НҰРЖАН НАУШАБАЙҰЛЫ ДІНИ ЖЫРШЫ Өзі өмір сүрген кезеңдегі теңсіздікке, əділетсіздікке қарсы ақындық үн көтеріп, өзіндік көркем туындыларына өзек еткен сондай ақындардың бірі – Нұржан Наушабайұлы.Ең алдымен Нұржан – діни-ағартушы ақын. Оған басты себеп ол діни мектепте оқыған, дінге деген өзіндік танымы бар, бұл тақырыпты шығармашылығының негізгі өзе-гіне айналдырған ақын. Ақынның көзі тірісінде үш кітабы жарық көрген. Оның алғашқысы араб харпімен жазылған «Манзұмат қазақия» (1903 жыл. 32-б.) жинағы.Екінші кітабы «Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтысы» (1903 жыл. Араб əрпінде 16-б.).Үшіншісі, «Алаш» жинағы (1910 жыл. Араб əрпінде 63б.).
Кезінде Нұржан ақынға əлеуметтік мəселелерді жырлауға бағыт, кеңес берген Ыбырай Алтынсарин екен. Ұлы ұстаздың ақыл-кеңесін тыңдап, өзінің бағытын анықтап алған Нұржан ақын, кейіннен Ы. Алтынсаринге деген ризашылық сезімін білдіріп, оған өлең де арнайды:
Жұртыңнан екі жая Тіне, Қармыс,
Əр ерлер өз тұсында алған алғыс.
Бүркіттей ұя салған Римстанда,
Талпынтып балапанын ұшты бір құс.
Зəһарды балдан тəтті қылатұғын,
Халыққа қамқор ондай ер болмады тұс, – деп, ақын Ыбырай атамыздың күллі қазақ баласының оқып, білім алуына тигізген əсерін дəлелдей түседі. Ұлы ағартушымен достық оған тіршілік мəнін терең тануға негіз болады. Ол енді өмір, қоғам, адам деген ұғымдарға өзгеше қарай бастайды.
Күштің əлсізді тырп еткізбей ұстап отырғанын, қоғамның құрсаулы екенін меңзейді. Заманның теңсіздігі, жаппай етек алған əділетсізік, əр адам өз орнын таппай біреудің өнері мен еңбегі еш болып, біреудің асып-тасып, байлыққа мастанып жүргенін баяндай келе «Заманай» деп егіледі.
Арзан мен қымбаттың,
Бағасының бір болып,
Қатар жүрген заман-ай!
Қыран құстай қыр аспай,
Қарға кіріп қатарға,
Қуды ілген заман-ай!
Тозып жүрген заман-ай!
Қарап тұрсаңыз Нұржанның сол кездегі айтқан сөздері дəл бүгінгі күнге тура келіп отыр. Дəл қазіргі қазақ қоғамындағы дарынды мен білімділердің есікке ысырылып, ақшасы мен «жоғарыда» танысы барлардың төрге озған заманы среттелген. Сондықтан Нұржан шығармалары да əлеуметтік мəселелерді қамтып жырлау жағынан қазақ əдебиеті тарихында маңызды орын алады.
Дінге қатысты өлеңдерінде «ҚұранКəрімнің» маңызын, қадір қасиетін толық түсіндірген ақын мұсылманның парыз-уəжіптеріне де талдау жасайды, əрі ол мұсылманның қырық парызын жеке-жеке талдап көлемді «Қырық парыздың баяны» деген өлең жазады. Профессор Қ. Жұмалиев Нұржан шығармашылығындағы Ислам мəсеелерін сөд ете келіп: «Нұржан Наушабаев бұл мəселені Əбубəкірден гөрі тереңдетіп, «Қырық парыздың» əрқайсысына жеке тоқтап, оның мəні мен тұтыну жолдарын өлеңмен үгіттеді» деген бағылы пікір айтады. Ақын «Қырық парыздың» мақсатын талдай келіп:
Əуелі иман, ораза, намаз, зекет,
Сен бұған, бірАллаһтансолберекет.
Əуелі иман жаратқан тəңірі бір
Болды кітап Пайғамбарым иман қыл деп.
Он екі парыз осы білсем пəндə
Ықыласың, көңілің болсын онда.
Үшеуі ғұсылда, төртеуі таһаратта,
Жəне де төрт парыз таямумда,- деп бастаған діни тақырыпты одан əрі өрбітеді, кей парыз қалай орындалады, ғұсыл деген не, таһрат деген не екенін түсіндіреді.Ақынның шығармашылығындағы Ислам – ерекше əрі өзгеше дүние.