Қазақстан респубикасы білім және ғылым министрлігі


МАҚЫШ ҚАЛТАЙҰЛЫНЫҢ МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕРІНЕ ТАЛДАУ



бет3/15
Дата15.07.2022
өлшемі87,5 Kb.
#147504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
СӨЖ-Нургазина Сания.

МАҚЫШ ҚАЛТАЙҰЛЫНЫҢ МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕРІНЕ ТАЛДАУ
Мақыш Қалтайұлы поэзиясының бір саласы - мысал өлеңдері. Мысал жанрының қазақ әдебиетінде ерекше қарқынмен дамып, әдеби проңесте айрықша маңызға ие болған кезеңі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы. Осы кезде қазақ қоғамында жүріп жатқан саяси-әлеуметтік, шаруашылық өзгерістер рухани жандану мен серпілістер мысал жанрының күрт дамуына әсер еткен қозғаушы факторлар болды. Зерттеуші ғапым Т.Қожакеевтің сөзімен айтқанда: ...дәуірдің жұртты ағаргу, тәрбиелеу идеясына қарай XX ғасырдың басында мысал жанры, әсіресе дидактикалық мысалдар бірінші қатарға шықты. Сөз болып отырған ксзеңде қазақ мысалының дамуына Мақыш Қалтайұлы да өз үлесін қосты. Ақын өзінің ағартушылық мұратын халыққа тиімді де түсінікгі етіп жеткізу үшін, қазақтың ұғымына, таным-түсінігіне жақын, табиғатында ауыз әдебиеті нұсқаларымен соның ішінде хайуанаттар туралы ертегілерімен егіз осы мысал жанрына қалам тартып, жұртқа ғибрат, нақыл - өсиет айту ниетімен бірнеше мысалдар жазады.
Ақын мысалдары Қазанда 1910 жылы «Біраз ғибрат сөз...» деген атпен жарық көрді. Онда «Қой, сиыр, ешкі, арыстан», «Сабырсыздық», «Есектің ойнауы», «Аз үміт көп зарар берер», «Бал құрты мен шыбын», «Жақсылыққа жамандық», «Фақырлық, байлық», «Садақат» атты барлығы сегіз мысал өлеңі қамтылған.
Ақын мысалдарында негізінен адамдар бойында кездесетін теріс қылық, жайсыз мінездерді әртүрлі аңдар, құстар кейпінде, кейде адамның өзін қатыстырып (Жақсылыққа жамандық) суреттей отырып, одан қажетті қорытынды жасап, ғибрат, моральмен түйіндейді. Кітаптың өлеңмен жазылған беташарында ақын мысал жазудағы басты мұраты, негізгі бағытын былай аңдатып өтеді:
Риуайатын рауиннің баяндаймын,
Білмегеннен ерініп аянбаймын.
Қанша ғажиз болсам да әр ісімде,
Бір Алладан басқаға таянбаймын.
Қанағат, тауфиқ бізге жолдас болса,
Бергені көп Алланың үлкен баймын.
Қанағат, тауфиқ жағы тақыр болса,
Адамның азғыны боп қалғандаймын,- деген жолдарда ақынның адамгершішк ой-мұратгары жатыр, яғни Жаратқанның адал пендесі ретінде өмір сүру үішн ең алдымен соған тән ип қасиеттерді бойыңа дарыта білуің қажет. Ал адамгершілік қасиетің негізі - имандылық. Имандылық - Алла тағаланың көрсеткен хақ жолымен журу арқылы гана болады (Қанша ғажиз болсам да әр ісімде, бір Ашіадан басқаға таянбаймын).
Макыш мысалдары дәстүрлік негізде жазылған. Риуайатын (аңыз, әңгіме) рауиннің (әңгімешінің) баяндаймын деп өзі аңғартып отырғандай, ақын мысал жанрының ортақ сюжет, тақырыпқа жазыла беретін қалыптасқан дәстүрін сақтай отырып, жазған мысалдарына жаңа идеялық сипат беріп, өзіндік ақындық қуатымен дамытады. Соның бірі - Аз үміт көп зарар берер- деп аталатын мысалы.
Мақыш иттің қомағайлық іс - әрекетін өлең жолдарымен былай жеткізеді:
Бір ит бір күні аузына тістеп етті,
Бір көпірдің үстінен жүріп өтті.
Өзінің көлеңкесін суда көріп,
Басқа ит деп көлеңкесін хиял етті.
Мұнда көрсеқызар, көзі тоймас қызғаншақтық, нәпсіқұмар, дүниеқорлық әшкереленіп, мысқылданады. Ақын адамдар бойында кездесетін жат пиғылды иттің іс - әрекеті арқылы мысалдап көрсетеді.Мақыш мысалының соңында:
Бұл қиссада пайда көп ғибрат алсаң,
Барына қапағат қыл тілге нансаң.
Біреудің мал - бақытына көзің салсаң,
Сол итгей боларың хақ әуре-сарсаң,- деген ғибрат айтады, қанағатшыл болуға үндейді. Мысал астарында Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыз жалғыз атын сойғызар деген халық нақышы жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет