Қазақстан респубикасы білім және ғылым министрлігі


ШӘДІ ЖӘҢГІРҰЛЫНЫҢ 3 ДАСТАНЫНА ҚЫСҚАША ТАЛДАУ



бет2/15
Дата15.07.2022
өлшемі87,5 Kb.
#147504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
СӨЖ-Нургазина Сания.

ШӘДІ ЖӘҢГІРҰЛЫНЫҢ 3 ДАСТАНЫНА ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
Шәді – Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған, мазмұн мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған ақын. Ол ұлы орыс халқының ерлікке толы тарихынан реалистік поэма («Ресей патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», Орынбор, 1910) жазды. Шәді бұл шығармасында Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуының прогрессивтік мәнін нақтылы тарихи деректермен, білгірлікпен көрсеткен. Шәдінің әдеби мұрасы мол. Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны – 18 дастан. Олардың көбі Ташкент қаласындағы Ғ.Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан: «Шәр дәруіш» («Төрт дәруіш», 1913, 1914), «Хикаят Қамарзаман» (1914), «Назым Сыяр Шәриф» (1913), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» (1914), «Хикаят Орқа-Күлше» (1917), «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» (1917), т.б. «Тарихнама» атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған.
Шәдінің сүбелі шығармасының бірі – «Шер дәруіш» («Төрт дәруіш»). Бұл дастан бір басылымында (1913) «Назым шәр дәруіш» деп те аталған. Шығарма сюжеті «жеті ықылым жер жүзінің бәрін кезген» төрт жиһангездің басынан кешкен оқиғалары арқылы өрбиді. Ақын дастанында адамның рухани мүмкіндігіне, күш-құдіретіне шексіз сенім білдіреді, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді, ақыл-ойды, махаббатты, әділдікті, бауырмалдықты мадақтайды. Бұл дастан сюжеті бұрын да өзге түркі халықтары арасына қисса болып кең тараған.
Шәді «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» дастанын да Шығыс аңыз әңгімелерінің сюжетін пайдалана отырып жазған. «Атымтай Жомарт хикаясы» деген атпен қазақ арасына тараған әңгіме сюжетіне құрылған «Хатымтайдың хикаясы» атты дастанда мазмұны жағынан өзара сабақтас төрт хикая бар. Ақын бұларда жұртты адамгершілікке, мейірімді, бауырмал болуға үндейді. Сараңдық пен дүниеқұмарлықты тәрк етеді.
Ал «Хикаят Орқа-Күлше» атты лиро-эпикалық дастанында сүйіске екі жас арасындағы мөлдір махаббатты жырлады, шынайы достық, ізгі адамгершілікті мадақтады. Бұл дастан оқиғасы да ертеректе Шығыс халықтары арасында кең тараған әңгіме сюжетінен алынған. Шәдінің қиял-ғажайып ертегілері мен аңыз-әңгімелер негізінде жазған «Хикаят Қамарзаман» дастанында қиял-ғажайып оқиғалар адамдардың өміріндегі әдеттегі реалдық істерімен, күнделікті тұрмыста кездесетін көріністерімен ұштасып, тығыз байланысып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет