Қазақстан респубикасы білім және ғылым министрлігі


МҰСАБЕК БАЙЗАҚҰЛЫНЫҢ МЫСАЛДАРЫ



бет6/15
Дата15.07.2022
өлшемі87,5 Kb.
#147504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
СӨЖ-Нургазина Сания.

МҰСАБЕК БАЙЗАҚҰЛЫНЫҢ МЫСАЛДАРЫ
Молда Мұсаның ата-мұрасы адыра қалып, ел билігі беделділік, байлықпен, ақшамен өлшенетін болып еді. Соны мойындай өскен Мұса ең алғашқы бір өлеңінде:
Бай артық болыстан да, биліктен де,
Әр істі ақша бұзар киліккенде.
Жалы бар, жабы шобыр озып кетті,
Қазан ат жалы кеткен жүйріктен де, — дейді…
Ақын “Есім аға”, “Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл”, “Сайлау деген елге бір бүлік болды” деп аталатын өлеңдерінде байлардың бойындағы топас паңдықты, кесапат мінез, жексұрын әдеттерді сынайды, әкімдердің жат қылықтарын әшкерелейді.Мұсабек ақынның “Тышқан мен түйе”, “Жолбарыс пен түлкі”, “Адам мен аюдың достығы”, “Адамдық пен арамдық”,”Қайырымды қыз бен қайыршы”, “Түзу терек”, “Ағаш пен маймыл”, “Семірген есек” деп аталатын мысалда адамдық пен арамдық, әділет пен зұлымдық қатар алынып біріне-бірі қарсы қойылуыарқылы адамгершілік, шынайы әділдік, еңбек мәселесі насихатталады.
Ақындар айтысы – қазақ әдебиетінде мол дамып, кең тараған жанр. Мұсабектің ел араснда тарған бірнеше белгілі айтыс өлеңдері бар.Ақынның әсіресе “Манат қызбен айтысы” ел арасында кең тараған, оның таланты мен ақындығын көпке таратқан көлемді шығарма.5-нөмірлі «Мұса молда мен Манат қыздың айтысы» былай басталады: «Дулат Байұзақ датқаның баласы Мұса молда 50 жасында қатыны өліп қалған соң, қыз іздеп жүріп Қожатай байдың Манат деген қызын көреді. Келсе де қызбен сөйлесе алмай, кете барыпты. Артынан аулына келіп хат жазыпты». Осы нұсқада айтыстың кіріспесі қамтылған, салыстыруға алынып отырған мәтіндерде мұндай кіріспе кездеспейді. «Үрмәтлу хат жазамын Манатжанға,
Аузына жанның бәрін қаратқанға.
Манаттың ақ дидарын бір көрсем деп,
Жалындық күндіз-түні жаратқанға» деген Молда Мұсаның Манат қызға алғаш сәлем берген өлең шумағы былай өзгеріске ұшыраған:
«Хат қалам алып жазамын Манатжанға,
Аузына жанның бәрін қаратқанға.
Ақ жүзін Манатжанның бір көрсем деп,
Жад етіп жалынам жаратқанға.
Көптеген нұсқаларда «Аулыңда төрт күн жаттым мейман болып» болып келсе, 5-нөмірлі қолжазбада «Аулыңа апта жаттық қонақ болып» түрінде кездеседі.Манаттың жауап хаты 1135-бумадағы қолжазбада он шумақтан тұрса, 243-бумада сегіз шумақ, 882-бумада тоғыз шумақтан тұрады. Мағыналық жағынан да алшақтық аңғарылады:
Молдаға дұғай сәлем қыз Манаттан,
Таныдым мен сырыңды жазған хаттан.
Тақсыр-ай, қошеметтің жайы қалай,
Тумап па мендей бір қыз басқа жақтан?
Өткен күндер: Өлеңдер, мысалдар, айтыстар» жинағы таңдалды, себебі кейінгі басылымдарда «Өткен күндер» жинағы басшылыққа алынғаны анықталды. «Өткен күндер» жинағында айтыс мынадай кіріспе сөзбен басталады:
«Мұсабек Манат аулының маңына келіп жатып, қыз сырына сырттай қанады. «Өзі есті, өзі ақын қыз екен. Оның үстіне«әйелім өліп, көрінгенге көз сүзген жағдайым бар, байқайын» деп хат жазып, Манат ауылының бір қойшы баласынан беріп жібереді де аттанып кетеді». Молда Мұса мен Манат қыздың бір тойда кездесіп бетпе-бет айтысқаны 1963 жылғы «ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалар жинағында» жарияланбаған.
Қорыта келгенде Молда Мұса мен Манат қыздың айтысы текстологиялық тұрғыда терең зерттеу қажеттігі күн тәртібіне қойылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет