50. Иесіз заттар ұғымын көрсетіңіз
Меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз зат не меншiк иесi оның меншiк құқығынан бас тартқан зат иесiз болып табылады.
Иесіз заттарды иелену – меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз зат не меншiк иесi оның меншiк құқығынан бас тартқан зат иесiз болып табылады.
Иесi жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші бойынша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергілікті атқарушы орган иесi жоқ жылжымайтын зат есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнеді.
Егер меншік иесі бұл туралы жариялау арқылы меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiнеді.
Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Осындай мүлікті өзінің меншігі ретінде иеленетін азаматтардағы немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы иесі жоқ жылжымайтын заттар есепке алынбайды және коммуналдық меншікке берілмейді.
Мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Осындай мүлікке басқа тұлғаның меншік құқығы туындағанға дейін кез келген уақытта меншік иесі өзіне тиесілі жылжымайтын затты иесі жоқ зат ретінде есептен шығару туралы өтініш жасауға және оны өзінің іс жүзіндегі иелігіне қайта алуға құқылы.
51. Шаруа қожалығы меншігінің ұғымын көрсетіңіз
Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелерi, жер учаскесiндегi екпелер, оның iшiнде жеке ор- ман қорындағы екпелер, ерiксiз жəне (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлiп, ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған жəне өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық жəне басқа да құрылыстар, өнiм беретiн жəне жегiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған жəне өзге де техника мен жабдықтар, көлiк құралдары, құрал-саймандар жəне қожалық мүшелерi берген жəне (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болуы мүмкiн.
Шаруа (фермерлік) қожалығының қызметi нəтижесiнде алынған жемiстер, өнiм мен кiрiстер шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ мүлкi болып табылады жəне олардың арасында келiсiм бойынша пайдаланылады.
Барлық мүшелерiнiң шығып кетуiне байланысты немесе өзге де негiздер бойынша немесе фермер қожалығы тоқтатылған жағдайда ортақ мүлiк бөлiнуге тиiс. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң бiрi одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндiрiс құрал- жабдықтары бөлiнуге жатпайды. Қожалықтан шыққан адамның бұл мүлiкке ортақ меншiктегi өз үлесiне сəйкес ақшалай өтем алуға құқығы бар.
Қожалық мүлкi негiзiнде шаруа (фермерлік) қожалығының мүшелерi шаруашылық серiктестiгiн немесе өндiрiстiк коопера- тив құруы мүмкiн. Қайта құрылған мұндай шаруа (фермерлік) қожалығының заңды тұлға ретiнде шаруа (фермерлік) қожалығының мүшелерi өзiне салымдар жəне басқа жарналар түрiнде берген мүлiктiң, сондай-ақ оның қызметi нəтижесiнде алынған жəне заңдарға қайшы келмейтiн өзге де негiздер бойынша сатып алынған мүлiктiң меншiк құқығына ие болады.
Шаруа (фермерлік) қожалығының серiктестiкке қатысушылары не- месе кооператив мүшелерi болып табылатын мүшелерi салымдарының мөлшерi шаруа (фермерлік) қожалығының мүлкiне ортақ меншiк құқығындағы өз үлестерiн негiзге ала отырып белгiленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |