Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


Оралымды басқару құқығын сипаттап жазыңыз



бет25/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
Байланысты:
Азаматтық сессия

57. Оралымды басқару құқығын сипаттап жазыңыз 
Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң, меншiк иесiнен мүлiк алушы жəне өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмала- рына жəне мүлiктiң мақсатына сəйкес заң құжаттарымен белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану жəне оған билiк ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кəсiпорындардың заттық құқығы болып табылады.
Оралымды басқарудағы мүлiктi меншiктенушi заң құжаттарына сəйкес мемлекеттiк мекеме немесе қазыналық кəсiпорын құру, оның қызметiнiң мəнi мен мақсаттарын белгiлеу мəселелерiн шешедi, мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық кəсiпорынның заң жүзiндегi тағдырын, оның қызметiнiң мазмұнын белгiлеуге құқығы бар.
Меншiк иесi мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық кəсiпорынның меншiк иесi берген мүлiктi тиiмдi пайдалануы мен сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Мемлекеттiк мекеменi бiрнеше меншiк иесi құрған жағдайда, олардың арасындағы қатынастар мен меншiк иелерiнiң өз мүлкiне билiк жүргiзу құқықтары құрылтай шартымен немесе сол сияқты келiсiммен белгiленедi.
Мемлекеттiк мекемеге немесе қазыналық кəсiпорынға бекiтiлiп берiлген мүлiктi меншiктенушi, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, ол мүлiктi қайтарып алуға, не өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.
Мекеменің, мемлекеттiк мекеменiң, егер заң актісінде өзгеше белгіленбесе, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi жəне оған смета бой- ынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен айыруға немесе өзгеше əдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ.
Қазыналық кəсiпорын өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi, сол мү- ліктің меншік иесінің жазбаша келісімімен ғана иеліктен айыруға немесе оған өзгеше əдіспен билік етуге, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге жəне есептен шығаруға құқылы.
Қазыналық кəсiпорын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, өзi өндiрген өнiмдi дербес сатады. Қазыналық кəсiпорынның табыста- рын бөлу тəртiбiн оның мүлкiн меншiктенушi белгiлейдi.
Қазыналық кəсіпорынның өзінің негізгі құралдарына жататын мүлікті сатуға жəне оған қатысты сыйға беру мəмілелерін жасасуға құқығы жоқ.
Қазыналық кəсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билi- гiндегi ақшамен жауап бередi.
Қазыналық кəсiпорынның ақшалай қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республика- сының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган субсидиар- лық жауаптылықта болады.
Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кəсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тəртiппен туындайды.
Мекемеге меншiк құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл меке- ме өзiне тиесiлi мүлiкке оралымды билiк жүргiзу құқығын сақтап қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет