1.3 Қазақстан Республикасының азаматтық кұкық ғылымы
Қазақстанның азаматтық құқық ғылымы мұнда жоғары заң білімі алғашқы қадамдарын жасаған 30-жылдары пайда болды. Сондықтан Қазақстанның алғашқы заң жоғары оқу орындарының оқытушылары алғашқы қазақстандық цивилист-ғалымдар болды. Қазақстанның азаматтық-құқықтық ғылымының бастауында қазақстандық цивилист-ғалымдар М.А. Ваксберг, Г.М. Степаненко, А.И. Беспалова, Б.В. Покровский, И.Д. Фондаминский, М.Г. Масевич, Ю.Г. Басин тұрды. Олардың жұмыстары Қазақстанның азаматтық құқығының ерекшеліктерін зерттеуге бастама болды. Мұнда Алматы мемлекеттік заң институтының жас жетекшісі, Қазақстандағы заң ғылымының ең алғашқы кандидаттарының бірі (қазір — Ұлттық ғылым академиясының академигі) С.З.Зимановтың осы саладағы белсенді қызметі шешуші рөл атқарды. Оның қайратымен жөне күш-жігерімен Алматы мемлекеттік заң институтының бір топ жас оқытушылары Мәскеуде кандидаттық диссертациялар дайындап, ойдағыдай қорғап шықты.
50-жылдардың басынан бастап азаматтық-құқықтық проблемалар бойынша ғылыми жарияланымдар пайда болды. Алматы мемлекеттік заң институты ғалымдарының ғылыми еңбектерінің шығарылымы 1955 ж. жарық көрді. Құқықтың түрлі салаларындағы мамандар еңбектерінің ішінде С.З.Зиманов пен А.Ерсеновтың жерге феодалдық меншік құқығы туралы, М.А.Ваксбергтің сауданың құқықтық мәселелері туралы, Г.М. Степаненконың азаматтық кодекстердің мәтіндері туралы, Б.В.Покровскийдің колхоздармен жасалатын шарттар туралы жұмыстары болды.
50-жылдардың аяғы — 60-жылдардың басына қарай Қазақстан цивилистерінің құқықтық зерттеулері едәуір дамытылды. Қазақстандық заңгер-ғалымдардың ғылыми және оқулық кітаптары негізінен Мәскеуде жарық көре бастады, мысалы: "Правовые вопросы организации и деятельности совхозов" (1959 ж.); "Правовые вопросы проектирования в строительстве" (1962 ж.); "Комментарий к Положениям о поставках продукции производственно-технического назначения и товаров народного потребления" (1962 ж.).
Сол жылдары КСРО-ның барлық одақтас республикаларында қабылданған азаматтық кодекстерге берілген түсіндірмелердің алғашқысы — Азаматтық кодекске Түсіндірме айтарлықтай практикалық маңызы бар сүбелі ғылыми еңбек болды. Көлемі 50 баспа табаққа жуықтайтын ҚазКСР АК-на түсіндірме авторлар ретінде сол жылдары Қазақстанда жұмыс істеген азаматтық құқық саласының барлық ғылыми мамандарын біріктірді. Олардың ішінен Б.Б.Базарбаевты, Ю.Г. Басинді, А.И.Беспалованы, М.А. Ваксберггі, М-Г. Масевичті, С.И.Меерзонды, Н.Г. Мурзинді, Б.В. Покровскийді, Ғ.И.Төлеуғалиевты атауға болады. Ленинград мемлекетгік университеті азаматтық құқық кафедрасының меңгерушісі, азаматтық құқық саласының КСРО-дағы ең көрнекті өкілі — профессор О.С. Иоффе де авторлық ұжымға қосылды. 1972 ж. оның қатысуымен "Қазақ КСР-інің Неке жөне отбасы кодексіне Түсіндірме" жарық көрді[4].
Авторлық ұжымы айтарлықтай өзгерген "Азаматтық кодекске түсіндірмеңің" жаңа нұсқасы 1990 ж., ал "Неке және отбасы туралы кодекске түсіндірменің" жаңартылған түрі — 1989 ж. жарияланды. У.К. Ихсанов, Н.Б.Мухитдинов, К.Н. Наменгенов, М.К. Сүлейменов секілді көрнекі зертгеуші-ғалымдардың есімдері белгілі бола бастады. . Соңдықтан 60-жылдары қазақстандық цивилистикалық мектепті құру жөнінде сөз қозғау мүмкіндігі туды.
60-жылдардың ортасынан бастап қазақстандық азаматтық құқық проблемаларын талдауға республика Ғылым академиясының Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтының цивилистері белсене қатысты. Осы институттың азаматтык, құқық мамандары көбіне Қазақ мемлекеттік университетінің азаматтық құқық оқытушыларын қатыстыра отырып, сол жылдардағы бірқатар ерекше өзекті проблемаларды талдады. Ғылыми зерттеулер мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізілді:
шаруашылық тетікті жетілдіру;
материалдық-техникалық жабдықтауды құқықтық реттеу;
Күрделі қүрылысты құқықтық ретгеу;
Тұрғын үй заңдарын жетілдіру;
Ғылыми-техникалық шығармашылықтың құқықтық нысандары және оның өндірісте пайдаланылуы.
Бұл ғылыми бағыттардың әрқайсысы көптеген жылдар бойы жан-жақты талданды; осының нәтижесінде бүкіл елімізге жақсы мәлім мамандардың көптеген іргелі монографиялары жарық көрді (олардың кейбіреулері шетелдерде басылып шықты) және баспасөз бетіңде жақсы бағалаңды.
Ең алдымен шаруашылық тетігін жегіддіру құқықтық проблемалары зерттелді. Зерттеудің басты тақырыбының ортақтығына байланысты жұмыстар циклін Ғылым академиясының екі жетекші қызметкері — М.К. Сүлейменов пен Б.В. Покровский дайындады, оларға түрлі жұмыстарды дайындауда М.Г. Масевич, Н.М. Мухитдинов, Ю.Г. Басин және басқа ғалымдар қосылды. Ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелеріне мынадай монографияларды жатқызуға болады: "Кәсіпорыңдарды материалдық ынталандырудың құқықтық мәселелері" (1972 ж.), "Өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың шаруашылық есеп жүргізуінің құқықтық нысандары" (1975 ж.), "Құрылыс ұйымдарының шаруашылық есеп жүргізуінің құқықтық нысандары" (1978 ж.), " Шаруашылық айналым саласындағы өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың құқықтық қатынастары" (1985 ж.), "Халық шаруашылығындағы шарт" (1987 ж.), "Шаруашылықаралық кәсіпорындардың құқықтық жағдайы" (1987 ж.)- Авторлар басқару және шаруашылық практикасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасады.
Зерттеудің бұл бағытына дәл осындай мақсатта - халық шаруашылығын басқарудың құқықтық тетігін жетілдіру мақсатында М.К. Сүлейменов жазған мынадай ірі ғылыми жұмыстар қосылады: "Шарттық міндеттемелерді орындау мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілік" (1971 ж.) және "Шарттық-шаруашылық байланыстардың құрылымы" (1980 ж.).
Ғылыми зерттеулердің белсенді түрде дамытылып келе жатқан бұл бағыты ғылыми тұрғыдан қарағанда барынша маңызды әрі жемісті болып көрінеді.
Күрделі құрылысты құқықтық реттеу тақырыбына қазақстандық аторлардың, атап айтқанда, Ю.Г. Басиннің жеке немесе мәскеулік ғалымдармен бірлесе жазған көптеген жұмыстары арналған. 1969 ж. авторлар ұжымының "Правовые вопросы строительства в СССР" деген монографиясы жарық көрді. Заң саласындағы және практикадағы жаңа материалдар негізінде осы проблематика бойынша 1972 ж. "Правовое регулирование капитального строительства в СССР " атты ұжымдық монография дайындалып, жарыққа шықты, ол кейін неміс тіліне аударылып, Берлинде жарық көрді. Күрделі құрылыстың құқықтық проблемаларына сондай-ақ "Правовые вопросы проектирования в строительстве", "Проект. Строительство. Закон" және "Правовые основы хозяйственной деятельности межколхозных строительных организаций" деген кітаптар арналды. Кейінірек күрделі құрылыстың құқықтық проблемаларын зерттеуге А.Г. Диденко қосылды.
Оның "Правовые рычаги укрепления хозрасчета в строительстве" (1982 ж.) және "Правовые проблемы самостоятельности строительных организаций" (1984 ж.) атты монографиялары докторлық диссертацияға негіз болды[5].
Тұрғын үй құқығы саласында тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеудің жалпы проблемаларына және Қазақ КСР-інің тұрғын үй зандарының ерекшеліктеріне арналған едәуір жұмыстар жарық көрді. Олардың арасынан ең алдымен Ю.Г. Басиннің "Вопросы советского жилищного права" (1963 ж.) және "О жилищных правах советских граждан" (1966 ж.) атты монографияларын атауға болады.
Қазақстанның алғашқы Тұрғын үй кодексі қабылданғаннан кейін Ю.Г. Басин, М.К. Сүлейменов, Р.С. Тазутдинов "Қазақ КСР-інің Тұрғьш үй кодексіне түсіндірме" (1987 ж.) жариялады, ал Қазақстан Республикасының Тұрган үй кодексі қабылданған соң оған түсіндірмені А.Г. Диденко дайындады. Бұл авторлардың өзге де жұмыстары белгілі.
Ол жылдары қазақстандық цивилист-ғалымдар арасында ҚазМУ-дің заң факультетінің оқытушылары айтарлықтай көп болғандықтан, ғылыми жұмыста Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған азаматтық құқық бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын шығаруға зор көңіл бөлінді. Өзінің маңызы жөнінен оқулықтар ғылыми туындылар ретінде бағаланатындықтан ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның азаматтық заңдары (және оларды қолдану практикасы) сол кездің өзінде-ақ студенттер мен практикалық қызметкерлерге түсіндіру керек болатын айтарлықтай ерекшеліктермен көзге түсетіндіктен де мұндай жұмыстарды дайындау, сөз жоқ, ғылыми қызметтің маңызды буыны еді.
Доценттер Б.Б. Базарбаев, Ю.Г. Басин, А.И.Беспалова, М.А. Ваксберг, А.Г. Диденко, У.К. Ихсанов, Ғ.И.Төлеуғалиев азаматгық құқық жөніндегі оқу құралдарының негізгі авторлары болды. 1968 ж. бастап "Қазақ КСР-інің кеңестік азаматтық құқығын" шығару қолға алынды, ол осы оқу пәнінің курсын ғылыми негізде дәйектілікпен баяндады. Оның жалпы көлемі 40 авторлық баспа табақтан асатын 5 шығарылымы өмірге келді. Олар азаматтық құқықтың және азаматтық-құқықтық қатынастардың жекелеген түрлерінің жалпы мәселелерін қамтыды. Мұндай шығарылымдар Қазақстаннан тыс жерлерде де белгілі болып, орталық мерзімді баспасөз беттерінде жақсы пікір қалыптастырды.
Ең жауапты кезең — біріккен оқулықтарды шығару — 70-жылдары басталды. 1978 ж. азаматтық құқық кафедрасының оқытушылар ұжымы республиканың Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің ресми рұқсатын алған, көлемі 20 баспа табақ болатын "Қазақ КСР-і Азаматтық кодексінің" I бөлігін жарыққа шығарды. Оқулықтың осындай көлемдегі II бөлігі 1980 ж. баспадан шықты. А.И. Беспалова мен У.К. Ихсановтың жалпы редакциясымен 1984 ж. "Отбасы құқығы" оқулығы жарияланды.
Қазақ КСР-і дербес Қазақстан Республикасына айналған соң азаматтық құқықтың қазақстандық мектебі айтарлықтай ілгері басты. Бұл республиканың өзінің азаматтық зандарын жасау қажеттігін алға тартып, ол, біріншіден, республиканың бұрынғы одақтық модельдер мен нұсқауларға қатаң ілесуінсіз жасалған болар еді, екіншіден, Қазақстанның нарықтық экономикасының осы заманғы талаптарына сай келер еді.
Қазақ мемлекеттік заң институтының (қазіргі - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің) Жеке құқық ғылыми-зерттеу орталығының (қазіргі — институттың) кәсіпкерліктің дамуын және оның болашағын құқықтық бағалау жөніндегі еңбектері бірінші дәрежелі маңызға ие болуда. Бұл бағытта бірден М.К. Сүлейменовтың, Б.З. Покровскийдің, А.И. Худяковтың, В.А. Жакеновтын, "Право и предпринимательство в Республике Казахстан" (1994 ж.) атты монографиясы жарияланды.
Ю.Г. Басин мен В.П.Фурсовтың "Основы бизнеса и предпринимательства в условиях рыночной экономики Казахстана" (1995 ж.), С.И. Климкиннің "Правовые формы предпринимательской деятельности в Республике Казахстан" (1997 ж.), А.Т. Жүсіповтың "Право собственности и другие вещные права" (1995 ж.), И.В. Романкованың "Проблемы правового регулирования предпринимательства граждан Республики Казахстан" (1997 ж.) еңбектерін атап көрсеткен жөн. "Право и собственность в Республике Казахстан" атты монографияның (жауапты редакторы — профессор. М.К. Сүлейменов, 1998 ж.) жарық көруі айтарлықтай ғылыми оқиға болды.
Жеке құқық орталығының қызметкері И.У. Жанайдаров мемлекеттік меншік және мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығы бойынша маңызды зерттеулер жүргізді. С.В.Скрябиннің, К.М. Ильясованың, Т.Е. Қаудыровтың, Ф.С. Қарағұсовтың, И.В. Әмірханованың сүбелі монографиялары басылып шықты. 1994 ж. желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) талдап түсіндіру жөнінде айтарлықтай жұмыстар циклі дайындалып, жарияланды.
А.Г. Диденконың жалпы редакциясымен осындай түсіндірмелердің 17 шығарылымы жарық көрді. М.К. Сүлейменов пен Ю.Г. Басиннің редакциясымен 1998 ж. Азаматтық кодекстің Жалпы бөліміне, 2000 ж. — Ерекше беліміне көлемді түсіндірме жарияланды. Бұл түсіндірмелер 3 кітап түрінде 2003 ж. қайта басылып шықты.
Республикада халықаралық жеке кұкық ғылыми бағыты мүлде жаңадан құрылды. Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда бұл сала бойынша нормативтік актілер қабылданбады, мамандар даярланбады - бұрын мұның бәрі Мәскеудің монополиясы болды және одақтың мүдделерін білдіретін еді.
Егемен Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметтегі алғашқы қадамдары халықаралық жеке экономикалық қатынастарды реттеудің осы заманғы дүниежүзілік тәжірибесін және республиканың сыртқы экономикалық саладағы мүдделерінің ерекшеліктерін бейнелейтін өз заңдарын дереу қалыптастыруды талап етті. Алайда мұндай заңдардың бара-барлығы мен тиімділігін бағалау осы саладағы барлық құқық шығармашылық және құқық қолдану проблемаларын терең ғылыми пысықтауды қажет етеді.
Мұндай проблемаларды шешу ісін Жеке құқық ғылыми-зерттеу институты қолға алды. Қазақстанда аз уақыттың ішінде халықаралық жеке құқық мектебі қалыптасып, оның ұйымдастырушысы әрі жетекшісі профессор М.К. Сүлейменов болды. Оның шәкірттері бірқатар диссертациялар қорғады және халықаралық жеке құқықтың мынадай барынша өзекті проблемалары бойынша ғылыми зерттеулердің ңәтижелерін жариялады: республика экономикасына құйылатын шетелдік жеке инвестицияларды мемлекеттік реттеу, сыртқы экономикалық келісім-шарттарды жасасу және орындау, бірлескен көсіпорындар қызметінің құқықтық режимі және т.с.с.
"Право и иностранные инвестиции в Республике Казахстан" (1997 ж.), "Право и внешнеэкономическая деятельность в Республике Казахстан" (2001 ж.) атты іргелі монографияларды құқықтың осы саласындағы іргелі жарияланымдарға жатқызу керек.
Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі профессор М.А. Сәрсенбаев және оның кафедра мүшелері халықаралық жеке құқықтың қазақстандық аспектілерін зерттеуге айтарлықтай үлес қосты.
Республиканың азаматтық заңдарының дербестігі оларды ең алдымен Қазақстанның заң жоғары оқу орындарында терең оқып-үйрену үшін оқу және әдістемелік материалдардың дайындалуын қажет етті. Бұл жолы егемен Қазақстан зандарының негізінде оқулықтар мен оқу құралдарын дайындаудың екінші толқыны басталды.
ҚазГЗУ-дің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының, азаматтық құқық кафедрасының және "Әділет" жоғары құқық мектебінің қызметкерлері, ҚазМУ-дің мамандары жазған мынадай оқу құралдары алдыңғы орындарда тұр: "Сделки", "Юридические лица по Граж-данскому кодексу Республики Казахстан", "Залоговое право", "Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства", "Правовая природа банковских договоров", "Международное частное право", "Прававое регулирование внешнеэкономической деятельности" (екі басылымы). Соңғы екі кітапты жалпы редакциясын М.А. Сәрсенбаев басқарған авторлар ұжымы жазды. Ғ.А.Жайлин, С.И. Климкин және басқа авторлар дайындаған оқу құралдарын арнайы атап өткен жөн.
1998 ж. авторлар ұжымы дайындаған "Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы" атты оқу құралы жарық көрді (жауапты редакторлары Ғ.М.Төлеуғалиев және Қ.С. Мәуленов). Бұл жұмыс "Азаматтық құқық" атты екі томдық академиялық курспен аяқталды. Бірінші томы 2000 ж., екіншісі - 2002 ж. басылып шықты. Мұндай ғылыми жұмыстарға барған сайын практикалық қызметкерлер көбірек тартылуда (К.Б.Сафинов, О.И.Ченцова және басқалары).
Республиканың азаматтық-құқықтық ғылымының қолданбалы заң шығармашылық бағытта дамуын атап көрсету керек. Қазақстан Республикасының толық дербестік алуы оның өзінің заңдарын дайындау қажеттігін алға қойды. Бұл құқықтың барлық салаларының ғалымдары алдында тұрған міндет еді, ол әсіресе азаматтық-құқықтық тұрғыда өткір қойылды, өйткені мұнда дербестік және құқықтық мемлекет қалыптастыру проблемаларына экономиканы түбегейлі қайта кұру, басқарудың әміршіл-әкімшіл түрін бастамашыл-шарттық экономикалық қатынастармен алмастыру проблемалары қосылды.
Рынокты барынша шектеудің орнына — оның қажеттігін мойындау, шаруашылықты толық монополияландыру орнына — антимонополиялық саясат, бәсекеге тыйым салу орнына — оны кеңінен мадақтау, бәрін қамтитын және үстем түсетін мемлекеттік меншік орнына — батыл жекешелендіру және барлық түйінді экономикалық байланыстарды жеке меншіктің іргетасына көшіру.
Қазақстанның Ресеймен және ТМД-ның басқа да мемлекеттерімен экономикалық байланыстарының біркелкі құқықтық нысандарын сақтай отырып, дамыған капиталистік елдердегі экономикалық қатынастарды құқықтық реттеудің бай тәжірибесін заң шығару процесінде пайдалану ісінде де айтарлықтай проблемалар туындап отырды.
Осындай күрделі жағдайда жаңа зандарды дайындау жөніндегі негізгі жұмыстар, әрине, экономиканың дайындалып жатқан заңдар қолданылатын салаларының жоғары білікті практикалық қызметкерлерімен және мамандарымен бірге еңбек еткен цивилист-ғалымдардың иығына жүктелді. Американың, Германияның, ең алдымен, азаматтық заңдар айтарлықтай жаңарудан етіп жатқан Голландияның ғалымдары көп көмек көрсетті.
Негізінен ғалымдардан тұратын жұмыс топтары қысқа мерзім ішінде дайындаған мынадай құжаттарды заң шығару органдары қабылдады: Азаматтық кодекс, "Шетелдік инвестициялар туралы", "Жер туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Ипотека туралы", "Жекешелендіру туралы", "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы", "Банкроттық туралы", "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Мемлекеттік кәсіпорын туралы", "Өндірістік кооператив туралы" және басқалары.
ТМД елдері арасындағы экономикалық байланыстарды құқықтық реттеу бірлігін қамтамасыз ету үшін азаматтық құқық ғылымы модельдік заңдарды дайындау практикасымен қаруланды. Арнаулы жұмыс топтары құрылып, олардың құрамына ТМД-ның барлық елдерінің дерлік ғалымдары енгізілді. Бұл топтарда Ресей мен Қазақстан мамандары жетекші рөл атқарды. Жұмыстар Ресейде, Қазақстанда, Қырғызстанда, Грузияда және алыс шетелдерде — көбіне Лейден университеті жанындағы Шығыс Еуропа құқығының Голландия институтында алма-кезек жүргізілді.
ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы дайындаған модельдік заңдарды ұсынылатын нормативтік актілер ретінде қарастырып, бекітті. Осылайша Модельдік Азаматтық кодекс, "Жауапкершілігі шектеулі қоғамдар туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Банкроттық туралы", "Ипотека туралы" және т.б. Модельдік заңдар дайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |