Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Ет және ет өнімдерін өндіруге арналған цехтың сипаттамасы



бет2/9
Дата08.02.2022
өлшемі373,91 Kb.
#123880
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мейрамова Аружан ТПП 18-25

1.Ет және ет өнімдерін өндіруге арналған цехтың сипаттамасы

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ет өңдеубойынша эксперименттік - өндірістік цехы» ғылыми-тәжірибелік, зертханалық негізде 2015 жылы салынып, 2016 жылдың 1 ақпанында пайдалануға берілген болатын. Бұл – барлық санитарлық-гигиеналық және технологиялық талаптарға сәйкес ет шикізатын өңдеу және жартылай фабрикаттар жасау жүзеге асырылатын шағын өндірістік цех деп айтсақ болады. Цех ірі қара мал, ұсақ малдар мен құстардың ұшалары, жартылай ұшаларын қабылдау аймағынан; өндірістік бөлімнен (шприцтеу және жабдықбөлімі); қоймадан; киім ауыстыратын бөлме және санитарлық бөлмеден тұрады. Сондай-ақ цех келесідей құрал-жабдықтармен жабдықталған: екі түрткі бар әмбебап шөгілетін камера; ет тартқыш (МИМ-600М); фарш жасаушы (ИПКС019); куттер (ФРЕ-А-100); вакуумдық шприц (ИПКС-047); вакуумдық орау аппараты; мұз генераторы; тоңазытқыш камера; 150 кг дейінгі жер таразысы; шұжық өнімдері мен батондарды қалыптауға арналған үстел; жұмыс үстелі; технологиялық буксирлеуші; екі секциялы жуу ваннасы; үстел таразы; стеллаж; су жылытқыш; орташа температуралы тоңазытқыш моноблок; үлкен көлемге арналған Сплит-салқындату және мұздату жүйесі. Аптасына 100 кг өнім өндіретін бұл цехта пісірілген шұжық, пісірілгенысталған шұжық, сосиска, сарделькалар дайындалып, шығарылады [1].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет