Байланысты: бизнесті ұйымдастыру лекции на каз (1)
Көпшілік (тұрғындар) қаражаты-бұл жеке ақша қоры. Шаруашылық субъектілері қаражатына мыналар кіреді: кәсіп-орын, акционерлік қоғамдар, Кәсіпкерліктің басқа түрлерінін қаражаты, сонымен қатар банк жүйесінің коммерциялық несие беру, сақтандыру, кепілдік жүйесі, биржалық жүйе қаражаттары кіреді.
Шаруашылықтағы субъектінің қаражаты мемлекетпен ақша-
лай қатынаста болады және нарықтық экономиканың басқа құры-
лыстарымен де байланыста болады.
Мемлекетпен іскерліктің бірлескен өзара қимылы, арнайы мемлкеттік іскерліктің қызметі арқылы жүзеге асады. Бұл кәсіп-
керлік іскерліктің құқытық жағдайы. Қаражат ресурстары кәсіп-керлік фирмалардан түскен түсімдердің ақшалай кірістердің жиынтығы ретінде анықталады, соның ішінде фирманың қара-
мығнда орналасқан және олардың қаражаттық міндеттемелерін орындауға арналған және ағымдағы әр өндірістің кеңеюіне байла-
нысты шыққан шығындарымен де айқындалады.
Ақша қаражатының қозғаласы екі түрлі жағдайда болуы мүмкін.
Кәсіпорыннның құрылуы кезінде қызметке кірісу кезінде. Бірінші жағдайда шаруашылықты субъект өндіріске қажетті факторларды таңдап алады. Соның ішінде жеке қаражаттан, комбинациялық немесе заемдылық есебінен алады (жеке және заемдылық).
Жарлық қорының құрылуы негізінде, кәсіпорын мемкеме-
сіндегі қаражаттық ресурстар қалыптасады.
Шаруашылықтың ұйымдасқан құқытық түріне қатысты оның қайнар көздері болып мыналар табылады: акционерлік капитал, кооператив мүшелерінің жарналық үлесі, бюджеттік дотация, ұзақ мерзімді несие.
Егер кәсіпорында жеке қаржы қаражаты жетпесе, онда ол мемлекеттен несеие немесебюджетттік супсидтік жәрдем ақша алуға тырысады.
Пайдаланылатын ақша міндетті түрде бір негізгі жұмсалуы қажет, себебі құндылық уақыт факторымен туындайды. Мысалы: сізге екі вариант ұсынылады: 1000 теңгені қарызға алу бұл қарыз-
ды бүгінгі немесе бір жылдан кейінгі мерзімге ұсынылады. Әрине сіз оны бүгінгі күнмен аласыз, бұл ақшаларды банкке салғанда, сізге проценттін төлеуші еді. Сондықтан қаржы қызметкерлері үшін Мұндай алтын ереже ағымдағы қызметте шығындар мәліметін ең төменгі жағдайына дейін береді, сондықтан кәсіпорын шотынан ақша төлеуді кешіктіруге тырысады, ал инкассо процедурасын жоспарлаудың осындай түрі дебиторлардан ақша алуды ертерек жүргізуге тырысады.
Қолма қол түрдегі есептесу шартында біріншіден-банктік жүйе жұмысының тиімділігінен, екіншіден-сатып алушының төлеу биімділігіне қатысты болады.
Тиелген өнімдер қозғалысы төлем құжаттарымен және ақша қозғалыстарымен тікелей байланыста болады.
Ақша қозғалысы соның ішінде қолма-қол ақшасыз есебіндегі бір банктің есебінен екінші банкке аударылуын көрсетеді.
Қаражат аударудың үш тәсілі бар: пошта бойынша телеграф және электрондық төлем бойынша.
Кез келген банкіден кәсіпорын өзіне есепшот ашуына толық құқығы бар, осындай жағдаймен ол өзіне берілген қызмет және жоғалу кепілдігімен, оған байланысты банкротпен басқа да жағдай-лар көлемінде басшылық етуіне болады.
Сондықтан кәсіпорынның басшылығы коммерциялық банкілер үшін бекітілген экономикалық нормативтерді назарда ұстауы қажет.
Кәсіпорын есеп, ағымдағы, бюджеттік, депозиттік, валюталық т.б. есепшоттың түрлерін ашуға болады.
Олардың әрқайсы өзіне бекітілген жағдайлар боййынша, өзіндік ерекшелікке ие.
Қолма-қол ақшасыз есептің негізгі түрлері болып, төлем тапсырмасы, аккредитив, есепшот шегі жатады.
Қатаң бәсекелестік және айналым қаражатының жетіспеу жағдайында бірде-бір кәсіпкер өзіне қажетті тауарларды несиесіз ала алмайды.
Кәсіпорын, егер өзінің тауарын несиеге сатса, онда ол оның төлемдері үшін төленген қаражатты алдын-ала есептеп қарап алуы қажет.
Қаражаттың қолдан шығуы қаржы басшыларының назарын, дебиторлардан тиімді түрде ақша жинауды бекітуге аударады немесе ол инкассо деп аталады.
Кәсіпорын осындай мақсатпен сұраныс берушілерге шегерім түрін ұсынады. Соның ішінде белгілі бір мерзімде өзінің есебінен төлейтіндер үшін.
Кәсіпкермен іс жүзінде өндірістік, инвестициялық, қаражат-
тық іскерлікте қаржылық ресурстар пайдаланылады. Олар тұрақты қозғалыста болады және банкілердің, фирма кассала-рының есепшоттарындағы ақша қаражаттарының қалдықтары түріндегі ақшалы формада кездеседі. Қаржылық қаражат құра-
лына сұраным, тғжірибеде көрсетілгендей қысқа және ұзақ мерзімді жоспарларға туындайды.
Олардың қайнар көздерінің негізгі болып меншіктік және қарызды түрдегі қаражаттар болады.
Меншіктік қаражатқа мыналар жатады:
Қаржылық капитал;
Үстемелі капитал;
Сақтық қор;
Жинақ қорлары;
Қаражаттандырылған және түсім түріндегі мақсаттар;
Басқа ұйымдар мен жеке тұлға қаражаты;
Жалға арналған міндеттеме;
өткен жыл пайдасының қайта бөлінуі;
есеп беру жылының пайдасы;
есеп беру жылының қолданылған және қолданылмаған пайдасы.
Меншіктік қаражат бастауларына – материалдық емес актив-
тер (құнның қалдығы), негізгі қаражат (құнның қалдығы), орнату-ға арналған жабдық, аяқталмаған капиталдық салым, ұзақ мер-зімді қаражаттық салым, құрылтайшылар мен есептесу, басқа айналымнан тыс активтер, шығындарды жатқызуға болады.
Қарыздық қаражатқа мыналар жатады:
ұзақ мерзімді несиелер (банкілердегі);
ұзақ мерзімді қарыздар;
банкілердегі қысқа мерзімді несиелер;
банкінің жұмысшыларына беретін несиесі;
қысқа мерзімді қарыздар.
Осы немесе басқа түрді таңдау, пайыз мөлшері негізінде анықталады немесе қосымша талап ету арқылы, соның ішінде олардың алынымын бірге есептейді.
Сырттай қаражаттандыру түрі, кәсіпкер фирмасына капитал-
дың сыртқы көздерден әкелінуі ретінде саналады.
Сыртқы қаражаттандырудың негізгі түрлері – бұл құнды қағаз-
дар эмиссиясы (шығару), банктегі несиелерге назар аударту, коммер-
циялық несиелерді пайдалану, қолдану, банкілерге үлестерді сату және басқа Кәсіпкерлік құрылыстарға сату, қаражат көмегін өтеуісіз түрде алу және т.б. болып табылады.
Қаржылық қаражат іскерлігі, соның ішіндегі ағымдағы түрі өзінің жүру барысында қоймалардағы қорлардың толығуына және тосын шығындардың төлеміне өз пайдасын тигізеді.
Мұндай сұранымдар қысқа мерзімді жағдайда болады және қысқа мерзімді қаражаттандыру түріне тікелей байланыста болады:
коммерциялық несие;
банкілік акцепт (ризалық);
факторинг;
коммерциялық құнды қағаздар;
ішкі бастаулар;
дебиторлық қарызгерліктің кепілі бойынша несие беру және тауар-материалдық қорлар.
Коммерциялық несие ең көп тараған түрдің бірі, соның ішінде шикізат жеткізушілермен байланысты болады.
Коммерциялық несиені алудың бір түрі кепілзат болып табы-
лады.
Кепілзат міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің амалын ұсынады, сол себептен кредиторға қандай да бір бағалы мүлік бері-
леді.
Кепілдің заты болып, жер бөлігі (жерге жеке меншіктікті көр-
сету арқылы), тұрғын үй, машиналар, жабдықтар, ақшалар, бағалы қағаздар және кез келген мүліктер жатады.
Кепілдіктің екі түрі бар: кепілзат және ипотека.
Кепілзат дегеніміз салынатын мүлік кепіл берушіден кепіл ұстаушыға, оның қарамағына көшеді, соның ішінде ол сол заттың сақталуына толық жауапкершілікті мойнына алады.
Міндеттеменің орындалуының аяғында ккепілдің заты кепіл берушіге дереу қайтарылады.
Кепіл затпен ипотека арасындағы айырмашылық, ипотека ке-
зінде салынған мүлік, сол кепіл салушының қармағында және пайдалануында қала береді.
Кәсіпорынға ұсынылатын пайыздың мөлшері көп жағдайда нарық арқылы анықталады. Оның банкісі несие беру арқылы өзіне алады.
Банкіні қаржыландыру түріне мыналар жатады:
қамтамасыз етілмеген қарыз;
несие желісі;
аккредитив;
автоматты түрде жаңарған несие;
бөліп төлеуге арналған несие.
Қамтамасыз етілмеген қарыз.
Негізінен қысқа мерзімді, қамтамасыз етілмеген қарызды ком-
паниялар алады (мүліксіз кепілдік), соның ішінде несие әрекет-
тілігінің жақсы нәтижесіне ие болған компаниялар да жатады.
Әдетте бұл қаражаттандырылған жобалар үшін қолданылады: соның ішінде ақша қаражатының тез ағынын қамтамасыз ететін және төмендегідей жағдайларда пайдаланылады:
компания нақты ақша қаражаттарына ие болғанда немесе тақау арада алынған несиені қайтарған уақытта, не ұзақ тақау арада алынған несиені қайтарған уақытта, не ұзақ мерзімді қара-
жаттандыруды пайдаланғанда.
Шетел тғжірибесі көрсеткендей, нақты ақша қаражатының мерзімді тапшылығы соның ішінде қамтамасыз етілмеген қарызды қолдану және тауар материалдық қордың жинақталуының қажет-
тілігінен байқалады.
Бұл несие түрінің кемшілігі жоғарғы пайызды мөлшерлеменің қойылуы сонымен қатар ол мүліктік кепілмен қамтамасыз етіл-
мейді және ірі сома күйіндегі бір уақыттық төлемді талап етеді.
Кепіл бойынша несие беру.
Әдетте әлемдік тғжірибеде кепілге жылжымайтын мүлік ұсынылады, бірақ тауар, материалдық қор және нарықтың бағалы қағаздар қолданыла береді.
Егер қарыз алушы несиені қайтара алмайтын жағдайда кепіл мүлік қарыз берушінің меншігіне көшеді.
Кепіл мүлік дебиторлар есебінен де берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда ақша (тауар төлемі үшін алынған), қарыз берушінің банкідегі есепшотына жіберіледі.
Қаражаттандырудың осы түрінің тиімді жағы неғұрлым төмен пайызда төлеуінде. Бұл несие алу жағдайында және қамтамасыз етілмеген қарызбен салыстырғанда болады.