Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-



Pdf көрінісі
бет39/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-
педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының 
мақсатқа бағытталған факторы 
Мектептің тәрбиелік жүйесі 
– 
оқу сабақтарын, балалардың сабақтан тыс 
өмірін, әртүрлі әрекеттерін және мектептен тыс қарым-қатынастарын, 
әлеуметтік, 
табиғи, 
пәндік-эстетикалық 
ортаның 
әсерін, 
кіріктірген 
педагогикалық процесті толығымен қамтиды және ол толассыз кеңейіп 
отыратын тәрбие кеңістігі.
Мектептің тәрбиелік жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген 
объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ 
мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Оның нәтижесі көп жағдайда 
мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге және 
өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне байланысты.
Жас ұрпақтың әлеуметтенуі дегеніміз – өсіп келе жатқан әрбір баланың 
басқалармен қарым-қатынас және іс-әрекет барысында өзі өмір сүріп отырған 
қоғамда қабылданып тұрақтанған адамгершілік сапалары мен мінез-құлық 
нормаларын, тәртіп ережелері мен құндылықтарды өз бойына сіңіріп, 
әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қалыптасуы, өмірге бейімделуі. Жас ұрпақтың 
әлеуметтенуі, бір жағынан ол өмір сүріп отырған қоғамдағы әртүрлі сипаттағы 
ішкі және сыртқы факторлар мен әртүрлі өмірлік жағдаяттардың ықпалымен 
әсер етудің стихиялы жолымен қалыптасса, екіншіден, мақсатты тәлім-
тәрбиелік жұмыстар арқылы адамгершілігі жоғары, креативті, шығармашыл 
азамат ретінде қалыптасу арқылы жүзеге асырылады. Мектептің тәрбие процесі 
жас ұрпақты әлеуметтендірудің жетекші әрі айқындаушы негізі болып 
табылады. 
Мектептің тәрбиелік жүйесінің әдістемелік ұйымдастыру негізі: 
- мектептің бірыңғай даму тұжырымдамасы, оның Жарғысы; 
- тәрбиеленушілердің дамуына бағытталған мектепішілік басқарудың 
құрылымы; 
- жоспарлау; 
- жалпы мектепішілік дәстүрлі шаралар, мектеп ұйымдарын, бірлестіктерін 
қалыптастыру; 
- нәтижені талдау және оны болашақта тәжірибеге енгізу. 
Тәрбиелік жүйе қызметі тиімділігінің сапалық көрсеткіштері: 
- тәрбиешінің, тәрбиеленушінің, ата-ананың түсінігіндегі мектеп бейнесі; 
- тәрбие жүйесінің сапалы нәтижесі – мектеп түлегі; 
- ұжымдағы психологиялық ахуал, мектептегі тәрбиеленушілер мен 
тәрбиешілердің қарым-қатынасы; 
- жүйенің әртүрлі субъектілерінің арасындағы өзара байланысы; 
- қоғамдағы мектептің беделі. 


37
Мектептердің тәрбиелік жүйесінің миссиясын жүзеге асыруға бағытталған 
және 
төмендегі бағыттарды басшылыққа алуы
қажет: 
- әлемдік деңгейде жиналған озық тәжірибеге негізделген қазақстандық 
және халықаралық құжаттамалардың деректер базасы; 
- мектептегі тәрбиелік жүйенің нақты айқындалуы; 
- тәрбие тұжырымдамасына көзделген, тәрбиеленушінің жеке тұлғалық 
ерекшелігін қалыптастыру; 
- тәрбиеленушінің өзіндік және ғылыми-тәжірибелік қызметі; 
- шынайы мамандық таңдау және кәсіптік бағдар қызметі. 
Мектептің тәрбиелік жүйесінің 6 блок-сызбадан құрылған үлгісі
11-суретте көрсетілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет