Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


 Мәміленің ауызша түрін сипаттап жазыңыз



бет13/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
Азаматтық сессия
Тәңірберген Жанерке (БӨТ), Физиканы медицинада қолдану негіздері Катпаева К.А (копия), бөж Нұрайка есептер қр қылмыстық, хим.ж Нози БӨЖ-2, 28 сертификат (1)
35. Мәміленің ауызша түрін сипаттап жазыңыз.
151-бап. 1. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).
2. Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.
3. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.
4. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.
5. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.
36. Жарамсыз мәмілелер ұғымы және оның түрлерін түсіндіріңіз.
157-бап. Дауланатын және маңызсыз мәмілелер
1. Мәміле сот оны осындай деп (дауланатын мәміле) тануына байланысты осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша не осылай 
2. тануына (маңызсыз мәміле) қарамастан, заңнамалық актілерде тікелей көзделген негіздер бойынша жарамсыз болады.
Егер мәміленің маңызсыздығы заңнамалық актілерде көзделмесе, ол даулы мәмілеге жатады.
Мәміленің маңызсыздығы туралы дау туындаған жағдайда, оның жарамсыздығын сот белгілейді.
3. Мәміленің нысанына, мазмұнына және мәмілеге қатысушыларға, сондай-ақ олардың осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған кезде мәміле жарамсыз деп танылады.
4. Мүдделі тұлғалар, тиісті мемлекеттік орган не прокурор мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюы мүмкін.
Көрсетілген мәмілені жасау нәтижесінде құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған немесе бұзылуы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып табылады.
Мәмілені жарамсыз деп тануға талап қою құқығы бар тұлғалардың тізбесі осы Кодексте және (немесе) өзге де заңнамалық актілерде белгіленеді.
157-1-бап. Мәміленің жарамсыздығының салдарлары туралы жалпы ережелер
1. Маңызсыз мәміленің жарамсыздығы салдарларын қолдану туралы талапты мәміле тарапы не осы Кодекстің 157-бабының 3-тармағында белгіленген тұлғалар қоюға құқылы.
2. Жарамсыздығына байланысты және жасалған кезінен бастап жарамсыз болған мәмiлелерді қоспағанда, егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе немесе мәмiленiң мәнiнен немесе мазмұнынан өзгеше туындамаса, жарамсыз мәмiле заңдық салдарларға алып келмейді.
3. Егер мәміле жарамсыздығының өзге де салдарлары осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделмесе, мәміле жарамсыз болған кезде тараптардың әрқайсысы – екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның барлығын қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмағанда (оның ішінде, алынғандар мүлікті пайдалану, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет түрінде болғанда) қайтарылуға жататын мүліктің құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын ақшалай өтеуге міндетті.
4. Сот мәмiленiң жарамсыздығын тудырған әрекеттердi жасауға кiнәлi тараптан екiншi тараптың пайдасына мәмiленi жарамсыз деп тануға байланысты оған келтірілген залалды өндiрiп алуы мүмкiн.
5. Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталса, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленсе, онда екi тараптың да теріс пиғылы болған кезде олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға арналғандардың барлығы соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша тәркiленуге жатады. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған жағдайда оның екiншi тараптан алғандарының барлығы және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң барлығы тәркiленуге жатады. Егер тараптардың бір де біреуі орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң барлығы тәркiленуге жатады.
6. Қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған теріс пиғыл тараптардың бiрiнде ғана болған, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленген жағдайда, оның мәмiле бойынша алғандарының барлығы екiншi тарапқа қайтарылуға жатады, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркiленуге жатады.
7. Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген салдарларды, жарамсыз мәмiле бойынша алынған не алынуға тиiс мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде iшiнара не толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлiкте осы баптың 3-тармағында көзделген салдарлар басталады.
8. Сот мәмiленi жарамсыз деп тани отырып, нақты мән-жайларды ескеріп, оны одан әрi орындауға тыйым салумен шектелуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет