Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет41/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

«Менің сыныптастарымның бірі кейде маған 
тіл тигізеді. Бұл қынжылтады. Біз бір-бірімізді 
әзілдеп иықтан түйіп қаламыз. Бірақ бұған 
ренжімейсің. Бұл бала кейде менің жыны-
ма тиеді, сондықтан мен балағаттап жауап 
беремін». [127]
«Әрине, ондай болады. Біз әзілдеген кезде бір-
бірімізге дөрекі және жаман бірдемелер ай-
туымыз мүмкін. Барлығы әзілден басталады. 
Сосын біз ренжіп дөрекі бірдеме айтып қаламыз. 
Қалғандары жай ғана қосылады». [256]
Көптеген жағдайларда балалар сондай-ақ 
әзілдеп сөзбен тиіскендерін және бұның басқа 
адамды ренжіту үшін айтылмағанын, ешкімнің 
де ренжімегенін айтты; дегенмен, осы тараудың 
алдыңғы бөлімдерінде көрсетілгендей, мектепте 
психологиялық зорлық-зомбылық көрген және 
сөзбен қорлауды басынан өткізген көптеген бала-
лар қынжылып, жәбірленген, ал кейде өздерінің 
сыныптастарының алдарында қорланған. 
Балалар, сірә, өздерінің басқа балаларға жасай-
тын әрекеттерінің салдарын түсінуге қабілетсіз. 
Төменде келтірілген үзінділерде балалар өздерінің 
басқа балаларды жай ғана мазақтағаны немесе 
оларды қалжыңдап не ойнап мазақтағандары ту-
ралы әңгімелейді; алайда, қалжыңдап немесе ой-
нап бір балаға немесе бір топ балаға тіл тигізу және 
қорлау (яғни, психологиялық зорлық-зомбылық) 
осы сөздерден жәбірленетін бала үшін қорланатын 
және қынжылтатын жайт болуы мүмкін.
«Мен дөрекілік көрсетпей, қалжыңдап 
мазақтайтынмын. Мен бұны өзімнің сыныпта-
старыма, төменгі сыныптардың балаларына 
жасадым». [357]
«Мен әзілдеп күлетінмін, бірақ дөрекі сөздер ай-
тып, тіл тигізбейтінмін. Бұл – жай ғана сондай 
ойын, қалжың». [356]
«Мен кейде себептен-себепсіз, жай ғана 
қалжыңдап әдейі бірдемені әзілдеп айтамын;». 
[338]
Көп жағдайларда балалар өздері басқа балаларға 
тіл тигізген немесе бірдеңені қалжыңдап қорлаған 
кездегі мақсаттары өздерінің сыныптастарын 
күлдіру және оларды мазақ қылған балаға қарсы 
психологиялық зорлық-зомбылыққа қосу болып 
табылатынын айтты.
«Мен ешкімді әдейі қорлаған емеспін. Біреу жауап 
беретін кезде тек қалжыңдап, барлығын күлдіру 
үшін ол туралы күлкілі бірдеме айта саласың. Бұл 
балалар менің сыныптастарым болатын. Басқа 
балалар да бірнеше сөздер қосты және біз күлкіге 
айналдырған балалармен бірге күлдік. Мұғалім 
осыған бола ашуланды». [269]
«Мен өзімнен кіші баланы күлкіге айналдырдым, 
оған тіл тигізіп қорладым. Біз сыныптастарыз 
бәріміз оған күлдік». [257]
Соңында, кейбір балалар өздерінің келемеждеу 
және жыныстық сипатта қысым көрсету ретінде 
қыз балаларға қатысты психологиялық зорлық-
зомбылықты арнайы жасағандарын айтып берді. 
Бір бала былай түсіндіреді: «біз кейде қыз бала-
ларды ренжітеміз және оларды айқайлауға және 
жылауға мәжбүрлейміз» [341]. Басқа үш ер бала 
былай толықтырды: 
«Мен кейде қыздарға тіл тигіземін. Біз көңілді болу 
әрі қыздардың мені күлдіруі үшін ойнаймыз». [273]
«Кейде біз өз сыныбымызда қыздарға күлеміз 
және оларды мазақтаймыз ; бұл оларға тиісіп 
ренжіту үшін жай ғана қалжың. Бұл көңілді. 
Біздің сыныптың қыз балалары өте сұлу». [148]
«Мен қыз балаларға тиісіп, дөрекі сөздер айт-
тым. Бұл қалжың болатын. Менің сыныбымдағы 
екі-үш бала да менімен бірге күлді». [349] 
Қорқытып ақша тартып алу
Сұхбат жүргізілген 402 баланың арасында бір 
бала ғана мектепте басқа балаларды қорқытып 
ақша тартып алғанын мәлімдеді. Ол былай 
түсіндірді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет