға сәйкес азаматтық – құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгіленген сот шешімінен;
4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;
5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интетеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;
6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау салдарынан;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
8) заңдар азаматық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықытың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғашарттары олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке және азаматық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.
Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегенімізазаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттлігі барлық азаматтарға бірдей, ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқықтық қабілеттілік азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктеуге ; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналасуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу, өнербастыларға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интелектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интелектуалдық меншік құқығы болуға, материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесініңң атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құққықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттерді көзделуі мүмкін; азамат тқрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері жеп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықты азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып табылады.
Заңды тұғалардың құқықтық қабілеттілігі дегеніміз - олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.
Азаматтың әрекет қаблеттілігі дегеніміз – азаматтың өзінің іс-қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық қабілеттіліктің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, шектелген деген сияқты түрлері бар.
Алты жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сонымен бірге, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді.
Жартылай әрекет қабілеттілігі – 6-14 жасқа дейінгі балаларға тән. Азаматтық заңнамалар бойына олар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әркекет қабілеттілігі бар деп мойындалады. Бұл жастағы азаматтар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанаға сай келуге тиіс. Он төрт жастан он сегз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интелектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы.
Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеулі немесе ол құқықтан айырылуы мүмкін. Он төрт жастан он сенгіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар осы баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін осы Кодекстің ережелері бойынша жауап береді.
Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады. Бұл жерде мынадай бір сәтті есімізге салып кеткеніміз жһн. Егерде заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда,он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігі сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт ішімдіктеріне есірткі заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бла алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға заттар, ақша, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүлктік емес игіліктер мен құқықтарға жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті , абырой , игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Азаматтық құқықтық қатынастарың түрлері қатынастардың негізгі материалды игіліктердің болуы және болмауына байланысты қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мүліктік, материалды игіліктер сипатында болатындықтан, олардың экономикалық мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға адамның, азаматтың өмірі, денсаулығы,еркіндігі, бостандығы, қаупсіздігі, ар-ожданы, намысы, аты-жөні т.с.с. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады. Мүліктік, материалды игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан екіншілеріне көшуі, қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші біреуге берілмейді, көшпейді.
Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегенімз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.
Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар: бірішіден, мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматық құқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсатты жоқ әрекет – қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден , мәміле, көп жағдайда заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет, үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өщгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматтық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарды азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.
Мәміленің түрпішіндері. Мәміле ауызша, жазбаша, не болмаса конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу сияқты түрпішіндерде болады.
Мәмленің ауызша түрпішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жеде мәміле жасаушыларың еркі тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін. заңдармен немесе келісіммен жазбаша немесе өзге белгілері бар нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған мкезде атқарылған мәмілердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. ауызша мәміле адамның мінез құлқынан оның мәміле жасау еркі көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.
Жазбаша мәмілелер:
1) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттерден басқа, кәсіркерлік қызметүрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында;
2) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүзесептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түрпішінде жасалуы тиіс;
3) заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуы тиіс
Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жаслаған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға иіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефонжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерлік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың клісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Заңдармен және тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларды осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиіс.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азаат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сонрдай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып, куәландыруға тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тарапт ың да осындай құқығы бар. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін[4].
Мәміленің конклюдетті түрпішіні мысалы жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Сонда, адамның мәміле жасауға деген еркі айқын көрініп тұруын, мәміле жасайын деген нетінің байқалып тұруы арқылы мәміленің жсалуы конклюдетті мәміле деп аталады. Мысалы, банкоматта карточканы салып ақша алу, көшеде телефон –автоматқа карта салып сөйлесу, қоғамдық көлік кіргенде жол ақысын төлеп билет алу сияқты әрекеттерлі жатқызуға болады.
Үндемеу , заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасааға ерік білдіру деп танылады.
Азаматтық құқықтың әдістемесі
Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқылық жағдайында (статусында), құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұнын айқындау әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла көрсетілген.
Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:
а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар-ақша және басқа қатынастарына негізделген Заңды түрдегі теңдігімен сипатталады (АК-тің 1 және 2-бабының 1-тармағы). К.Маркс "Капиталда" былай деп жазды: "Бұл заттар бір-біріне тауар ретінде қатысуы үшін тауар иелері бір-біріне адам ретінде, бұл заттарды еркімен билейтін адам ретінде қатысуға тиіс: сонымен, бір тауар иесі тек екіншінің еркі бойынша, демек олардың әрқайсысы екеуіне ортақ ерікті акт арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге тауарды өзі иемденеді. Демек, олар бірін-бірі жекеменшіктік деп білуге тиіс". Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігіне келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқықты, тәуелсіз субъектілер екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік окшаулыққа ие болады, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл азаматтық құқық субъектілерінің бірде-бірі Азаматтық құқық қатынасында екінші жаққа біржақты міндет жүктеуіне болмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда, екінші жақ үшін міндетті болып табылатын шешімді қабылдай алмайды;
ә) азаматтар мен Заңды тұлғалар өздерінің Азаматтық құқық-тарына өз еркімен және өз мүлдесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың Заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті. (АК-тің 2-бабының 2-тармағы). Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін жағдайларды таңдауына мол мүмкіндік жасалады;
б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігін таңдауға ерікті (теңдік және тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі).
Азаматтық құқықты қорғау сотпен (төрелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, қорғанудың азаматтық істерді жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістері қолданылады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау құқық қорғау туралы талап-арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды. Былайша айтқанда, сот бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға тиіс. Егер қандай да бір құқық әкімшілік жолмен қорғалса, онда ол заңға тікелей сүйенуі керек. Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа бірден жіберілмей, алдымен әкімшіліктің шешімін күтеді. Әкімшілік шешім қабылдағаннан кейін ғана оны сотқа беруге болады[5].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет