Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет31/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

сөйтетін. Әдетте өзі жалғыз, ал кейде қасында 
тағы біреуі болатын. Бірақ ол ешкімше тиіспейді 
[34]. 
«Мектебіміздегі екі бала мені үнемі мазақтайды 
және заттарымды тартып алып, оларды тығып 
қоятын. Мені жыларман халге түсіреді. Кейде 
мені итеріп те жібереді, теуіп те жібереді. Бұл 
жағдай өткен аптада болды, күнде болуы да 
мүмкін. Мені теуіп, қолымнан ұрып, тіпті ша-
шымнан тартқан кез де болды» [79].
«Балалар тобы бар. Олар бәрін бақылауға алып, 
кімді ұрып-соғу керек екенін, мазақтау керек 
екенін, жәбірлеу керек екенін біледі. Бұл балалар-
дан бәрі қорқады» [51].
«Мұғалім жоқ кезде жоғары сыныптың 
оқушылары біздің сыныпқа жиі келеді. Бізді 
жәбірлеп, құлақ-шекемізден қойып қалуы мүмкін 
немесе хабарласу үшін, сосын кері қайтармау 
үшін ұялы телефондарымызды талап етеді. 
Мені ұрып-соққан жоқ, бірақ үлкендерге айтып 
қойсақ, ұрамыз деп сес көрсетеді. Кейде бір бала, 
кейде екіден-үштен келіп, бізді мазақтайды 
немесе желкемізден түйіп кетеді. Әрине, мен 


55
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
олардан қорқамын. Оларға қарамауға тырыса-
мын. Олар жақындағанда мен қорқамын». [149]
Әңгімелесу барысы әдетте ер балалардың басқа 
ер бала мен қыз балаларды, ал қыз балалардың 
басқа қыз балаларды, сондай-ақ кейде қыз 
балалардың ер балаларды жәбірлеп, қорлағанын 
көрсетеді. Жәбірлеуге психологиялық қысым мен 
физикалық күш көрсетуді, бопсалаушылықты, 
жыныстық сипаттағы ишаралар мен күштеуді және 
кибербуллингті, сондай-ақ кемсітушілікті қосқанда 
бір немесе әр түрлі күш көрсету формаларын 
жатқызуға болады. Келесі баяндауларда мектепте 
өзге балалар тарапынан жәбірлеуге ұшыраған ба-
лалар өз тәжірибелері жайында сөз қозғайды. 
«Кейде ұлдар «фотоаппарат» ойынын ойнай-
ды, сонда бір бала саусақтарын дұрыс бүкпеген 
соң, камераның орнына таяқ жеп қалды. Бар 
айтқаным: «Артур плюс Таня». Соған бола ке-
удемнен мені қатты ұрып жіберді. Сосын тағы 
бір жай болды: дәлізде келе жатқанымда осы 
бала мені иығымен итеріп қалды. Сосын бұл тағы 
қайталанды. Содан соң мені итерген соң тоқтап: 
«Қайда барасың?» – деп сұрады. Ол қатты итер-
ген де жоқ, мүмкін әзілдегені де болар, бірақ 
маған өте жаман болды» [402].
«Бір бала мені «букашка» деп атайды, себебі фа-
милиямыз сол сөзге ұқсас естілетін. Ешқандай 
себепсіз құлақ-шекеден қойып қалып, иығымнан 
тартып, күртешемді жыртып тастады. Әлі де 
кию үшін оны орап таңып қоямын. Сол бала басқа 
екі баланы ұрып, партаны сындырды, сосын оны 
сындырған мынау деп маған жала жапты. Ол 
өзін осылай ұстайды, өйткені оның жоғары сы-
ныпта қорғаушысы бар. Ол (жоғары сыныптың 
оқушысы) ұрмайды, ол тек ана баланы азғырып, 
қай жерден қалай ұру керек екенін үйретіп оты-
рады. Қыздар топ-топқа бөлінген. Бір-бірлеріне 
өшпенділікпен қарайды. Олар төбелеспейді, 
есесіне жақсы ұрсысады. Негізінде олар бір-біріне 
көңілге келетін сөздер айтып, итеріп-жұлқылауы 
мүмкін. Не болса соны жерге ұрып, сындыруы 
да ғажап емес. Мен балаға ұялы телефонымды 
көрсеттім де, ол мамамдікі екенін, өте қымбат 
тұратынын айтсам да, мені итеріп қалғанда 
құлап түстім, телефон да қолымнан түсіп, сынып 
қалды. Жай жақындап келіп, итеріп қалатын не-
месе құлақ-шекеден салып кететін, иығыңнан 
итеріп, іштен ұрып кететін бұзақы балалар бар. 
Олар жай келеді де ұрып кетеді. Сабақтан соң 
жай келді де, мені мазақтай бастады. Мен де 
қарап қалған жоқпын, оны мазақтадым. Сосын 
мені құлақ-шекеден қойып қалды. Құлағым әлі 
күнге дейін ауырады. Сосын тағы да иығымнан 
ұрды». [391] 
Мектептегі күш көрсету мен 
кемсітушілікке куә болғандарға 
сипаттама
Мектепте күш көрсету мен кемсітушілікке куә 
болған балалардың сипаттамасын жақсы түсіну 
үшін аталмыш сауалнамалар талданды. Мектепте 
күш көрсету мен кемсітушілікті бақылау кезінде 
сараптама басында демографиялық әртүрлілікті 
анықтау үшін жүргізілген еді. Демографиялық 
әртүрлілікке орай, 3.14-кесте жыныстық 
айырмашылыққа қарамастан, қыз балаларға 
қарағанда (сәйкесінше 45,4%, 7,3% және 
6,3%) ер балалардың физикалық күш көрсетудің 
(49,2%), бопсалаудың (9,8%) және жыныстық 
сипаттағы ишаралардың (8,6%) куәгері болу 
ықтималдығы өте жоғары болатынын көрсетті. 
Қыз балалардың (37,7%) ер балаларға 
(34,6%) қарағанда кемсітушілікке куәгер болу 
ықтималдылығы жоғары. 
Оқу сыныбы бойынша жалғыз айырмашылық – 
бопсалауға, жыныстық сипаттағы ишаралар мен 
қысым көрсетуге куәгерлігі болып отыр. Жоғары 
сыныптың (8-10-сыныптар) балалары төменгі 
сыныптың балаларына қарағанда (5-7-сы-
ныптар) бопсалауға, жыныстық сипаттағы 
жәбірленуге куәгер болу ықтималдылығы өте 
жоғары.
Ал ауыл мен қала мектептеріндегі айырмашылыққа 
қатысты 3.14-кесте қала мектептеріндегі балалар 
ауыл балаларымен салыстырғанда (сәйкесінше 
45,5%, 44,1% и 33,4%) психологиялық қысымға 
(54,2%), физикалық күш көрсетуге (49,9%) және 
кемсітушілікке (38,5%) ұшырайтынын көрсетеді. 
Сондай-ақ қала мектептеріндегі балалардың 
(8,9%) ауыл мектептеріндегі балаларға (5,7%) 
қарағанда жыныстық сипаттағы жәбірленуге көп 
ұшырайтыны байқалады. 
Сараптама, сондай-ақ, ата-аналарға, мектепке 
және балалар арасында ашуға бой алдыру мен 
физикалық агрессияға байланысты мектептегі 
күш көрсету мен кемсітушіліктің дәрежесін 


56
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
анықтау үшін жүргізілді. 3.14-кесте ата-анасы-
на бауыр басу сезімі төмен балалар арасында 
психологиялық қысымға (58,7%), физикалық 
күш көрсетуге (53,5%) және кемсітушілікке 
(47,0%) ұшырау ықтималдылығы ата-ана-
сына бауыр басу сезімі жоғары балалармен 
салыстырғанда (сәйкесінше 49,5%, 46,7% және 
35,3%) анағұрлым жоғары екенін көрсетеді. 
Сондай-ақ, ата-анасына бауыр басу сезімі төмен 
балалар үшін мектепте бопсалаудың (13,8%) 
және жыныстық сипаттағы жәбірленушілікке 
(12,6%) ұшырау ықтималдылығы ата-ана-
сына бауыр басу сезімі жоғары балалармен 
(сәйкесінше 8,0% және 7,0%) салыстырғанда 
жоғары екендігі анықталды.
Осылайша, 3.14-кесте ата-анасына бауыр басу 
сезімі төмен балалар үшін мектепте психологиялық 
қысымға (67,6%), физикалық күш көрсетуге 
(62,1%) және кемсітушілікке (49,7%) ұшырау 
ықтималдылығы ата-анасына бауыр басу сезімі 
жоғары балалармен (сәйкесінше (49,5%, 46,7% 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет