30. Бағалы қағаздарды сипаттап жазыңыз
129-бап. Бағалы қағаздар
1. Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы.
1-1. Бағалы қағаздар борыштық және үлестік болуы мүмкін.
Борыштық бағалы қағаз — эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды шығару шарттарында борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаздар.
Үлестік бағалы қағаз — Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлік иесінің мүлікке белгіленген үлесіне иелік ету құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
31. Мүліктік емес өзіндік құқықтардың ұғымы мен түрлерін сипаттап жазыңыз
Мүліктік емес жеке құқық – қолданыстағы заңмен танылатын және қорғалатын мүліктік маңызы жоқ әрі адамнан тірісінде ажырауы мүмкін емес игіліктерге деген құқық. Мұндай игіліктер мен құқықтарға бас бостандығы, өмір мен денсаулық, жеке бас қадірі, ар-намыс, іскерлік бедел, жеке өмірдің бейтараптығы, жеке және отбасылық құпия, еркін жүріп-тұру мен орын ауыстыру және мекен таңдау құқығы, есім иелену және авторлық құқық, тағы басқа жатады. Бұлардың ерекшелігі мүліктік мазмұнның жоқтығы мен адам болмысынан ажырамастығында. Бірақ ажырамастық қасиет мүліктік емес жеке құқықтарды жүзеге асыру мен қорғауды үшінші тарапқа тапсыруға кедергі жасамайды. Жасөспірімнің ар-намысы мен абыройын қорғау туралы талап-арызды оның заңды өкілдерінің беруі соның мысалы.
32. Мәміленің ұғымы және түрлерін сипаттап жазыңыз
Мәмiле ұғымы
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.
148-бап. Бiржақты мәмiлелер мен шарттар
1. Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн.
2. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп есептеледi.
3. Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.149-бап. Бiржақты мәмiлелердi құқықтық реттеу
1. Бiржақты мәмiле мәмiле жасаған адамға мiндеттер жүктейдi. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгiленген не сол адамдармен келiсiм болған реттерде ғана мiндеттер жүктей алады.
2. Бiржақты мәмiлелерге тиiсiнше мiндеттемелер туралы және шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады, өйткенi бұл заңдарға, мәмiленiң табиғаты мен мәнiне қайшы келмейдi.
150-бап. Шартпен жасалған мәмiлелер
1. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттердiң туындауын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiнге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледi.
2. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттемелердiң тоқтатылуын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiн күшi жойылатын шартпен жасалды деп есептеледi.
3. Егер шарттың басталуы тиiмсiз болатын тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен кедергi жасаса, шарт басталды деп танылады.
Егер шарттың басталуы тиiмдi болатын тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |