Азаматтық қүқық ғылымы


Азаматтық құқықтың жүйесі



бет5/9
Дата20.06.2022
өлшемі248 Kb.
#146880
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Азаматтық құқықтың түсінігі

1.4 Азаматтық құқықтың жүйесі
Біз барлық заң оқу орындарында оқылатын оқу пәнін де азаматтық құқық деп түсінеміз. Оқу пәнінің міндеті — студентті азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұнын дұрыс түсінуге, олардың ерекшеліктерін, негізін, қолдану тетігі мен салдарын білуге үйрету. "Азаматтық құқық" оқу пәнін құқық теориясының қағидаларымен танысып, заңдардың күрделі иірімдерінде бағдарлай білу дағдыларын меңгергеннен кейін оқыту тиімді.
Бұл оқу пәнінің жүйесі өзіндік бірқатар ерекшеліктеріне қарамастан, көп ретте азаматтық құқықтың I тарауда қарастырылған жүйесіне ұқсайды. Мұңдай ұқсастықтың себебін былайша түсіндіруге болады: студенттерді азаматтық-құқықтық нормативтак актілердегі азаматтық-құқықтық нормаларды талдап, түсіндіре білуге үйрету азаматтық-құқықты оқытудың басты міндеттерінің бірі болып табылады: Бұл жағынан қарағанда, азаматтық құқық оқулығы мен оқу құралдары АК мен басқа да заң актілерін баптары бойынша түсіңдіруге жуықтайды. Алайда бұл олардың бір ғана қыры болып есептеледі.
Осымен бірге, азаматтық құқықты оқыту міндетті түрде тарихи элементгі қамтиды, осы арқылы тұтас алғанда азаматтық құқықтың жене оның жекелеген институттарының эволюциясын көрсете келе, белгілі бір заң үйғарымдарының пайда болуының, өзгеруінің, толықтырылуының немесе күшін жоюының дәлелдерін түсіндіреді.
Әр түрлі мемлекеттердегі ұқсас қатынастарды реттейтін заң институттары мен жекелеген құқықтық нормаларды салыстыра қараудың да маңызы кем емес. Бұл тұрғыдан алғанда, ерекшеліктерді анықтау және түсіндіру, сәйкес қағидаларды қорыту, салыстырма баға беру маңызды болмақ.
Азаматтық құқық оқу пәні ретінде заңдарды түсіндіруге ғана емес, оларды бағалауға да жәрдемдесетін құқық қолдану практикасының материалдарын оқу мақсатында қорытумен және пайдаланумен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты оқыту ғылыми баға беріп, пікір айта білуді талап етеді. Соңдықтан азаматтық құқық ғылымын азаматтық құқық оқу пәнінің нысанасы азаматтық-құқықтық нормалар мен азаматтық-құқық нормативтік актілер секілді дәрежеде қамтиды.
Пәнді оқыту ғылыммен ажырамастай тығыз байланысты. Дүние жүзіндегі ірі цивилист-ғалымдардың осымен бір мезгілде талантты оқытушылар болатыны бекер емес. Академик А.В. Венедиктовтың, профессорлар Е.А. Флейшицтің, О.С. Иоффенің, С.С. Алексеевтің, О.А. Красавчиковтың, Е.А. Сухановтың, Г.И. Матвеевтің, Х.А. Рахманкуловгың, В.Ф. Чигирьдің, Б.Л. Хаскельбергтің, Ю.К. Толстойдың, О.Н. Садиковтың, М.И. Брагинскийдің және басқалардың есімдерін атасақ та жеткілікті.
Азаматтық құқық ғылымы жоғары оқу орындарында барынша белсенді дамытылды жөне дамытылып келеді, олардың көпшілігі ірі цвилистикалық орталықтарға айналды. Мұнда КСРО жағдайында Мәскеу және Ленинград университеттерінід жанында, Свердлов және Харьков заң институттарында, Томск университетінде Қазақ мемлекеттік университетінде пайда болған ғылыми мектептерді атауға болады.
Соңғы жылдары жазылған азаматтық құқық оқулықтарының ішінен профессорлар А.П. Сергеев пен Ю.К. Толстойдың редакциясымен шыққан "Азаматтық құқық", жауапты редакторы Е.А. Суханов болған " Азаматтық құқық", жауапты редакторы О.Н. Садиков болған "Ресейдің Азаматтық құқығы", жалпы редакциясын Т.И. Илларионова, Б.М. Гангало, В.А. Плетнев басқарған "Азаматтық құқық" еңбектерін атау керек. Азаматтық құқық бойынша бұрынғы КСРО-да шығарылған профессор О.С. Иоффенің оқулықтары бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ.
Азаматтық құқық оқу пәні - азаматтық зандардың құқықтың басқа да салаларының нормаларын қамтитын нормативтік актілермен байланысын көрсетуі тиіс. Сондықтан әр түрлі оқу орындарында даярланатын мамандардың саласына қарай азаматтық құқықтың жалпы курсымен қатар, азаматтық құқыққа сүйенетін оқу курстары (арнаулы курстар) өтіледі, оларды оқып-үйренуде әкімшілік, отбасы, қаржы және құқықтың өзге де салаларының мол материалдары пайдаланылады. Мысалы, шаруашылық құқығы, патенттік құқық, банк несиелері, есеп-шоттары және т.с.с. Оларды оқып-үйрену үшін арнайы оқу әдебиеттері дайындалады.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Бұл екі бөлім де бірнеше институттардан құралып, бұл институттардың өзі өзара ұқсастық белгілеріне орай бөлімшелерге топтастырылады. Жалпы бөлім -ережелерден, меншік құқығы және өзге де заттық құқықтардан, міндеттемелік құқықтан тұрады, ал ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген құқықтан және халықаралық жеке құқықтан тұрады.
Азаматтық заңдарға АК-тің 1-бабында көрсетілген қатынастарды реттейтін заңдар жатады. Бұл жерде 1-баптың 3-тармағында көрсетілгендей тараптар арасындағы қатынастар мүліктік және мүліктік емес сипатта болғанымен, отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды арнайы салалық заңдар реттейді. Ал азаматтық заңдар тек сол арнайы заңдармен реттелмеген жағдайларда ғана ол қатынастарға қолданылады. Сонымен бірге билік жағынан бағыныштағы тараптар арасындағы мүліктік және салық жөніндегі мен бюджеттік қатынастарға заң құжаттарында тікелей көрсетілмесе азаматтық заңдар қолданылмайды.
Азаматтық құқық пен азаматтық заң терминдері өзара байланысты болғанымен де өзіндік үлкен айырмашылығы бар. Азаматтық құқық азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын білдірсе, азаматтық заңнама - сол нормалар көрсетілген құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық құқықтың дерекнамалары заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын түрлерге бөлінеді. Сонымен бірге халықаралық шарттар (конвенция) да азаматтық құқықтың бастауларына жатады (АК-тің 3-бабының 8-тармағы). Бұларға келесі сұрақта жеке тоқталамыз.
Барлық азаматтық заңдар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлык субъектілерге бірдей қолданылады. Қандай да бір министрліктер, басқа да орталык атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар өз бастамасымен азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін актілер шығаруға құқығы жоқ. Бұл органдар тек заңдарға бағынышты туынды актілер шығара алады.
Азаматгық құқықтың нормалары диспозитивті және императивті болып бөдінеді. Егер қатысушы тараптар өзара келісіп басқа шарттар жасаса, ол шарттар жарамсыз болып табылады.
Диспозитивтік нормаға тараптардың тиісті мәселе бойынша келісімдері болмаған ретте, оның орның толтыру үшін қолданылатын нормалар жатады (шартта көзделген ретте). Яғни диспозитивтік норманың мазмұны тараптардың шарт еркіңдігі принципіне негізделген болып табылады. Азаматтық құқықтың дерекнамалары заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын түрлерге бөлінетіні жоғарыда айтылды.
Алдымен заңдарды қарастырайық.
Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық кұкықтық қатынастар төмендегі заңдармен реттеледі. Солардың ішінде Азаматтық Кодекстің орны бөлек. ҚР АК-тің жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, оған бірнеше өзгертулер енді. Сонымен азаматтық кұқықтың нормалары заңда және басқа да заң актілерінде орын алады.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік актілер туралы" заңында барлық нормативтік құқықтық актілер заңдық күштері бойынша айқындалған. Нормативтік құқықтық актілердің ішінде Конституцияның ең жоғарғы күші бар. Оның нормалары тікелей қолданылады. Конституцияда азаматтық құқықтық қатынастарды да реттейтін нормалар бар. Мәселен оның 6 бабында Қазақстанда жеке және мемлекеттік меншік тең ңегізде танылатындығы және қорғалатындығы айтылған.
Конституцияның 26-бабында азаматтардың жеке меншігі туралы мәселелер жан-жақты көрсетілген. Сонымен бірге Конституцияда азаматтардың телефонмен сөйлесу, хат-хабар алысу, құпиялықпен, ар-намыс пен абыройы, оның бостандығы мен оған ешкімнің тиіспеуі құқығы сияқты мүліктік емес құқықтары көрсетілген.
Конституциядан кейін, 1994 жылы қабылданып, 1995 жылы 1-наурызда күшіне енген азаматтык кодекстің (жалпы бөлімі) заңдық күші бойынша күші бар. Оның ерекшелігі сонда, нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық айналымының нормативтік қоры қалыптасқан. Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңы бойынша заң актілеріне мыналар жатады: Конституциялық заң, ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы, ҚР Парламентінің қаулысы, Сенат пен мәжіліс қаулылары. Күші бойынша нормативтік актілер жүйесінде заңға тәуелді нормативтік қүқықтық актілері заң актілерінен кейін тұрады.
Президенттің заң күші бар жарлығымен қатар жай жарлыктары да бар. Олар да азаматтық құқықтың нормалары болып табылады. Сонымен катар Үкімет қаулылары да заңға тәуелді нормативтік актілерге жатады. Олардың көпшілігі азаматтық құқықтың нормалары болып табылады. Сонымен бірге азаматтық құқықтық нормаларына министрліктің, мемлекеттік ведомствалары мен комитеттердің жалпы орталық атқарушы органдардың нормативтік актілері де жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет