Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі туралы сипаттап жазыңыз



бет24/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Байланысты:
Азаматтық сессия
Тәңірберген Жанерке (БӨТ), Физиканы медицинада қолдану негіздері Катпаева К.А (копия), бөж Нұрайка есептер қр қылмыстық, хим.ж Нози БӨЖ-2, 28 сертификат (1)
55. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі туралы сипаттап жазыңыз
1. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi, егер бұл мүлiк ерлi-зайыптылардың үлестi меншiгi болатыны, не олардың әрқайсысына тиесiлi немесе меншiк құқығында тиiстi бөлiктерде ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi екенi олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бiрлескен меншiгi болып табылады. 
2. Ерлi-зайыптылардың некеге тұрғанға дейiн тиесiлi болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезiнде сыйға тартылған немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлкi олардың әрқайсысының меншiгi болып табылады. 
Қымбат бағалы және басқа әсемдiк заттарын қоспағанда, жеке пайдаланудағы заттар (киiм-кешек, аяқ киiм және т.б.), некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншiгi деп танылады. 
Егер некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң есебiнен сол мүлiктiң құнын едәуiр арттырған қаражат жұмсалғаны (күрделi жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.б.) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен меншiгi деп танылуы мүмкiн. 
3. Ерлi-зайыптылардың бiрiнiң мiндеттемелерi бойынша жаза өз меншiгiндегi мүлiкке ғана, сондай-ақ бұл мүлiктi бөлiсу кезiнде ерлi-зайыптылардың бiрiне тиесiлi болатын ортақ мүлкiндегi өз үлесiне ғана қолданылуы мүмкiн. 
4. Ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiк құқықтарының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарымен белгiленедi.
56. Шаруашылық жүргізу құқығын сипаттап жазыңыз
Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған жəне бұл мүлiктi иелену, пайдалану жəне оған билiк ету құқықтарын Азаматтық Кодекспен жəне өзге де заң құжаттарымен белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кəсiпорынның заттық құқығы болып табылады.
Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк бола алады.
Мүлiктi құрылып үлгiрген мемлекеттiк кəсiпорынға бекiту тура- лы меншiк иесi шешiм қабылдаған мүлiкке қатысты шаруашылық жүргiзу құқығы, егер заңдарда немесе меншiк иесiнiң шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, бұл кəсiпорында мүлiктi кəсiпорынның дербес балансына бекiткен кезде пайда болады.
Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың жемiстерi, өнiмi мен кiрiсi, сондай-ақ кəсiпорын шарттар немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк құқығын алуға арналған заңдарда белгiленген тəртiп бойынша кəсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне келiп түседi.
Мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығы меншiк құқығын тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негiздер мен тəртiп бойынша, сондай- ақ меншiк иесiнiң шешiмiмен кəсiпорыннан мүлiк заңды жолмен қайтарып алынған реттерде тоқтатылады.
Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктiң меншiк иесi заң құжаттарына сəйкес кəсiпорын құру, оның қызметiнiң мəнi мен мақсаттарын белгiлеу, оны қайта құру мен тарату мəселелерiн шешедi, кəсiпорынға тиесiлi мүлiктiң өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Меншiк иесi өзi құрған кəсiпорынның шаруашылық жүргiзуiндегi мүлiктi пайдаланудан келтiрiлген таза табыстың бiр бөлiгiн алуға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет