Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет40/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

мені ұнатпайтын сыныптастарыма, адамдарға 
жасадым. Мен мұны өзім жасадым». [244]
«Мен оның барлық кемшіліктеріне күлетінмін. 
Мысалы, оны “салпаң құлақ” дейтінмін. Одан 
шертік алатынмын. Мен ешқашан төбелеске 
қатыспайтынмын, тек қана қарап тұрамын. 
Әдетте, жаңадан келгендерді олар сенімен 
төбелесуден қорқу үшін бірден қорқытатынмын». 
[398]
Өзге балалар өзара балалар арасында болатын 
мазақтау, келемеждеу мен тіл тигізудә сипаттады; 
дегенмен, осы тараудың алдыңғы бөлімдерінде 
көрсетілгендей, көптеген балаларға тіл тигізіп, 
оларды қорлап, қағытуды бастан кешіреді, 
сондықтан “мені арандатқан кезде” деп жауап 
береді [387]. Балалар көбінесе тіл тигізіп, қорлап 
жауап қайтарады , ал кей жағдайларда күш 
қолданып, зорлық-зомбылық көрсетеді. 
«Мен дөрекі сөздер айтатынмын. Оқушылардың 
өздері кінәлі, ал менің дөрекі сөйлеуіме тура келді; 
олар өздері бастайтын». [355]
«Әдетте оқушылардың өздері кінәлі, ал менің 
ұрысуыма тура келді. Олардың өздері бастайды. 
Ал егер олар доғармайтын болса, менің оларға 
ұрысуыма тура келеді». [354]
«Егер маған біреу тіл тигізетін болса, мен де оған 
тіл тигіземін, себебі олар тіл тигізуді бірінші бо-
лып бастайды». [312]
«Мен солай бір рет қана жасадым. Ол қыз мені 
арандатты және мен өзімді қорғау үшін жауап 
қайтардым». [370]
мен жауап қайтарамын. Мен сыныптасыммен 
төбелестім. Ол бірінші болып бастады, мені 
мазақтап, ұрып, киімімді жыртты». [391]
«Мен ешқашан төбелеспеймін. Мен тек қана 
қарымта қайтарамын. Бір бала мені бірінші 
болып итеріп жіберді, сосын мен де қарымта 
ретінде оны ұрдым». [272]
«Мен ешқашан төбелесті бірінші болып ба-
стамаймын, бірақ егер маған тиіссе мен үнсіз 
қалмаймын. Мен бірден жауап беремін, әйтпесе, 
олар мені қорықты немесе жалтақ деп ойлайды, 
ал егер дәл солай қарымта қайтарсам, бірден 
жайыма қалдырады. Мен өзімді қорғау үшін, 
келесі жолы ешкім тиіспеуі үшін осылай жасай-
мын. Біз төбелесіп жатқан кезде ешкім арала-
спайды». [151]
«Мен өзімді қорғау үшін төбелес бастадым. Менің 
сыныптасым мені мазақтап, тебеді». [216]
Кейбір балалар жоғары сыныптағы балалардың 
кішкене оқушыларды бір-бірімен төбелесуге 
мәжбүрлейтінін айтып берді. Кейде балалар 
сондай-ақ олар өздерін басқа мектептің неме-
се ауданның балаларына арандататындарын 
сезгендерін және өздерін әрі мектебін қорғау 
үшін төбелесуге тура келгендерін айтты.
«Жоғарғы сыныптың балалары бізді төбелесуге 
мәжбүрлейді. Біздің төбелесуімізге тура келеді. 
Жоқ, мен олай жасамаймын. Мен бұны бұрын 
жасамағанмын. Жоғарғы сыныптың балалары 
мені достарыммен төбелесуге мәжбүрледі. Мен 
төбелесті бірінші бастаған жоқпын. Олар мені 
мәжбүрледі». [346]
«Біз бірде аудан мен ауданға бөлініп, топ болып 
төбелестік. Басқа ауданның балалары баста-
ды. Олар бізді төбелесуге мәжбүрлеп шығарды 
және төбелестірді , ал біз ештеңе айта алмай, 
төбелесуге мәжбүр болдық». [236] 
Психологиялық зорлық-зомбылық
Сұхбат жүргізілген 402 баланың арасында 32,0%-
ы (3-тен 1-і дерлік) мектепте психологиялық 
зорлық-зомбылық жасағандарын айтты. Кейбір 
балалар өздерінің басқа балаларға, басқа 
баланың жанын ауырту үшін психологиялық 


67
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет