Титулдық бет үшін
Мазмұны
І.Кіріспе...................................................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім
1.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәнінің сипаттамасы
1.1 Азаматтық құқық пәнінің түсінігі және әдісі.................................................5
1.2 Азаматтық құқық ғылым және оқу пәні ретінде............................................6
1.3 Қазақстан Республикасының азаматтық кұкық ғылымы...............................7
1.4 Азаматтық құқықтың жүйесі...............................................................................14
1.5 Азаматтық құқықтың қайнар көздері.................................................................17
1.6 Азаматтық құқықтың қағидалары.......................................................................24
ІІІ.Қорытынды.....................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................30
Кіріспе
"Азаматтық құқық" термині ежелден белгілі, яғни рим заңгерлері Рим азаматтарының құқығы ретінде түсіндірді. Римде құқық екі салаға жария және жеке болып бөлінді. Қазақстан Республикасында кұқық жүйесі мұндай болып бөлінбейді. Ал азаматтық құқық тек қана өзіне тән институттардан тұрады. Азаматтық құқық азаматтардың, заңды ұйымдардың, сонымен бірге мемлекеттің күнделікті өмірі және қызметімен тығыз байланысты болатын жалпы құқықтың бір саласы. Біз бұл құқықтың түсінігін терең ашуымыз үшін оның пәнінің анықтамасын айқындауымыз керек. Ал азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың ауқымдылығына және сан қырлылығына байланысты азаматтық құқық пәнін анықтау күрделі.
Бізге белгілі болғандай құқықтық жүйе үлкен құқық салаларына бөлінеді. Ол құқық салаларын бір-бірінен ажырату үшін әдетте негізгі белгі ретінде /критерий/ құқықтық реттеудің пәні мен әдісі негізге алынады.
Құқыктық реттеудін пәні мен әдісі арқылы құқық салаларын бөліп қана қоймай олардың ерекшелігі де анықталады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша және қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік қатынастар, сонымен бірге мүлікпен байланысты немесе мүлікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар құрайды (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы). Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық, қатынастардың негізгі түрі мүліктік қатынастар болып табылады.
Материалдық құндылықпен байланысты қоғамдық қатынастар (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен, ақшамен және басқа да мүліктермен) мүліктік қатынастар деп аталады. Яғни мүліктік қатынас - мүлік иелену, пайдалану, мүліктің бір адамнан екіншісіне өту, яғни мүліктің тағдырының шешілуі тұрғысында болса, ол азаматтық заңдармен реттеледі. Демек, кез келген қоғамдық қатынастың мүліктік сипаты (мазмұны) болса, ол азаматтық заңдармен реттелсе, бұл - мүліктік құқықтық қатынас болып табылады.
Мүліктік емес құқықтық қатынастарға мүліктік сипаты жоқ (өмір сүру құқығы, есім алу кұқығы, өз кұпиясын сақтау құқығы, ар-намыс, іскерлік бедел, авторлық т.б.) азаматтық заңдармен реттелетін қоғамдық қатынастар жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары жеке мүліктік емес қатынастардың екі тобын реттейді
а) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-тармағы).
б) мүлікпен байланысы жоқ және мүліктік емес қатынастар (Азаматтық кодекстің 1 -бабы, 2-тармағы)
Жеке мүліктік емес қатынастардың бірінші тобына мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар жатады. Яғни, бұл дегеніміз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын емес, олардың байланыстылығын, демек қоғамдық қатынастардың бір кешенге бірігуін білдіреді. Мысалы, бір ұйымның келесі ұйымның тауар белгісін заңсыз пайдалануы, алғашында оның мүліктік емес құқығына залал келтірсе, соңында ол оған мүліктік залал келтіреді. Ал мүлікпен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қатынастар адамның жеке басынан бөліп алуға болмайтын, мазмұны мүліктік құндылық емес жағдайға байланысты туындайды. Мүліктік емес құқықтар конституцияда адам және азаматтардан бөліп алуға болмайтындығы көрсетілген. Яғни азаматтық құқықтық реттеудің пәніне мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатады.
Қорыта келгенде, азаматтық заңдармен реттелетін қоғамдық қатынастар (азаматтық құқықтың пәні) басқа құқықтық пәндерден төмендегі екі негізгі белгілер арқылы ажыратылады.
а) оның қандай да бір мүлікті иелену, пайдалану немесе билік етуге байланысты және келтірілген мүліктік зиянды өтеуге байланысты мүліктік мазмүны болады.
б) бұл қатынасқа қатысушылар заң құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, бір тараптың екіншісіне әкімшілік немесе өзге де билік жағынан тәуелді бағыныштылықта болмайды. Егер азаматтық құқықтың пәнінің түсінігі қандай қоғамдық катынастардың азаматтық күқық нормаларымен реттелетіндігіне байланысты болса, ал азаматтық кұқықтың әдісі сол қатынастар азаматтык кұқық нормаларымен қалай реттелетіндігін білдіреді. Азаматтық құқықтың пәні мен әдісі өте тығыз байланысты ұғымдар.
Әрбір құқық саласына өзіндік ерекшелігі бар реттеу әдісі тән.
Олар:
Азаматтық құкықтық қатынастарға қатысушылардың заңдық теңдігі, яғни жеке заңды тұлғалар азаматтық айналымда мүліктік басқа да жағдайларға қарамастан тең құқықты. Бұл дегеніміз ешқандай бір тарап екінші тарапқа бір жақты негізде міндеттер жүктей алмайды.
Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысу барысындағы еріктілік, әрбір жеке және заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарын өз еркімен өз мүддесі үшін иемденеді және жүзеге асырады.
Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптар кұқықтарын қорғауда тең кұкыққа ие және қорғау мүмкіндігін иеленуде еркін болады. Азаматтық құқықтарды қорғау соттар арқылы жүзеге асады.
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі. Оның мүліктік және өтімді болуы (компенсация), келтірілген залалды толық өтеу құқығы.
"Принцип" деген термин латын сөзінен шыққан ол негіз, бастама деген мазмұнды білдіреді. Азаматтық құқықтың принциптері яғни ол қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеудің нормативтик құкықтық мазмұны бар негізгі басшылыққа алынатын бастамалар.
Достарыңызбен бөлісу: |