Сурет-86. Сынып жетекшісінің ата-аналармен
қарым-қатынасының формалары
Кей мектепте құрамына жергілікті әкімшілік өкілдері, кәсіпорын, фирма,
мәдени-ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін
қамқорлық кеңестері қызмет етеді. Мектептің отбасымен ұйымдастырушылық-
педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті
ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-
аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық
сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір отбасына бала тәрбиелеуде
көмек көрсетеді (көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар отбасыларға).
Мектеп қызметкерлерінің және ата-аналардың балаға қатысты өзінің
міндеттерін орындау үшін оларға әрекеттестік жауапкершілігі жүктеледі. Олай
болса, үлкендер міндетін сапалы атқару үшін – бірлік қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |