Азаматтық құқық ұғымын сипаттап жазыңыз


Кепілпұл және оны орындау талаптарын көрсетіңіз



бет23/37
Дата14.02.2023
өлшемі90,05 Kb.
#168646
түріКодекс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
Азаматтық сессия

52. Кепілпұл және оны орындау талаптарын көрсетіңіз 
Уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алы- натын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа жəне шарт жасау мен орын- дауды не өзге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады (ҚР АК 337б-бабы)
Төлемдердің бір бөлігі алдын ала төленеді жəне шарттың жа- салу фактісі осы арқылы қамтамасыз етіледі. Мерзімінен бұрын төленетіндіктен, кепілпұл аванс пен алдын ала ақы төлеуге ұқсас бола- ды. Дегенмен, кепілпұл ғана міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етеді. Кепiлпұл туралы келiсiм кепiлпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Тіпті, егер негізгі міндеттеме нотариалдық куəландыруға тиіс болған ретте де, кепілпұл үшін жай жазбаша нысан жеткілікті болып табылады. Келiсiмнiң жазбаша ны- санда жасалуын сақтамау кепiлпұл келiсiмiн жарамсыз деп тануға əкелiп соқтырады.
ҚР АК 338-бабында анықталғандай, мiндеттеменiң орында- луы басталғанға дейiн тараптардың келiсiмi бойынша не олардың кiнəсiнсiз-ақ оны орындаудың мүмкiндiгi болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда, кепiлпұл қайтарылуға тиiс.
Міндеттемені тараптардың бірі бұзған ретте басқа салдарлар ту- ындайды. Егер мiндеттеменiң орындалмауына кепiлпұл берген тарап жауапты болса, ол екiншi тарапта қалады, ал егер кепiлпұл алған тарап жауапты болса, ол екiншi тарапқа кепiлпұлдың екi еселенген сома- сын төлеуге мiндеттi. Оның үстiне, шартта өзгеше көзделмегендiктен,мiндеттеменiң орындалмауына жауапты тарап екiншi тарапқа кепiл- пұл сомасын ескере отырып, шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi
53. Міндеттемелік құқықтың ерекшеліктерін көрсетіңіз 
54. Өз бетімен салынған құрылысты сипаттап жазыңыз 
Өз бетімен салынған құрылыс – заңдарда белгiленген тəртiппен осындай мақсаттарға арнап бөлiнбеген жер учаскесiнде салынған, сондай-ақ қажеттi рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа қора- қопсы, құрылыс, немесе өзге де қозғалмайтын мүлiк өз бетiмен салынған құрылыс болып табылады.
Өз бетiмен құрылыс салуды жүзеге асырған адам оған меншiк құқығын алмайды. Оның құрылысқа билiк етуге – сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мəмiлелер жасауға құқығы жоқ. Өз бетiмен салынған құрылыс, оны жүзеге асырған адамның есебiнен бұзылуға тиiс.
Өзiне тиесiлi емес жер учаскесiне құрылысты жүзеге асырған адамға бұл учаске салынған құрылысты орналастыру үшiн осы адам- ға белгiленген тəртiп бойынша берiлген жағдайда ғана өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығы танылады.
Сот сондай-ақ құрылыс салынған жер учаскесi өзiнiң заңды пайдалануында болған адамның өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тануы мүмкiн. Бұл ретте құрылысқа меншiк құқығы танылған адам оны жүзеге асырған адамды сот белгiлеген мөлшерде құрылысқа жұмсаған шығындарын өтейдi.
Егер құрылысты сақтап қалу басқа адамдардың құқықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзуға əкелiп соқтырса не азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн болса, аталған адамдардың өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тануға болмайды.
Ерекше жағдайларда əлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiгi ескерiле отырып, өз бетiнше салынған құрылыс сот белгiлеген мөлшерде құрылыс шығындары өтелiп, коммуналдық меншiкке берiлуi мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет